ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ

    Еңбек министрлігі 2026 жылғы қазанда іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту» цифрлық сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланғанын хабарлайды.

    Осылайша, 729 адам өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту туралы шешім қабылдаған. Бұл – әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдағы өзара ынтымақтастық қағидаттарының көрінісі, яғни өзін және отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттік қолдаудан саналы түрде бас тартуды жөн көрген.

    Айта кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрінің 12-сі бойынша мемлекеттік қолдау көрсету тетігі атаулылық қағидатына негізделеді. Көмек бірінші кезекте оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталады.

    «Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту» цифрлық сервисі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Ол тек әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы алушыларға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, жекелеген әлеуметтік қолдау түрлерінен бас тарту туралы электрондық өтінішті өз бетінше беруге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік төлемдерден бас тарту – азаматтың міндеті емес, тек өз еркімен қабылдайтын шешімі екенін атап өту керек. Сервис, ең алдымен, материалдық жағдайы жоғары және ауқатты санатқа жататын, отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтарға арналған.

    Өмірлік жағдайы өзгерген жағдайда азаматтар тиісті мемлекеттік қолдауды қайта тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сервистің тек электрондық үкіметтің ресми платформаларында – eGov Mobile мобильді қосымшасы мен eGov.kz порталында қолжетімді екенін еске салады.

    Азаматтарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тек ресми ақпарат көздерін пайдалануға шақырамыз.

    Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының және қалалық бөлімінің қызметкерлеріне құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

    2026 жылғақұқықтық оқыту сабақтарын өткізу туралы бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес,Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.Бухарбаевамен 19.11.2026ж.«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының және қалалық бөлімінің қызметкерлеріне құқықтық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ Әлеуметтік қызметтер порталы – мүгедектігі бар адамдарға мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қызметтер мен оңалту құралдарын алуға мүмкіндік беретін электрондық ақпараттық жүйе. Порталдың негізгі мақсаты – әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қызмет алушыларға қ...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Арал, Қармақшы аудандарына және Төретам кентінде көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Департаменттің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен (бұдан әрі – МӘС) 2026 жылғы 16 қарашада Арал, Қармақшы аудандарына және Төретам кентінде көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағасы мен медициналық мекемелер дәрігерлерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ?

    🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ? Жұмысынан айырылған немесе жаңа жұмыс іздеп жүрген азаматтар бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіптік білім алу, біліктілігін растау, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану және өз ісін ашу үшін бірқатар цифрлық сервистерге жүгіне...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ

    🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ Цифрлық жұмыспен қамту қызметі аясында мансап орталықтарының өтінішке негізделген жұмыс тәртібі мен бір реттік кеңес беру тәжір...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы кохлеарлық импланты бар балаларға арналған қашықтан есту және сөйлеу қабілетін оңалту бағдарламасын ұйымдастырды. Онлайн сабақтар дәстүрлі форматтағы оңалту курстарын толықтырып, балалардың тұрғылықты жеріне қ...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 258-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы мемлекеттік бақыла...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ

    🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы қазан айынан бастап «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан...