
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті, кәсібилікті және ең бастысы, адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі әрбір қызметшінің өз міндетін сапалы әрі жауапкершілікпен атқаруынан қалыптасады.
Осы тұрғыдан алғанда, Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлының еңбек жолы – кәсіби тәжірибе мен адал еңбекті ұштастырып келе жатқан мемлекеттік қызметшінің үлгісі.
Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлы 1990 жылы Талас ауданында дүниеге келген. Қаржы және банк ісі бағытында жоғары білім алған. Еңбек жолын байланыс саласынан бастап, жеке секторда және мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқарған. 2024 жылдан бастап ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.
Мемлекеттік қызметші үшін лауазым – тек мәртебе емес, ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілік. Заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, азаматтардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарау – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі.
Адалдық, әділдік, ашықтық және заңға құрмет – халық сенімін нығайтатын негізгі құндылықтар.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында да әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі маңызды. Қызметтік өкілеттікті адал пайдалану, мемлекеттік мүддені жоғары қою – мемлекеттік қызмет беделін арттырудың маңызды негізі.
Бүгінгі қоғамға білімді әрі кәсіби маманмен қатар, адамгершілік ұстанымы берік, жауапкершілігі жоғары, ел мүддесін бәрінен биік қоятын мемлекеттік қызметшілер қажет.
Әрбір адал атқарылған іс, әрбір әділ шешім және әрбір азаматқа көрсетілген сапалы қызмет – халық сенімін нығайтуға қосылған үлес.
Адал қызмет – абыройлы міндет. Мемлекетке қызмет ету – халыққа қызмет етуден басталады.









