Заң мен тәртіп — білім және таңдау арқылы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Заң мен тәртіп — білім және таңдау арқылы

    Заң мен тәртіп — білім және таңдау арқылы

    Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Талап, еңбек, терең ой» атты «Не? Қайда? Кашан?» облыстық зияткерлік турнирі өтті.

    Ойын үстелдерінің басында Өскемен қаласының 20 командасы — 100-ден астам жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері бас қосты.

    Тапсырмалардың айтарлықтай бөлігі нашақорлықтың алдын алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға арналды.
    Қатысушылар есірткі және психотроптық заттарды заңсыз айналымға түсіргені үшін жауапкершілік туралы сұрақтарға жауап беріп, бұл мәселенің жастар арасында таралуына қалай жол бермеу керектігі туралы өз идеяларын ортаға салды.

    Құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қазылар алқасының құрамына ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Мәди Қалиакпаров, ШҚО прокуратурасы басқармасының прокуроры Диас Сайранқанов және «Қазақстанның халықаралық құқықтық қатынастар қоры» ҚБ директорының орынбасары Жанар Рахимбердина енді.

    Негізгі кезеңдердің қорытындысы бойынша бірден екі команда — «Әділет жастары» мен «Молодые львы» бірдей ұпай жинап, финалға шықты. Бірінші орынның тағдырын капитандардың блиц-сайысы шешті. «Әділет жастары» командасы жеңіске жетті.

    Турнир соңында қазылар алқасының мүшелері қатысушылармен жеке жауапкершілік, заңды сақтау және өз денсаулығына саналы түрде қарау мәселелерін талқылап, профилактикалық әңгіме өткізді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары