Жұмысқа орналасқан кездегі сынақ мерзімі: қызметкер нені білуі керек?

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкердің кәсіби біліктілігін және тапсырылған жұмысты атқара алатынын бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Бірақ сынақ мерзімі кезінде де азаматтардың еңбек құқықтары толық сақталуға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, сынақ мерзімі туралы талап еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі керек. Егер еңбек шартында мұндай талап болмаса, қызметкер сынақ мерзімінсіз жұмысқа қабылданған болып есептеледі.

    Әдетте сынақ мерзімі үш айдан аспауы қажет. Ал кейбір қызметкерлер үшін, атап айтқанда ұйым басшылары мен олардың орынбасарларына, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің басшыларына алты айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.

    Ең бастысы, қызметкер жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап заңда көзделген барлық негізгі еңбек құқықтары мен кепілдіктеріне ие болады.

    Атап айтқанда, сынақ мерзімі кезінде қызметкердің:

    • жалақысын уақытылы әрі толық көлемде алуға;
    • белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс тәртібінің сақталуына;
    • қауіпсіз еңбек жағдайында жұмыс істеуге;
    • еңбек заңнамасында қарастырылған әлеуметтік кепілдіктерді пайдалануға;
    • еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.

    Сынақ мерзімі кезінде жұмыс беруші жалақыны азайта ала ма?

    Сынақ мерзімінің белгіленуі жалақыны азайтуға негіз бола алмайды. Еңбекақының мөлшері еңбек шартында көрсетіледі және заң талаптарына сай болуы керек.

    Мәселен, азамат жұмысқа үш айлық сынақ мерзімімен қабылданса, жұмыс беруші оның сынақтан өтіп жатқанына сілтеме жасап, жалақысын өз бетінше азайта алмайды. Еңбекақы мөлшерін өзгеше белгілеу үшін заңды негіз болуы және бұл талап еңбек шартында көрсетілуі қажет.

    Сынақ мерзімінен өте алмаса, қызметкерді жұмыстан шығаруға бола ма?

    Егер сынақ нәтижесі бойынша жұмыс беруші қызметкердің тапсырылған жұмысқа сәйкес келмейді деген қорытындыға келсе, еңбек шартын заңда белгіленген тәртіппен бұза алады.

    Бұл ретте жұмыс беруші қызметкерге еңбек шартын бұзатынын алдын ала хабарлап, сынақ нәтижесінің неліктен қанағаттанарлықсыз деп танылғанын түсіндіруге міндетті.

    Яғни сынақ мерзімінде жүрген қызметкерді жұмыс беруші өз қалауынша, ешқандай себеп түсіндірместен және заңда белгіленген тәртіпті сақтамай жұмыстан шығара алмайды.

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сынақ мерзімі ресми еңбек қатынастарының бір бөлігі екенін еске салады. Осы кезеңде де қызметкердің еңбек құқықтары мен заңда көзделген кепілдіктері толық сақталады.

    Сондықтан жұмысқа орналасар алдында еңбек шартын мұқият оқып шығу қажет. Әсіресе сынақ мерзімінің ұзақтығына, жалақы мөлшеріне және еңбек жағдайларына қатысты талаптарға назар аударған жөн.

    Өзінің еңбек құқықтарын білу қызметкерге заң бұзушылықтардың алдын алуға және жұмысқа орналасу кезінде өз мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    eGov Mobile қосымшасындағы әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисінің жұмысына қатысты түсініктеме береді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасыныңәлеуметтікжағдайына алдын ала баға беріп, есептеу кезінде қандай мәліметтер ескерілетінін өз бетінше көр...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қаржылық қиындыққа тап болған азаматқа құқықтық қолдау көрсетілді

    Шалқар ауданының тұрғыны Жұмағұл Жылқайдар Сағынғалиұлы қаржылық қиындықтарға байланысты «Жанұя» отбасын қолдау орталығына жүгініп, несиелік берешегін заң аясында шешуге көмек сұрады. Орталық мамандары азаматтың өтінішін назарға алып, мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізді. Азаматтың өтініші негізінде орталық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді және әл-ауқатты бағалау кезінде не ескеріледі?

    Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 цифрлық жү...

    ХабарландыруАяқталды

    Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.Осыған байланысты Ақтөбе облысының тұрғындарына ақпараттық-консультациялық көмек көрсету мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді.Call-орталықтардың жұмыс кестесі:Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 1...

    ХабарландыруАяқталды

    Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығы отбасын құруды жоспарлап жүрген жұптарды, сондай-ақ жас отбасыларды тегін оқыту курстарына шақырады

    Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығы отбасын құруды жоспарлап жүрген жұптарды, сондай-ақ жас отбасыларды тегін оқыту курстарына шақырады. Курс бағдарламасы: - Отбасындағы серіктестік пен жауапкершілік- Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау- Құқықтық және қаржылық сауаттылық- Эмоционалдық интеллект және қар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мемлекеттік қолдау – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол

    Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, жастарға еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу және сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту – мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда Мәртөк аудандық Мансап орталығы арқылы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары өз нәтижесін көрсетіп кел...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Еңбек министрлігі әлеуметтік аударымдарды тексеру тәртібін түсіндіреді

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыскерлер жұмыс берушінің өздері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік аударымдарды аударып отырғанын өз бетінше тексере алатынын еске салады. Бұл туралы мәліметтерді eGov.kz порталы, жекелеген банктердің мобильді қосымшалары ар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    SKILLS ENBEK – кәсіби дамуға бастар жол

    Бүгінде жаңа мамандық игеру немесе кәсіби біліктілікті арттыру үшін міндетті түрде оқу орнына барудың қажеті жоқ. Skills Enbek платформасы тұрғындарға үйден шықпай-ақ жаңа білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Платформада әртүрлі бағыттағы онлайн курстар ұсынылған. Азаматтар өз...