Бейнеуде «Жас сақшы» сыныбының оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті

    Бейнеуде «Жас сақшы» сыныбының оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті
    Боранқұл ауылындағы ІІО ардагері Жолдасқали Сатқанбаевтың атындағы «Жас сақшы» сыныбының оқушылары Бейнеу аудандық полиция бөліміне арнайы танысу сапарымен барды. Жасөспірімдерге арналып полиция қызметінің тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
    Іс-шара барысында оқушылар құқық қорғау органдарының негізгі қызмет бағыттарымен, міндеттерімен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі полицияның рөлімен кеңінен танысты. Балалар тәртіп сақшыларының күнделікті жұмыс барысын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.
    Кездесудің маңызды бөлігі ретінде ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Теміржан Тәжмұханов жас сақшылармен жүздесіп, өзінің көпжылдық тәжірибесімен бөлісті. Ардагер жас ұрпақты заңды құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға және Отанға адал қызмет етуге шақырды.
    «Жас сақшы» жобасы мектеп оқушыларының бойында ерте жастан тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруды көздейді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары