МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларға тапсырыс беру және оларды алу кезінде алаяқтық жағдайларының орын алып отырғанын ескертеді.

    Алаяқтар қалай әрекет етеді?

    1. Мүгедектігі бар азаматтарға телефон шалып, өздерін жеткізуші ретінде таныстырады және азамат тапсырыс бермеген тауарды жеткізу керектігін хабарлайды.

    2. Тауардың тек бір бөлігін ғана жеткізеді немесе мүлдем тапсырыс берілмеген тауарды әкеледі.

    3. Тапсырысты аяқтау сылтауымен ЭЦҚ беруді, SMS-кодты айтуды немесе жеке куәлікті ұсынуды сұрайды (құжатты суретке түсіреді).

    4. Қажетті мәліметтерді алғаннан кейін азаматтың атынан оңалту құралдарына өз бетінше тапсырыс рәсімдеп, тауар іс жүзінде жеткізілмесе немесе толық көлемде берілмесе де, тапсырыстың орындалғаны туралы белгі қояды.

    Нәтижесінде алаяқтар мемлекеттен іс жүзінде жеткізілмеген тауарлар үшін заңсыз төлем алады, ал мүгедектігі бар азаматтар өздеріне тиесілі оңалту құралдарынан қағылады.

    МАҢЫЗДЫ! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар:

    - Бейтаныс адамдарға жеке куәлігіңізді суретке түсіру немесе көшірмесін жасау үшін бермеңіз.

    - Телефоныңызға келетін SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз.

    - ЭЦҚ-ңызды және оған қол жеткізу мүмкіндігін үшінші тұлғаларға бермеңіз.

    - Тауар нақты жеткізілмесе немесе толық көлемде берілмесе, оның алынғанын растамаңыз.

    - Жеткізілген тауардың рәсімделген тапсырысқа сәйкестігін міндетті түрде тексеріңіз.

    Естеріңізде болсын! SMS-код, ЭЦҚ және жеке куәлік деректері — сіздің жеке мәліметтеріңіз және сіздің атыңыздан әрекеттерді растау құралы.

    Сақ болыңыздар! Алаяқтардың сенімдеріңізді теріс пайдаланып, сіздерге тиесілі әлеуметтік қолдау шараларынан айыруына жол бермеңіздер.

    Осы ақпаратты жақындарыңызбен және таныстарыңызбен бөлісіңіздер. Ақпараттандыру — алаяқтықтың алдын алудың маңызды жолы!

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Еңбек министрлігі «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жобасы аясында азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің жаңа тәсілін енгізуде

    «Мансап орталықтары жұмыс іздеушілерге жеке қолдау көрсетуге көшуде» Цифрлық жұмыспен қамту қызметі аясында мансап орталықтарының өтінішке негізделген жұмыс тәртібі мен бір реттік кеңес беру тәжірибесінен азаматтарға көмекті алдын ала ұсыну және оларды жұмысқа орналасқанға дейін жүйелі түрде сүйемелдеу тәсіліне көшу кө...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, оның атаулылығын арттыру және мемлекеттік ресурстарды әділ бөлуді қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жобаны іске қосады. Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдауды отбасылардың нақты материалдық жағд...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жұмыс іздеудің жаңа мүмкіндігі – онлайн жәрмеңке

    Бүгінде цифрлық технологиялар жұмыс іздеу мен жұмысқа орналасу үдерісін едәуір жеңілдетіп отыр. Соның бір дәлелі – азаматтарға үйден шықпай-ақ бос жұмыс орындарымен танысып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін TANDA.ENBEK.KZ онлайн-платформасы. Аталған платформада 2026 жылғы 9–10 қараша күнде...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстанға қоныс аудару: қандас мәртебесін алу тәртібі

    Қазақстанға көшіп келуді ойлап жүрсіз бе? Олай болса, этникалық қазақтар үшін қоныс аудару тәртібін біле жүріңіз. Бірінші қадам – өңірді таңдау. Елде қоныс аудару үшін жеті өңір белгіленген.Олар: (Ақмола облысы (Қосшы қаласын, Аршалы және Целиноград аудандарын қоспағанда), Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Берік отбасы – бақытты қоғам: Ақтөбе қаласында некеге дейінгі оқыту курстары басталды

    Ақтөбе қаласында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жаңа бастама қолға алынды. Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен некеге дейінгі тегін оқыту курстары басталды. Жоба болашақ жұбайларды отбасылық өмірге саналы түрде дайындап, жас отбасылардың берік қарым-қатынас қалыптастыруына бағытталған. Оқу бағдарл...

    ЖаңалықтарАяқталды

    eGov Mobile қосымшасындағы әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисінің жұмысына қатысты түсініктеме береді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасыныңәлеуметтікжағдайына алдын ала баға беріп, есептеу кезінде қандай мәліметтер ескерілетінін өз бетінше көр...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қаржылық қиындыққа тап болған азаматқа құқықтық қолдау көрсетілді

    Шалқар ауданының тұрғыны Жұмағұл Жылқайдар Сағынғалиұлы қаржылық қиындықтарға байланысты «Жанұя» отбасын қолдау орталығына жүгініп, несиелік берешегін заң аясында шешуге көмек сұрады. Орталық мамандары азаматтың өтінішін назарға алып, мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізді. Азаматтың өтініші негізінде орталық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді және әл-ауқатты бағалау кезінде не ескеріледі?

    Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 цифрлық жү...