eGov Mobile қосымшасындағы әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді?

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисінің жұмысына қатысты түсініктеме береді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасыныңәлеуметтікжағдайына алдын ала баға беріп, есептеу кезінде қандай мәліметтер ескерілетінін өз бетінше көре алады.

    Калькулятор тек жәрдемақы алушыларға қолжетімді. Сервис қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Оны бірнеше рет пайдалануға болады. Мысалы, енгізілген мәліметтерді тексеру немесе есептеуді қайта жүргізу үшін.

    Қосымшаға авторизациядан өткеннен кейін кейбір мәліметтер мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктеледі. Олардың қатарында пайдаланушының жынысы мен жасы, атына тіркелген жеңіл және коммерциялық көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысуы туралы ақпарат бар. Бұл деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, тек олардың өзектілігін тексеру жеткілікті.

    Ал қалған мәліметтерді азамат өзі толтырады. Атап айтқанда, өзімен бірге тұратын отбасы мүшелері, олардың жұмыспен қамтылуы, мүгедектігі немесе созылмалы ауруларының болуы, несиелері мен мүлкі туралы ақпаратты көрсету қажет.Тұрғын үй, автокөліктер мен жер учаскелері отбасының әр мүшесі бойынша жеке енгізіледі. Ал отбасының сыйақылар мен үстемеақыларды қоса алғандағы орташа айлық табысы бір жалпы сомамен көрсетіледі.

    Есептеу нәтижесі енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына тікелей байланысты. Егер отбасы мүшелерінің бірі көрсетілмесе немесе табысы мен мүлкі туралы ақпарат енгізілмесе, алдын ала бағалау нақты жағдайға сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан есептеуді бастамас бұрын отбасы құрамын және енгізілген барлық мәліметті мұқият тексеру маңызды.

    Егер калькуляторда, мысалы, сатылып кеткен автокөлік немесе өзектілігін жоғалтқан басқа мүлік көрсетілсе, мәліметтерді сервистің өзінде түзетуге болады. Алайда мұндай өзгерістер тек алдын ала есептеу үшін пайдаланылады және мемлекеттік дерекқорлардағы ресми ақпаратқа әсер етпейді.

    Ресми мәліметтерге түзету енгізу үшін eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы уәкілетті органға не тұрғылықты жері бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жүгіну қажет.

    Маңызды!Әлеуметтік желілерде таралған әл-ауқатты бағалау калькуляторларын пайдаланбауға кеңес береміз. Олар ресми сервистер қатарына жатпайды және ондағы ақпарат шынайы болмауы мүмкін. Дұрыс нәтиже алу үшін тек eGov Mobile қосымшасындағы ресми «Әл-ауқат калькуляторын» пайдаланыңыз.

    Есептеу аяқталғаннан кейін пайдаланушы алдын ала нәтижемен танысып, оған келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алады. Сонымен қатар қосымшада калькулятор жұмысына бес балдық шкала бойынша баға беріп, еркін форматта пікір қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл азаматтардың пікірін ескеріп, сервистің сапасын арттыруға ықпал етеді.

    Осы тұста алдын ала есептеу мен жәрдемақы тағайындау туралы ресми шешімнің аражігін ажырата білу маңызды. Калькулятор тек ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие. Онда көрсетілген нәтиже жәрдемақының тағайындалатынын, мөлшері өзгеретінін немесе төлемнің тоқтатылатынын білдірмейді.

    Нәтижеге келісу немесе келіспеу, сервиске баға беру және пікір қалдыру жәрдемақыны тағайындауға, оның мөлшеріне немесе төлемнің жалғасуына ешқандай әсер етпейді. Калькуляторды пайдалану жәрдемақыдан бас тарту туралы өтініш болып саналмайды және төлемді тоқтатуға немесе уақытша тоқтата тұруға негіз бола алмайды.

    Осылайша, калькулятор отбасының әл-ауқатына алдын ала баға беруге, бастапқы мәліметтерді тексеруге және қажет болған жағдайда есептеуді қайта жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте әлеуметтік қолдау шараларын тағайындаудың заңнамада белгіленген тәртібі өзгеріссіз қалады.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қаржылық қиындыққа тап болған азаматқа құқықтық қолдау көрсетілді

    Шалқар ауданының тұрғыны Жұмағұл Жылқайдар Сағынғалиұлы қаржылық қиындықтарға байланысты «Жанұя» отбасын қолдау орталығына жүгініп, несиелік берешегін заң аясында шешуге көмек сұрады. Орталық мамандары азаматтың өтінішін назарға алып, мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізді. Азаматтың өтініші негізінде орталық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді және әл-ауқатты бағалау кезінде не ескеріледі?

    Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 цифрлық жү...

    ХабарландыруАяқталды

    Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.Осыған байланысты Ақтөбе облысының тұрғындарына ақпараттық-консультациялық көмек көрсету мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді.Call-орталықтардың жұмыс кестесі:Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 1...

    ХабарландыруАяқталды

    Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығы отбасын құруды жоспарлап жүрген жұптарды, сондай-ақ жас отбасыларды тегін оқыту курстарына шақырады

    Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығы отбасын құруды жоспарлап жүрген жұптарды, сондай-ақ жас отбасыларды тегін оқыту курстарына шақырады. Курс бағдарламасы: - Отбасындағы серіктестік пен жауапкершілік- Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау- Құқықтық және қаржылық сауаттылық- Эмоционалдық интеллект және қар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мемлекеттік қолдау – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол

    Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, жастарға еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу және сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту – мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда Мәртөк аудандық Мансап орталығы арқылы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары өз нәтижесін көрсетіп кел...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Еңбек министрлігі әлеуметтік аударымдарды тексеру тәртібін түсіндіреді

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыскерлер жұмыс берушінің өздері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік аударымдарды аударып отырғанын өз бетінше тексере алатынын еске салады. Бұл туралы мәліметтерді eGov.kz порталы, жекелеген банктердің мобильді қосымшалары ар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    SKILLS ENBEK – кәсіби дамуға бастар жол

    Бүгінде жаңа мамандық игеру немесе кәсіби біліктілікті арттыру үшін міндетті түрде оқу орнына барудың қажеті жоқ. Skills Enbek платформасы тұрғындарға үйден шықпай-ақ жаңа білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Платформада әртүрлі бағыттағы онлайн курстар ұсынылған. Азаматтар өз...

    ҚұттықтауАяқталды

    Ақтөбе өңірінде әлеуметтік мекемелерге қаржылай қолдау көрсетілді

    Ақтөбе облысында әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жаңа қолдау шарасы қолға алынды. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай өңірдегі бес әлеуметтік мекемеге қажетті жабдықтар сатып алу үшін жалпы құны 55 миллион теңгені құрайтын сертификат табыста...