ҚАУІПСІЗ МАНИКЮР МЕН ПЕДИКЮР: САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАҢЫЗ

    Маникюр мен педикюр жасау кезінде терінің зақымдануы және қанмен жанасу қаупі бар. Сондықтан құралдарды дұрыс өңдеу және санитариялық талаптарды сақтау — клиент пен маманның денсаулығын қорғаудың маңызды шарты.
    Қызмет көрсету барысында:
    • әр клиентке жеке құралдар жиынтығын пайдалану;
    • қолданылған құралдарды міндетті түрде дезинфекциялау және стерильдеу;
    • тек қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдарды пайдаланып, өндірушінің нұсқаулығын қатаң сақтау;
    • процедураға дейін және одан кейін теріні, ал зақымданған жағдайда жарақат орнын тиісті дезинфекциялық құралмен өңдеу;
    • бір рет қолданылатын шығыс материалдарын пайдалану;
    • жұмыс орнын таза ұстап, жеткілікті жарықтандыруды қамтамасыз ету;
    • әр клиенттен кейін қол мен аяққа арналған ванналарды, сондай-ақ жұмыс беттерін мұқият тазалап, дезинфекциялау қажет.
    Мамандар үшін маңызды: қанмен жанасу қаупі бар процедуралар кезінде резеңке қолғап пайдалану қажет. Қол терісіндегі кесілген, сызат түскен, жарылған және басқа да зақымданған жерлер қорғаныш құралдарымен жабылуы тиіс.
    Санитариялық талаптарды сақтау — жай ғана міндет емес, жұқпалы аурулардың алдын алуға және клиент пен маманның денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шара.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары