ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

    ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

    Жуалы ауданында жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға пештер мен мұржалардың жарамдылығын тексеру, мұржаларды күйеден тазалау, жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмау және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, улы газдың қауіптілігі және газ датчиктерін орнатудың маңыздылығы айтылды. Қауіпсіздік – әр отбасының ортақ жауапкершілігі! Төтенше жағдай кезінде «112» немесе «101» нөмірлеріне хабарласыңыз.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары