Жаңа жұмыс іздеу кезеңіндегі қаржылық қолдау: әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай көмектеседі?

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Жұмыс орнын ауыстыру немесе белгілі бір уақыт аралығында жұмыссыз қалу – әр адамның өмірінде кездесуі мүмкін жағдай. Осындай кезеңде әлеуметтік сақтандыру жүйесі азаматтарға қаржылай қолдау көрсетіп, жаңа жұмысқа орналасқанға дейінгі уақытты еңсеруге көмектеседі.
    Ресми түрде жұмыс істейтін азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалады. Ол азаматқа бұрынғы жұмыстан босап, жаңа жұмысқа орналасқанға дейінгі кезеңде қаржылық қолдау көрсетуді көздейді.

    Қазіргі жүйе қалай жұмыс істейді?
    2026 жылдың соңына дейін бұл төлемді тағайындаудың қолданыстағы тәртібі сақталады.
    Негізгі шарт – жұмыссыз ретінде ресми тіркелу. Ол үшін азамат Мансап орталығына, eGov.kz порталына немесе Enbek.kz Электрондық еңбек биржасына жүгіне алады.
    Әлеуметтік аударымдары кемінде 6 ай бойы төленген жүйе қатысушыларына тағайындалатын төлемнің мөлшері соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 45%-ын құрайды.
    Төлемнің мөлшері мен ұзақтығы азаматтың жүйеге қатысу өтіліне байланысты. Қолдау көрсетілетін кезеңде азамат Мансап орталығының көмегімен жаңа жұмыс іздеуді жалғастырады.

    2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді және бұл не үшін қажет?
    Жаңа жылдан бастап жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүйесін жетілдіруге бағытталған Әлеуметтік кодекстің жаңартылған нормалары күшіне енеді.
    Өзгерістердің басты мақсаты – қаржылай қолдауды жұмыс іздеуге бағытталған белсенді шаралармен ұштастыра отырып, азаматтардың еңбек қызметіне мүмкіндігінше тезірек оралуына жағдай жасау.

    2027 жылдан бастап енгізілетін негізгі үш өзгеріске тоқталайық.
    1. Мансап орталығының рөлі күшейеді.
    Жұмыс іздеуші мәртебесінде болу мерзімі 13 күнтізбелік күнді құрайды.
    Осы уақыт ішінде Мансап орталығының мамандары үміткердің еңбек тәжірибесін жан-жақты зерделеп, оған жеке іріктелген бос жұмыс орындарын ұсынады және жұмыс берушілермен сұхбаттасудан өтуін ұйымдастырады.
    Егер 13 күн ішінде лайықты жұмыс табылмаса, азаматқа жұмыссыз мәртебесі беріліп, Қордан әлеуметтік төлем тағайындалады. Бұл ретте бос жұмыс орындарын іріктеу және тегін қайта даярлау шаралары жалғаса береді. Аталған жаңа тәртіп бойынша жоба 2026 жылғы 1 қазаннан бастап пилоттық режимде іске асырылып жатыр.
    2. Төлем алу кезеңі жаңарады.
    2027 жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматқа әлеуметтік төлем жұмыс іздеу кезеңінде жүйеге қатысу өтіліне қарай 3 айға дейін:
    - 6 айдан 12 айға дейін – 1 айға;
    - 12 айдан 24 айға дейін – 2 айға;
    - 24 ай және одан көп болса – 3 айға тағайындалады.
    3. Қаржылай қолдаудың ең жоғары мөлшері артады.
    2027 жылғы 1 қаңтардан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Оған сәйкес Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері де автоматты түрде артып, айына 346,5 мың теңгеге дейін жетеді.

    Мансап орталығы азаматтың әлеуметтік төлем алып-алмайтынына қарамастан, оны жұмысқа орналастыру жолдарын тұрақты түрде қарастыратынын біле жүріңіз.
    Жыл басынан бері өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 626,9 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 114,3 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда, 110,1 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды.
    Skills.enbek.kz платформасындағы курстардан 60,5 мың адам өтті, ал «Бастау Бизнес» жобасы аясында 37,3 мың адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Сонымен қатар 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 3,2 мың грант берілді.
    Жастарға арналған «Mansap Kompasy» кәсіби бағдар беру платформасы іске қосылды. Павлодар және Маңғыстау облыстарында жасанды интеллект негізіндегі Цифрлық жұмыспен қамту қызметі пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен 7,5 мың адам автоматты түрде жұмысқа орналастырылды.

