ШҚО әкімі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Вадим Макарцовқа ҚР Президенті атынан марапат табыстады

    ШҚО әкімі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Вадим Макарцовқа ҚР Президенті атынан марапат табыстады

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бүгін Мемлекет басшысының атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері Вадим Макарцовқа есімі жазылған сағат пен Алғыс хат табыс етті.

    Вадим Макарцов стронгмен сайысында кілең мықты қарсыластармен бақ сынасып, қола медаль жеңіп алды. Оның бәсекелестерінің қатарында Ресей Федерациясы мен Иран спортшылары да болды.

    Аймақ басшысы спортшыға екі жылдан кейін Ресейдің Қазан қаласында өтетін кезекті Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тұғырдың ең биік сатысына көтерілуін тіледі.

    (Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары