EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДАҒЫ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДАҒЫ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисінің жұмысына қатысты түсініктеме береді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасының әлеуметтік жағдайына алдын ала баға беріп, есептеу кезінде қандай мәліметтер ескерілетінін өз бетінше көре алады.
    Калькулятор тек жәрдемақы алушыларға қолжетімді. Сервис қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Оны бірнеше рет пайдалануға болады. Мысалы, енгізілген мәліметтерді тексеру немесе есептеуді қайта жүргізу үшін.
    Қосымшаға авторизациядан өткеннен кейін кейбір мәліметтер мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктеледі. Олардың қатарында пайдаланушының жынысы мен жасы, атына тіркелген жеңіл және коммерциялық көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысуы туралы ақпарат бар. Бұл деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, тек олардың өзектілігін тексеру жеткілікті.
    Ал қалған мәліметтерді азамат өзі толтырады. Атап айтқанда, өзімен бірге тұратын отбасы мүшелері, олардың жұмыспен қамтылуы, мүгедектігі немесе созылмалы ауруларының болуы, несиелері мен мүлкі туралы ақпаратты көрсету қажет. Тұрғын үй, автокөліктер мен жер учаскелері отбасының әр мүшесі бойынша жеке енгізіледі. Ал отбасының сыйақылар мен үстемеақыларды қоса алғандағы орташа айлық табысы бір жалпы сомамен көрсетіледі.
    Есептеу нәтижесі енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына тікелей байланысты. Егер отбасы мүшелерінің бірі көрсетілмесе немесе табысы мен мүлкі туралы ақпарат енгізілмесе, алдын ала бағалау нақты жағдайға сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан есептеуді бастамас бұрын отбасы құрамын және енгізілген барлық мәліметті мұқият тексеру маңызды.
    Егер калькуляторда, мысалы, сатылып кеткен автокөлік немесе өзектілігін жоғалтқан басқа мүлік көрсетілсе, мәліметтерді сервистің өзінде түзетуге болады. Алайда мұндай өзгерістер тек алдын ала есептеу үшін пайдаланылады және мемлекеттік дерекқорлардағы ресми ақпаратқа әсер етпейді.
    Ресми мәліметтерге түзету енгізу үшін eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы уәкілетті органға не тұрғылықты жері бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жүгіну қажет.

    ❗️ Маңызды! Әлеуметтік желілерде таралған әл-ауқатты бағалау калькуляторларын пайдаланбауға кеңес береміз. Олар ресми сервистер қатарына жатпайды және ондағы ақпарат шынайы болмауы мүмкін. Дұрыс нәтиже алу үшін тек eGov Mobile қосымшасындағы ресми «Әл-ауқат калькуляторын» пайдаланыңыз.

    Есептеу аяқталғаннан кейін пайдаланушы алдын ала нәтижемен танысып, оған келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алады. Сонымен қатар қосымшада калькулятор жұмысына бес балдық шкала бойынша баға беріп, еркін форматта пікір қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл азаматтардың пікірін ескеріп, сервистің сапасын арттыруға ықпал етеді.

    Осы тұста алдын ала есептеу мен жәрдемақы тағайындау туралы ресми шешімнің аражігін ажырата білу маңызды. Калькулятор тек ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие. Онда көрсетілген нәтиже жәрдемақының тағайындалатынын, мөлшері өзгеретінін немесе төлемнің тоқтатылатынын білдірмейді.

    Нәтижеге келісу немесе келіспеу, сервиске баға беру және пікір қалдыру жәрдемақыны тағайындауға, оның мөлшеріне немесе төлемнің жалғасуына ешқандай әсер етпейді. Калькуляторды пайдалану жәрдемақыдан бас тарту туралы өтініш болып саналмайды және төлемді тоқтатуға немесе уақытша тоқтата тұруға негіз бола алмайды.

    Осылайша, калькулятор отбасының әл-ауқатына алдын ала баға беруге, бастапқы мәліметтерді тексеруге және қажет болған жағдайда есептеуді қайта жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте әлеуметтік қолдау шараларын тағайындаудың заңнамада белгіленген тәртібі өзгеріссіз қалады.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ?

    🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ? Жұмысынан айырылған немесе жаңа жұмыс іздеп жүрген азаматтар бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіптік білім алу, біліктілігін растау, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану және өз ісін ашу үшін бірқатар цифрлық сервистерге жүгіне...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ

    🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ Цифрлық жұмыспен қамту қызметі аясында мансап орталықтарының өтінішке негізделген жұмыс тәртібі мен бір реттік кеңес беру тәжір...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы кохлеарлық импланты бар балаларға арналған қашықтан есту және сөйлеу қабілетін оңалту бағдарламасын ұйымдастырды. Онлайн сабақтар дәстүрлі форматтағы оңалту курстарын толықтырып, балалардың тұрғылықты жеріне қ...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ Еңбек министрлігі 2026 жылғы қазанда іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту» цифрлық сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланғанын хабарлайды. Осылайша, 729 адам өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемдерден ерікті т...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 258-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы мемлекеттік бақыла...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ

    🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы қазан айынан бастап «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕ НЕ ЕСКЕРІЛЕДІ?

    ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕ НЕ ЕСКЕРІЛЕДІ?Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік б...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жаңақорған және Шиелі аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 5-6 қарашада Жаңақорған және Шиелі аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрі...