Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді және әл-ауқатты бағалау кезінде не ескеріледі?

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік береді.

    Бүгінде жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 цифрлық жүйедегі мәліметті пайдаланаотырып, қажетті ақпараттыавтоматты түрде жинақтайды.

    Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы отбасының жағдайын екі негізгі бағытматериалдық әл-ауқаты мен өмірлік жағдайлары бойынша бағалайды

    Материалдық әл-ауқатты бағалау кезінде отбасының активтері, атап айтқанда, тұрғын үй, автокөлік, жер учаскесі және коммерциялық жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы, кәсіпкерлік қызметке қатысуы, сондай-ақ кредиттік жүктемесі ескеріледі. Бұл ретте мүліктің бар-жоғы ғана емес, оның сипаттамалары да маңызды рөл атқарады. Мәселен, пәтер, автокөлік немесе шағын жер учаскесінің болуы отбасының нақты ауқатты екенін білдірмейді.

    Сонымен қатар жүйе отбасы мүшелерінің жасын, балалары, мүгедектігі бар және созылмалы аурулары бар адамдардың болуын, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайына әсер етуі мүмкін өзге де өмірлік мән-жайларды ескереді.

    Мысалы, екі отбасының табысы бірдей болғанымен, олардың тұрмыс жағдайы әртүрлі болуы мүмкін. Бір отбасында ата-ананың екеуі де жұмыс істесе, екіншісінде барлық отбасы мүшесінасырайтынтек бір адам. Оның үстіне отбасында кішкентай балалар немесе қосымша күтім мен шығынды қажет ететін мүгедектігі бар адамдардыңболуыда отбасы деңгейін анықтауда назарға алынады

    Сондықтан Отбасының цифрлық картасы отбасылардың әл-ауқатын бағалау кезінде тек табысын ғана емес, сонымен бірге мүлкін, отбасы құрамын және өмірлік жағдайларын даескереді

    Жинақталған деректер негізінде отбасының әл-ауқат деңгейі санаттардың бірі бойынша айқындалады: жоғары, ауқатты, қанағаттанарлық, экономикалық осал немесе экономикалық және әлеуметтік осал.

    Бұл ретте бағалау цифрлық жүйелерден түсетін жаңартылған мәліметтер негізінде тұрақты түрде жүргізіледі.

    Отбасының цифрлық картасының басты мақсаты – әр отбасының нақты жағдайын барынша дәл бағалап, оның өмірлік мән-жайларын ескере отырып, қажетті әлеуметтік қолдауды ұсыну.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    eGov Mobile қосымшасындағы әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисінің жұмысына қатысты түсініктеме береді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасыныңәлеуметтікжағдайына алдын ала баға беріп, есептеу кезінде қандай мәліметтер ескерілетінін өз бетінше көр...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қаржылық қиындыққа тап болған азаматқа құқықтық қолдау көрсетілді

    Шалқар ауданының тұрғыны Жұмағұл Жылқайдар Сағынғалиұлы қаржылық қиындықтарға байланысты «Жанұя» отбасын қолдау орталығына жүгініп, несиелік берешегін заң аясында шешуге көмек сұрады. Орталық мамандары азаматтың өтінішін назарға алып, мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізді. Азаматтың өтініші негізінде орталық...

    ХабарландыруАяқталды

    Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.Осыған байланысты Ақтөбе облысының тұрғындарына ақпараттық-консультациялық көмек көрсету мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді.Call-орталықтардың жұмыс кестесі:Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 1...

    ХабарландыруАяқталды

    Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығы отбасын құруды жоспарлап жүрген жұптарды, сондай-ақ жас отбасыларды тегін оқыту курстарына шақырады

    Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығы отбасын құруды жоспарлап жүрген жұптарды, сондай-ақ жас отбасыларды тегін оқыту курстарына шақырады. Курс бағдарламасы: - Отбасындағы серіктестік пен жауапкершілік- Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау- Құқықтық және қаржылық сауаттылық- Эмоционалдық интеллект және қар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мемлекеттік қолдау – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол

    Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, жастарға еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу және сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту – мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда Мәртөк аудандық Мансап орталығы арқылы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары өз нәтижесін көрсетіп кел...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Еңбек министрлігі әлеуметтік аударымдарды тексеру тәртібін түсіндіреді

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыскерлер жұмыс берушінің өздері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік аударымдарды аударып отырғанын өз бетінше тексере алатынын еске салады. Бұл туралы мәліметтерді eGov.kz порталы, жекелеген банктердің мобильді қосымшалары ар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    SKILLS ENBEK – кәсіби дамуға бастар жол

    Бүгінде жаңа мамандық игеру немесе кәсіби біліктілікті арттыру үшін міндетті түрде оқу орнына барудың қажеті жоқ. Skills Enbek платформасы тұрғындарға үйден шықпай-ақ жаңа білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Платформада әртүрлі бағыттағы онлайн курстар ұсынылған. Азаматтар өз...

    ҚұттықтауАяқталды

    Ақтөбе өңірінде әлеуметтік мекемелерге қаржылай қолдау көрсетілді

    Ақтөбе облысында әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жаңа қолдау шарасы қолға алынды. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай өңірдегі бес әлеуметтік мекемеге қажетті жабдықтар сатып алу үшін жалпы құны 55 миллион теңгені құрайтын сертификат табыста...