Еңбек министрлігі әлеуметтік аударымдарды тексеру тәртібін түсіндіреді

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыскерлер жұмыс берушінің өздері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік аударымдарды аударып отырғанын өз бетінше тексере алатынын еске салады. Бұл туралы мәліметтерді eGov.kz порталы, жекелеген банктердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ ХҚКО-ға немесе Қордың филиалына жеке жүгіну арқылы алуға болады.

    Әлеуметтік аударымдардың уақтылы әрі толық төленуі жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуында маңызды рөл атқарады. Осы аударымдар негізінде адамның табысы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығы ескеріледі. Бұл көрсеткіштер тиісті әлеуметтік төлемдерді алу құқығын айқындау және олардың мөлшерін есептеу үшін қажет.

    Жалпы тәртіп бойынша жұмыс берушілер жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдарды өз қаражаты есебінен төлейді. Ол жұмыскердің жалақысынан ұсталмайды. Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі заңнамаға сәйкес оларды есептеу үшін қабылданатын табыстың 5%-ын құрайды. Аударымдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

    Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі еңбекке қабілеттіліктен айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табыстан айырылу жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуды көздейді. Жүйеге қатысушы қайтыс болған жағдайда, заңнамада белгіленген талаптар сақталған кезде оның асырауындағы отбасы мүшелері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқылы.

    Әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік тәуекелдің түріне, әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс мөлшеріне және жүйеге қатысу ұзақтығын қоса алғанда, заңнамада көзделген өзге де өлшемшарттарға байланысты айқындалады.

    Аударымдарды тексеру үшін eGov.kz порталында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру» қызметін пайдалану қажет. Ол үшін пайдаланушы қажетті мәліметтер қамтылатын кезеңді таңдап, электрондық сұрау салуды жолдайды. Нәтижені жеке кабинеттен көруге болады.

    Сондай-ақ мәліметтерді жекелеген банктердің мобильді қосымшаларындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен алуға болады. ХҚКО-ға немесе МӘСҚ филиалына жүгінген кезде жеке басты куәландыратын құжатты көрсету қажет. Бұл ақпарат аударылған сомалар мен қаражат түскен кезеңдерді тексеруге мүмкіндік береді.

    Егер жекелеген айлар бойынша әлеуметтік аударымдар түспегені анықталса немесе олардың мөлшеріне қатысты сұрақтар туындаса, мәліметтерді салыстырып тексеру үшін жұмыс берушіге немесе бухгалтерияға жүгіну қажет. Жұмыс беруші әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған жағдайда, жұмыскер олардың толық әрі уақтылы аударылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беруге құқылы.

    Әлеуметтік төлемдерге қатысты кеңесті МӘСҚ филиалдарынан және 1414 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады. Әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде тексеру олардың уақытылы түспеуін немесе мәліметтердегі сәйкессіздіктерді дер кезінде анықтап, әлеуметтік тәуекел туындағанға дейін тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мемлекеттік қолдау – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол

    Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, жастарға еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу және сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту – мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда Мәртөк аудандық Мансап орталығы арқылы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары өз нәтижесін көрсетіп кел...

    ЖаңалықтарАяқталды

    SKILLS ENBEK – кәсіби дамуға бастар жол

    Бүгінде жаңа мамандық игеру немесе кәсіби біліктілікті арттыру үшін міндетті түрде оқу орнына барудың қажеті жоқ. Skills Enbek платформасы тұрғындарға үйден шықпай-ақ жаңа білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Платформада әртүрлі бағыттағы онлайн курстар ұсынылған. Азаматтар өз...

    ҚұттықтауАяқталды

    Ақтөбе өңірінде әлеуметтік мекемелерге қаржылай қолдау көрсетілді

    Ақтөбе облысында әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жаңа қолдау шарасы қолға алынды. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай өңірдегі бес әлеуметтік мекемеге қажетті жабдықтар сатып алу үшін жалпы құны 55 миллион теңгені құрайтын сертификат табыста...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жұмысқа орналасқан кездегі сынақ мерзімі: қызметкер нені білуі керек?

    Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкердің кәсіби біліктілігін және тапсырылған жұмысты атқара алатынын бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Бірақ сынақ мерзімі кезінде де азаматтардың еңбек құқықтары толық сақталуға тиіс. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, сынақ мерзімі туралы талап еңбек...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Шұбарқұдықта ашылған оңалту орталығы 6 ауданның балаларына қызмет көрсетеді

    Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Ainala» оңалту орталығында енді Темір ауданымен қатар Алға, Мұғалжар, Қобда, Ойыл және Байғанин аудандарының тірек-қимыл аппараты бұзылған, психоневрологиялық патологиялары, оның ішінде аутизм спектрінің бұзылыстары бар балал...

    Іс - шараАяқталды

    Ақтөбеде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері кәсіби мерекеге орай мемлекеттік наградаларға ие болды

    «Мейіріммен өрілген мерейлі еңбек» атты салтанатты шара Өнер орталығы ғимаратында өтті. Оған облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Сондай-ақ мерекелік жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері, сала ардагерлері мен мамандары, өндірістік компаниялардың жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жұмыс беруші қызметкерге жұмысқа кешіккені немесе қателік жібергені үшін айыппұл сала ала ма?

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерден еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауды және өз міндеттерін тиісінше орындауды талап етуге құқылы. Алайда жұмысқа кешіккені, жұмыста қателік жібергені немесе басқа да тәртіп бұзушылықтар үшін ақшалай айыппұл салу заңнамада...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қарғалы ауданында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту нәтижесінде 19 азамат тұрақты жұмысқа орналасты

    Қарғалы ауданында жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту және тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Басты назар – сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту арқылы тұрғындардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оларды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Осы бағыттағы н...