Еңбек министрлігі «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жобасы аясында азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің жаңа тәсілін енгізуде

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    «Мансап орталықтары жұмыс іздеушілерге жеке қолдау көрсетуге көшуде»

    Цифрлық жұмыспен қамту қызметі аясында мансап орталықтарының өтінішке негізделген жұмыс тәртібі мен бір реттік кеңес беру тәжірибесінен азаматтарға көмекті алдын ала ұсыну және оларды жұмысқа орналасқанға дейін жүйелі түрде сүйемелдеу тәсіліне көшу көзделген.

    Жаңа тәсілдің негізгі бағыттарының бірі – жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қажет ететін азаматтарды олардың мансап орталықтарына өз бетінше жүгінуін күтпей-ақ анықтау.

    Ол үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде жұмыс іздеуі мүмкін азаматтар айқындалып, оларға жұмысқа орналасуға көмек ұсынылады.

    Мұндай көмекті жұмыс іздеушілер Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы ала алады.

    Азаматтың келісімімен оның білімі, еңбек өтілі мен кәсіби дағдылары туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық түйіндеме автоматты түрде қалыптастырылады.

    Жасанды интеллект технологиялары азаматтың біліктілігіне сәйкес келетін бос жұмыс орындарыніріктеп, жеке ұсынымдар әзірлейді.

    ЖИ-көмекшіұялы телефон арқылы диалог форматында азаматтармен өзара байланысорнатадыЖұмыс іздеушіоғанөзінің қалауы мен талаптарын жеткізіп, еңбек жағдайларын нақтылай алады, сондай-ақ бос жұмыс орындары, оқыту мүмкіндіктері және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де мемлекеттік шаралары бойынша жеке ұсынымдар ала алады.

    Жаңа тәсіл тек цифрлық құралдар арқылы бос жұмыс орындарын іріктеумен шектелмейді.

    Бұл реттемансап орталықтарының мамандарына маңызды рөл жүктелген. Олар азаматтарға ұсынылған мүмкіндіктерді пайдалануға көмектесіп, жұмыс іздеу барысының әр кезеңінде қолдау көрсетеді.

    Жұмыс іздеушіге кеңес беріп, сүйемелдеу, түйіндеме әзірлеуге, бос жұмыс орындарына өтінім беруге және жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектесу –мамандарға жүктелген басты міндет. Егер азамат жұмысқа орналаса алмаса, оның себептерін анықтап,әрі қарайәрекеттерді бірге жоспарлайды. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарын іздеуді жалғастыру, түйіндемені жетілдіру немесе келесісұхбаттасуғадайындалу бойынша көмек көрсетіледі.

    Осындай жұмысты жүйелі ұйымдастыру үшін министрлік азаматтарды мамандарға бекітуге, өткізілген консультациялар тарихын жүргізуге, алдағы іс-шараларды жоспарлауға және сүйемелдеу нәтижелерін бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды енгізуде.

    Цифрлық жұмыспен қамту қызметі жобасы 2026 жылғы шілдеден бастап Павлодар және Маңғыстау облыстарында іске асырылуда.Осыкезеңде 59,2 мың азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдемдесушаралары ұйымдастырылды. Бүгінде жоба аясында 7,5 мың адам жұмысқа орналасты.

    2026 жылдың соңына дейін министрлік Цифрлық жұмыспен қамту қызметін еліміздің барлық өңіріне кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.

    Жаңа тәсіл жекелеген қызметтер көрсетуден азаматты кешенді сүйемелдеуге көшуге бағытталған. Бұл ретте цифрлық мүмкіндіктер мен мансап орталықтары мамандарының жұмысы өзара толықтырылып, түпкілікті нәтижеге – азаматтарды жұмысқа орналастыруға негіз болады.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жаңа жұмыс іздеу кезеңіндегі қаржылық қолдау: әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай көмектеседі?

    Жұмыс орнын ауыстыру немесе белгілі бір уақыт аралығында жұмыссыз қалу – әр адамның өмірінде кездесуі мүмкін жағдай. Осындай кезеңде әлеуметтік сақтандыру жүйесі азаматтарға қаржылай қолдау көрсетіп, жаңа жұмысқа орналасқанға дейінгі уақытты еңсеруге көмектеседі.Ресми түрде жұмыс істейтін азаматтарға Мемлекеттік әлеуме...

    ЖаңалықтарАяқталды

    АРМАННАН – ЖЕКЕ КӘСІПКЕ

    Сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, еңбегінің жемісін көріп отырған жандардың жетістігі – қоғам үшін қашанда үлгі. Осындай өз ісін дөңгелетіп, кәсіпкерлік саласында алғашқы қадамын нық басқан азаматтардың бірі – Шалқар ауданының тұрғыны Избаева Айгүл Кенжегариевна. Ол 2025 жылдың қыркүйек айында Мансап орталығы арқылы мем...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ

    Интернет кеңістігінде әлеуметтік жәрдемақылардың күшін жою немесе мөлшерін қысқарту, сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік қолдаудан айыру туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Мемлекеттің басты ұстанымы – азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық орындау. Жүргізіліп жатқан жұмыстар әлеуметтік қолдау...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем: мемлекет болашақ аналарды қалай қорғайды және қолдайды?

    Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер жүктілік пен босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) біржолғы әлеуметтік төлем алуға құқылы.Бұл тетік Қор тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаудың арқасында болашақ аналарға...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Әлеуметтік қорғау – артық шығынсыз: қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

    Әлеуметтік сақтандыру – ресми түрде жұмыс істейтін әрбір азаматтың әлеуметтік қорғалуының маңызды тетігі.Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмысшылардың да, кәсіпкерлердің де мүддесін ескере отырып құрылған. Оның басты қағидаты – мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы ортақ жауапкершілік.Қар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мұғалжар ауданында жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде

    Халықты жұмыспен қамту – мемлекеттің басты әлеуметтік саясаттарының бірі. Тұрақты жұмыс халықтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жол ашады. Осы бағытта Мұғалжар ауданында жұмыссыздықты азайту және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бір нәтижесі – ауд...

    ЖаңалықтарАяқталды

    2027 жылдан бастап жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу тәртібі қалай өзгереді?

    Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемге қатысты Әлеуметтік кодекстегі негізгі өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл өзгерістердің мақсаты – азаматтарға тезірек тұрақты жұмыс табуға көмектесу. Әлеуметтік төлемді алудың негізгі кезеңдер...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді және пайдаланушылар нені білуі керек?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» цифрлық сервисінің жұмыс тәртібін еске салады. Бұл құрал тек әлеуметтік жәрдемақы алушыларға өз отбасының материалдық жағдайын алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін сервис барынша оңайланлырыл...