
АСТАНАДА АҚЫДЫ ТҰРАҚТЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІUIMS PARKING ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Астана, 2026 жылғы 14 қыркүйек – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қарасты «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» (ЖҚҰО) ЖШС-не «Астана автотұрақ кеңістігі» ЖШС қосу арқылы қайта ұйымдастыру шеңберінде халыққа қызмет көрсету сапасын едәуір арттыруға бағытталған жаңа UIMS Parking мобильді қосымшасы мен веб-порталы іске қосылды.
Ресми платформа елордалық тұрақтардың цифрлық қызметтерін ыңғайлы, қолжетімді әрі ашық пайдалану үшін әзірленген.
Жаңа жүйеге өту кезінде көлік иелері үшін басты маңызды ақпарат:
- Жеңілдіктер мен абонементтердің сақталуы: Барлық қолданыстағы жеңілдік санаттары мен бұрын рәсімделген абонементтер бірыңғай деректер базасында толық сақталды. Құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ.
- Жеке шоттар: Пайдаланушылардың жеке шоттары мен баланс қалдықтары жаңа жүйеге толығымен көшірілді.
- Төлем тәсілдері мен QR-кодтар: Қолданыстағы төлем арналары мен ақпараттық тақталардағы QR-кодтар өзгеріссіз қалады.
- Төлем жасау уақыты: Ағымдағы тәуліктегі тұрақ сессиясы үшін төлемді бұрынғыша сонымен қатар сол күннің сағат 23:59 дейін жүргізуге болады.
Жаңа UIMS Parking қосымшасын App Store және Google Play-ден жүктеп алуға болады. Тұрақ аймақтарының орналасуы, ережелер мен тарифтер туралы барлық өзекті ақпарат жобаның ресми сайтында орналастырылған.
«Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС баспасөз қызметі









