Жұмыс іздеудің жаңа мүмкіндігі – онлайн жәрмеңке

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Бүгінде цифрлық технологиялар жұмыс іздеу мен жұмысқа орналасу үдерісін едәуір жеңілдетіп отыр. Соның бір дәлелі – азаматтарға үйден шықпай-ақ бос жұмыс орындарымен танысып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін TANDA.ENBEK.KZ онлайн-платформасы.

    Аталған платформада 2026 жылғы 9–10 қараша күндері Ақтөбе қаласында онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға 10 жұмыс беруші қатысып, 40 өзектібос жұмыс орындарынұсынды. Ал жұмысқа орналасуға ниетті 23 азамат жәрмеңке аясында ұсынылған мүмкіндіктермен танысты.

    Платформаның басты артықшылығы – жұмыс іздеу үдерісінің бастапқы кезеңдерін қашықтан жүзеге асыруға жағдай жасауы. Үміткерлер жұмыс берушілердің виртуалды стендтерін аралап, бос жұмыс орындары мен еңбек жағдайларын зерделей алады, түйіндеме жолдап, онлайн-чат арқылы сұрақтарына жауап алады. Бұл – уақытты үнемдеп, жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы байланысты жеңілдететін тиімді тәсіл.

    Онлайн жәрмеңкелер азаматтардың жұмыспен қамтылу мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара тоғысуына ықпал етеді.

    Айта кетейік, Ақтөбе облысында қазіргі уақытта Электрондық еңбек биржасы – www.enbek.kz порталында 3 000-нан астам бос жұмыс орны жарияланған. Әсіресе білім беру, өндіріс, көлік және логистика, сауда, қоймалау, медицина, фармацевтика, құрылыс, қаржы және мұнай-газ салаларында мамандарға сұраныс жоғары.

    Азаматтар бос жұмыс орындары туралы ақпаратты Электрондық еңбек биржасы –enbek.kz порталынан қарап, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша Мансап орталықтарына жүгініп, мамандардан кеңес ала алады.

    .

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстанға қоныс аудару: қандас мәртебесін алу тәртібі

    Қазақстанға көшіп келуді ойлап жүрсіз бе? Олай болса, этникалық қазақтар үшін қоныс аудару тәртібін біле жүріңіз. Бірінші қадам – өңірді таңдау. Елде қоныс аудару үшін жеті өңір белгіленген.Олар: (Ақмола облысы (Қосшы қаласын, Аршалы және Целиноград аудандарын қоспағанда), Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Берік отбасы – бақытты қоғам: Ақтөбе қаласында некеге дейінгі оқыту курстары басталды

    Ақтөбе қаласында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жаңа бастама қолға алынды. Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен некеге дейінгі тегін оқыту курстары басталды. Жоба болашақ жұбайларды отбасылық өмірге саналы түрде дайындап, жас отбасылардың берік қарым-қатынас қалыптастыруына бағытталған. Оқу бағдарл...

    ЖаңалықтарАяқталды

    eGov Mobile қосымшасындағы әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисінің жұмысына қатысты түсініктеме береді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасыныңәлеуметтікжағдайына алдын ала баға беріп, есептеу кезінде қандай мәліметтер ескерілетінін өз бетінше көр...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қаржылық қиындыққа тап болған азаматқа құқықтық қолдау көрсетілді

    Шалқар ауданының тұрғыны Жұмағұл Жылқайдар Сағынғалиұлы қаржылық қиындықтарға байланысты «Жанұя» отбасын қолдау орталығына жүгініп, несиелік берешегін заң аясында шешуге көмек сұрады. Орталық мамандары азаматтың өтінішін назарға алып, мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізді. Азаматтың өтініші негізінде орталық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді және әл-ауқатты бағалау кезінде не ескеріледі?

    Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 цифрлық жү...

    ХабарландыруАяқталды

    Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.Осыған байланысты Ақтөбе облысының тұрғындарына ақпараттық-консультациялық көмек көрсету мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді.Call-орталықтардың жұмыс кестесі:Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 1...

    ХабарландыруАяқталды

    Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығы отбасын құруды жоспарлап жүрген жұптарды, сондай-ақ жас отбасыларды тегін оқыту курстарына шақырады

    Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығы отбасын құруды жоспарлап жүрген жұптарды, сондай-ақ жас отбасыларды тегін оқыту курстарына шақырады. Курс бағдарламасы: - Отбасындағы серіктестік пен жауапкершілік- Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау- Құқықтық және қаржылық сауаттылық- Эмоционалдық интеллект және қар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мемлекеттік қолдау – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол

    Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, жастарға еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу және сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту – мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда Мәртөк аудандық Мансап орталығы арқылы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары өз нәтижесін көрсетіп кел...