ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы қазан айынан бастап «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту» цифрлық сервисін іске қосты.

    Сервис тек әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып жүрген азаматтарға қолжетімді. Ал мұндай төлемдерді алмайтын азаматтар сервисті пайдалана алмайды.

    Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту – азаматтың міндеті емес, тек өз еркімен қабылдайтын шешімі. Сервис ешқандай талап қоймайды және азаматтарға қатысты шектеулер енгізбейді.

    Бұл мүмкіндік азаматтарға өздерінің тұрмыстық жағдайы мен жеке жауапкершілігін ескере отырып, саналы таңдау жасауға жол ашады. Сервис, ең алдымен, мемлекеттік қолдауға мұқтаж емес, өз қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар табысы жоғары және әл-ауқаты жоғары азаматтарға арналған.

    Барлық рәсім цифрлық форматта жүзеге асырылады. Сондықтан мемлекеттік органдарға барып, қағаз жүзінде өтініш толтырудың қажеті жоқ.

    Сервиске кірген кезде eGov Mobileқосымшасы қажетті мәліметтерді автоматты түрде тексеріп, азаматқа тағайындалған және төленіп жатқан барлық жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің тізімін ұсынады.

    Қандай да бір ақпаратты қолмен енгізудің қажеті жоқ.

    Егер азамат белгілі бір төлемнен бас тарту туралы шешім қабылдаса, ұсынылған тізімнен тиісті төлемді таңдап, әрекетін растауы арқылы электронды өтінішті жіберуі жеткілікті.

    Ал егер азамат бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алмаса, жүйе бұл туралы хабарлама көрсетіп, сервисті пайдалануға мүмкіндік бермейді.

    Әлеуметтік төлемнен немесе жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту азаматтың болашақта мемлекеттік қолдау алу үшін қайта өтініш беру құқығын шектемейді. Өмірлік жағдайы өзгерген жағдайда азамат тиісті төлемді қайта тағайындау жөнінде өтініш бере алады. Өтініш қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен және төлем тағайындау талаптарына сәйкес қаралады.

    Сервисті әзірлеушілер оны азаматтар үшін барынша ыңғайлы етуге басымдық береді. Осы мақсатта қосымшаның өзінде кері байланыс қалдыру мүмкіндігі қарастырылған.
    Пайдаланушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын жібере алады. Сондай-ақ сервис жұмысына қатысты ескертулерін де қалдыруға болады.

    Маңызды! Азаматтарды сақ болуға және тек Еңбек министрлігінің ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.
    Аталған сервис тек eGov Mobile ресми мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында жұмыс істейді.

    Еңбек министрлігі мессенджерлер арқылы әлеуметтік төлемдерден бас тартуға арналған күмәнді сілтемелер жібермейді.
    Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін бөгде сілтемелерге өтпеңіздер. Кез келген қызметтің қолжетімділігін тек eGov жүйесіндегі жеке кабинет арқылы тексеріңіздер.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекет өз азаматтары алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындауды жалғастыратынын атап өтеді.

    Заңнамада көзделген барлық әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар оларға құқығы бар азаматтарға белгіленген тәртіппен және толық көлемде төленеді.

    «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту» сервисі – әр азаматтың өз еркімен қабылдайтын жеке шешімі. Бұл – міндеттеу емес, тек таңдау мүмкіндігі.

    Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ

    🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ Цифрлық жұмыспен қамту қызметі аясында мансап орталықтарының өтінішке негізделген жұмыс тәртібі мен бір реттік кеңес беру тәжір...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы кохлеарлық импланты бар балаларға арналған қашықтан есту және сөйлеу қабілетін оңалту бағдарламасын ұйымдастырды. Онлайн сабақтар дәстүрлі форматтағы оңалту курстарын толықтырып, балалардың тұрғылықты жеріне қ...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ Еңбек министрлігі 2026 жылғы қазанда іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту» цифрлық сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланғанын хабарлайды. Осылайша, 729 адам өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемдерден ерікті т...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 258-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы мемлекеттік бақыла...

    ЖаңалықтарАяқталды

    EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДАҒЫ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

    EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДАҒЫ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисінің жұмысына қатысты түсініктеме береді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасының әлеуметтік жағдайына алд...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕ НЕ ЕСКЕРІЛЕДІ?

    ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕ НЕ ЕСКЕРІЛЕДІ?Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік б...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жаңақорған және Шиелі аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 5-6 қарашада Жаңақорған және Шиелі аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрі...

    Рабочая поездкаАяқталды

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ЖАЛАҒАШ, СЫРДАРИЯ АУДАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ.

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ЖАЛАҒАШ, СЫРДАРИЯ АУДАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ.Жалағаш, Сырдария аудандарында Руханият орталығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті. Кездесуге ҚР Еңбек...