2027 жылдан бастап жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу тәртібі қалай өзгереді?

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемге қатысты Әлеуметтік кодекстегі негізгі өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл өзгерістердің мақсаты – азаматтарға тезірек тұрақты жұмыс табуға көмектесу.

    Әлеуметтік төлемді алудың негізгі кезеңдеріне тоқталып өтсек.

    Бірінші қадам – мансап орталығына жүгіну және бос жұмыс орындарын іріктеу

    Егер жұмысыңыздан айырылсаңыз, жұмысқа орналасуға көмек алу үшін алдымен мансап орталығына жүгініңіз.

    2026 жылғы 1 қазаннан бастап «жұмыс іздеп жүрген адам» мәртебесінде болу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылды. Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары кәсіби тәжірибеңіз бен дағдыларыңызды жан-жақты зерделейді. Содан кейін өзіңізге лайықты бос жұмыс орындарын іріктеп, жұмыс берушілермен сұхбаттасуды ұйымдастырады.

    Екінші қадамжұмыссыз мәртебесін алу

    Егер 13 күн ішінде лайықты жұмыс табылмаса, сізге ресми түрде жұмыссыз мәртебесі беріледі.

    Мансап орталығы сізге лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді жалғастырады. Қажет болса, мамандар кәсіптік оқыту орталығында қысқа мерзімді оқудан өтуді ұсынады.

    Үшінші қадам – әлеуметтік төлемге өтініш беру

    Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін әлеуметтік төлем тағайындауға өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш бере аласыз.

    Өтінішті eGov.kz порталы, Электрондық еңбек биржасы (Enbek.kz) немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

    Ұ ялы телефоныңызға келген SMS-хабарлама арқылы проактивті қызметті де пайдалана аласыз. Бұдан бөлек, м ансап орталығына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне барып, өтініш бере аласыз.

    Әлеуметтік төлем алуыңызға қарамастан, мансап орталығы сізге лайықты жұмыс іздеуді жалғастыра беретінін ұмытпаңыз.

    Төртінші қадамтөлемнің мерзімі мен мөлшерін есептеу

    2027 жылдан бастап әлеуметтік төлем белсенді түрде жұмыс іздеу кезеңіне тағайындалады. Төлем алу мерзімі әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліңізге байланысты және 3 айдан аспайды.

    Төлем мөлшері соңғы екі жылдағы орташа айлық табысыңыздың 45 пайызын құрайды. Есепке алынатын орташа айлық табыстың шекті мөлшері ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспайды.

    Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін өседі. Ә леуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері де автоматты түрде айына 346,5 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

    Маңыздыақпарат. Бұрынғыдай, бұл әлеуметтік төлемді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар ғана алуға құқылы.

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы өзгерістерді түсіндіруді жалғастырады. Ресми хабарламаларымызды қадағалаңыз.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жаңа жұмыс іздеу кезеңіндегі қаржылық қолдау: әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай көмектеседі?

    Жұмыс орнын ауыстыру немесе белгілі бір уақыт аралығында жұмыссыз қалу – әр адамның өмірінде кездесуі мүмкін жағдай. Осындай кезеңде әлеуметтік сақтандыру жүйесі азаматтарға қаржылай қолдау көрсетіп, жаңа жұмысқа орналасқанға дейінгі уақытты еңсеруге көмектеседі.Ресми түрде жұмыс істейтін азаматтарға Мемлекеттік әлеуме...

    ЖаңалықтарАяқталды

    АРМАННАН – ЖЕКЕ КӘСІПКЕ

    Сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, еңбегінің жемісін көріп отырған жандардың жетістігі – қоғам үшін қашанда үлгі. Осындай өз ісін дөңгелетіп, кәсіпкерлік саласында алғашқы қадамын нық басқан азаматтардың бірі – Шалқар ауданының тұрғыны Избаева Айгүл Кенжегариевна. Ол 2025 жылдың қыркүйек айында Мансап орталығы арқылы мем...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ

    Интернет кеңістігінде әлеуметтік жәрдемақылардың күшін жою немесе мөлшерін қысқарту, сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік қолдаудан айыру туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Мемлекеттің басты ұстанымы – азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық орындау. Жүргізіліп жатқан жұмыстар әлеуметтік қолдау...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем: мемлекет болашақ аналарды қалай қорғайды және қолдайды?

    Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер жүктілік пен босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) біржолғы әлеуметтік төлем алуға құқылы.Бұл тетік Қор тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаудың арқасында болашақ аналарға...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Әлеуметтік қорғау – артық шығынсыз: қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

    Әлеуметтік сақтандыру – ресми түрде жұмыс істейтін әрбір азаматтың әлеуметтік қорғалуының маңызды тетігі.Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмысшылардың да, кәсіпкерлердің де мүддесін ескере отырып құрылған. Оның басты қағидаты – мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы ортақ жауапкершілік.Қар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мұғалжар ауданында жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде

    Халықты жұмыспен қамту – мемлекеттің басты әлеуметтік саясаттарының бірі. Тұрақты жұмыс халықтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жол ашады. Осы бағытта Мұғалжар ауданында жұмыссыздықты азайту және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бір нәтижесі – ауд...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді және пайдаланушылар нені білуі керек?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» цифрлық сервисінің жұмыс тәртібін еске салады. Бұл құрал тек әлеуметтік жәрдемақы алушыларға өз отбасының материалдық жағдайын алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін сервис барынша оңайланлырыл...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Болашақ мамандыққа бастар қадам: Хромтау ауданында Skills Enbek платформасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

    Бүгінгі таңда заман талабына сай білім алып, жаңа дағдыларды меңгеру – болашаққа жасалған маңызды қадам. Әсіресе, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды ерте бастан танып, кәсіби бағыт-бағдарды айқындау жастар үшін аса маңызды. Осы мақсатта Хромтау ауданында Skills Enbek онлайн оқыту платформасының мүмкіндіктерін к...