Жаңа жылдық отшашулар мен петардалар мерекелік көңіл күй сыйлағанымен, оларды дұрыс пайдаланбау жарақат пен өртке әкелуі мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу және заңсыз саудаға жол бермеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысында «Пиротехника» жедел алдын алу шарасының бірінші кезеңі өтуде.
Полиция қызметкерлері дүкендер мен пиротехникалық бұйымдар сатылатын өзге де сауда орындарын тексеруде. Лицензиялар мен сертификаттардың болуына, сондай-ақ өнімді сақтау және сату талаптарының сақталуына ерекше назар аударылуда.
Бүгінде пиротехникалық бұйымдарды сатуға лицензиясы бар 4 заңды тұлға тексерілді. Сонымен қатар сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді көтерме жеткізушілерді анықтау мақсатында 75 іс-шара өтті. Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
Балалар арасында да профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ТЖД өкілдерімен бірлесіп, мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарында 230 дәріс өткізді. Оқушыларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше пайдаланудың қауіптілігі мен өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
Полиция тұрғындарды отшашулар мен петардаларды тек тиісті рұқсат құжаттары бар мамандандырылған сауда орындарынан сатып алуға шақырады. Мұндай өнімдерді қолдан сатып алудан және белгіленбеген орындарда саудаланатын тауарлардан аулақ болу керек. Отшашуды қолданбас бұрын нұсқаулығын мұқият оқып, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.
Облыс тұрғындары пиротехникалық бұйымдарды төмендегі мекенжайлар бойынша сатып ала алады:
Өскемен қаласы - «Улан» ЖШС – Виноградов көшесі, 17А («Дос-Нар» сауда үйі); Бажов көшесі, 33/1 («Самал» сауда үйі); Қазақстан көшесі, 62 («ADK RIVER» сауда үйі); «СТиК» ЖШС – Қ. Сәтбаев даңғылы, 51 («MAXI MALL» сауда үйі); Жібек Жолы көшесі, 1 («Магнум» сауда үйі); Бажов көшесі, 110 («АДК» сауда үйі); «PANNDA» ЖШС – Қ. Сәтбаев даңғылы, 84 («Fresh Market» сауда үйі); Риддер қаласы - «Улан» ЖШС – Тәуелсіздік көшесі, 39 («Валентина» сауда үйі); Алтай қаласы - «Алтай Салют» ЖШС – Первомайская көшесі, 23/2.
Дереккөз: ШҚО ПД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