    Цифрлық қызметтерге сұраныс артып келеді
    2026 жылдың 10 айындағы көрсеткіштер қызметтерді электрондық форматта алу азаматтар үшін қолайлы екенін дәлелдеді.
    Осы кезеңде 367 мың адам жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы 128 млрд теңгені құрады.
    Төлем тағайындауға өтініш берген азаматтардың 99,3%-ға жуығы рәсімдеу үшін электрондық арналарды пайдаланған.
    Осылайша, жаңартылған жүйе азаматтарға қаржылай қолдау көрсетумен қатар, жұмысқа орналасуға жеке көмек ұсынуды көздейді. Бұл қазақстандықтарға еңбек жолындағы өзгерістер кезеңінен сенімді өтуге және жаңа жұмыс орнын табуға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    АРМАННАН – ЖЕКЕ КӘСІПКЕ

    Сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, еңбегінің жемісін көріп отырған жандардың жетістігі – қоғам үшін қашанда үлгі. Осындай өз ісін дөңгелетіп, кәсіпкерлік саласында алғашқы қадамын нық басқан азаматтардың бірі – Шалқар ауданының тұрғыны Избаева Айгүл Кенжегариевна. Ол 2025 жылдың қыркүйек айында Мансап орталығы арқылы мем...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ

    Интернет кеңістігінде әлеуметтік жәрдемақылардың күшін жою немесе мөлшерін қысқарту, сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік қолдаудан айыру туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Мемлекеттің басты ұстанымы – азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық орындау. Жүргізіліп жатқан жұмыстар әлеуметтік қолдау...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем: мемлекет болашақ аналарды қалай қорғайды және қолдайды?

    Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер жүктілік пен босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) біржолғы әлеуметтік төлем алуға құқылы.Бұл тетік Қор тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаудың арқасында болашақ аналарға...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Әлеуметтік қорғау – артық шығынсыз: қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

    Әлеуметтік сақтандыру – ресми түрде жұмыс істейтін әрбір азаматтың әлеуметтік қорғалуының маңызды тетігі.Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмысшылардың да, кәсіпкерлердің де мүддесін ескере отырып құрылған. Оның басты қағидаты – мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы ортақ жауапкершілік.Қар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мұғалжар ауданында жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде

    Халықты жұмыспен қамту – мемлекеттің басты әлеуметтік саясаттарының бірі. Тұрақты жұмыс халықтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жол ашады. Осы бағытта Мұғалжар ауданында жұмыссыздықты азайту және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бір нәтижесі – ауд...

    ЖаңалықтарАяқталды

    2027 жылдан бастап жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу тәртібі қалай өзгереді?

    Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемге қатысты Әлеуметтік кодекстегі негізгі өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл өзгерістердің мақсаты – азаматтарға тезірек тұрақты жұмыс табуға көмектесу. Әлеуметтік төлемді алудың негізгі кезеңдер...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді және пайдаланушылар нені білуі керек?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» цифрлық сервисінің жұмыс тәртібін еске салады. Бұл құрал тек әлеуметтік жәрдемақы алушыларға өз отбасының материалдық жағдайын алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін сервис барынша оңайланлырыл...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Болашақ мамандыққа бастар қадам: Хромтау ауданында Skills Enbek платформасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

    Бүгінгі таңда заман талабына сай білім алып, жаңа дағдыларды меңгеру – болашаққа жасалған маңызды қадам. Әсіресе, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды ерте бастан танып, кәсіби бағыт-бағдарды айқындау жастар үшін аса маңызды. Осы мақсатта Хромтау ауданында Skills Enbek онлайн оқыту платформасының мүмкіндіктерін к...