КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

    КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

    Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылдық округінде күзгі дала жұмыстары жүргізілуде. Күзгі науқан аясында егістіктегі өнімдер жиналып, қамбаға орналастырылуда. Сонымен қатар босатылған жерлер жыртылып, келесі егіс маусымына дайындық басталды.
    Төрткүлдегі «Шерхан» шаруа қожалығы биыл 20 гектар жерге пияз екті. Қазіргі таңда өнім жинау жұмыстары жүргізіліп, әр гектардан 40-50 тоннаға дейін өнім алу күтілуде.
    Шаруашылық төрағасы Дәурен Тансықбаевтың айтуынша, өнім жинау науқанына жергілікті тұрғындар тартылған.
    Қазір алқаптарда пияз жинау, өнімді тасымалдау және сақтау жұмыстары қатар жүргізілуде.
    Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары