Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы кохлеарлық импланты бар балаларға арналған қашықтан есту және сөйлеу қабілетін оңалту бағдарламасын ұйымдастырды. Онлайн сабақтар дәстүрлі форматтағы оңалту курстарын толықтырып, балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан мамандармен тұрақты байланыста болуына мүмкіндік береді.

    Алғашқы қашықтан оқыту курсы 2026 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында өтті. Оған еліміздің тоғыз өңірінен 3 пен 7 жас аралығындағы 16 бала қатысты. Олардың 12-сі ауылдық жерде тұрады.

    Кохлеарлық имплант орнатылғаннан кейін баланың дыбыстарды ажырату, сөйлеуді түсіну және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру қабілетін дамыту үшін жүйелі түрде сабақ өткізу қажет. Алайда шалғай елді мекендерде тұратын отбасылардың сурдопедагог, логопед және басқа да бейінді мамандардың көмегіне тұрақты жүгіну мүмкіндігі шектеулі.

    Қазіргі уақытта Орталық филиалдары еліміздің сегіз өңірінде жұмыс істейді. Жыл сайын оларда 234 балаға арналған оңалтудың 936 курсы өткізіледі. Ал филиалдары жоқ аудандардан келген тағы 150 бала Орталықта тәулік бойы оңалтудан өте алады.

    Дәстүрлі форматтағы оңалту курстарының арасында бірнеше ай үзіліс болуы мүмкін. Осы кезеңде балаларға көрсетілетін көмекті толыққанды қамтамасыз ету мақсатында Орталық ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап есту және сөйлеу қабілетін үздіксіз оңалту бағдарламасын жүзеге асыруда. Ол мамандардың баламен тікелей жұмыс істеуін, қашықтан өткізілетін сабақтарды және ата-аналардың қатысуымен үй жағдайында орындалатын жаттығуларды қамтиды.

    Әр бала үшін жасына, даму деңгейі мен жеке ерекшеліктеріне қарай оңалтудың жеке маршруты әзірленеді. Баланың қажеттілігіне байланысты сабақтарды сурдопедагог, логопед, дефектолог немесе психолог өткізеді. Мамандармен онлайн кездесулер аптасына екі рет, яғни айына сегіз рет ұйымдастырылады.

    Орталықтың сегіз педагогі алғашқы курста 128 онлайн сабақ өткізді. Сабақтар қолайлы болу үшін ата-аналардың жұмыс кестесі мен балалардың күн тәртібі ескеріле отырып, екі ауысым бойынша ұйымдастырылды.

    Бағдарламаның маңызды бөлігі – ата-аналардың белсенді қатысуы. Мамандар оларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйде орындауға тапсырмалар берді. Осы бағытта отбасыларға 80 бейнесабақ қолжетімді.

    Сонымен қатар ата-аналар жаттығулардың орындалу барысы мен нәтижелерін тіркеп, мәліметтерді мамандарға жолдайды. Бұл баланың дамуындағы өзгерістерді бақылауға, туындаған қиындықтарды талқылауға және алдағы сабақтарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Бағдарлама аясында баланың даму динамикасы әр үш ай сайын бағаланады. Нәтижесінде мамандар қажет болған жағдайда оңалтудың жеке маршруты мен отбасыға берілетін ұсынымдарды түзетеді.

    Қашықтан оқыту форматы дәстүрлі оңалту курстары арасындағы кезеңде балаларға көрсетілетін қолдаудың аясын кеңейтеді. Нәтижесінде отбасылар мамандардың тұрақты көмегіне қол жеткізіп, оңалту жұмыстары әр баланың жеке қажеттіліктеріне сай жалғасын табады.
    Сондай-ақ оқыңыз

    12 қараша 2026
    Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту сервисін 729 қазақстандық пайдаланды

    11 қараша 2026
    Еңбек министрлігі цифрлық сервистерді түсіндіруді жалғастыруда: eGov Mobile қосымшасында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қолжетімді

    11 қараша 2026
    Еңбек министрлігі мен Шетелдік инвесторлар кеңесі еңбек және көші-қон заңнамасын жетілдіру жолдарын талқылады

    10 қараша 2026
    eGov Mobile қосымшасындағы әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді?

    10 қараша 2026
    Ұлттық ғылыми орталық ем алушылардың өздігінен жүріп-тұру қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі

    Барлық жаңалық
    Әлеуметтік желілер
    GOV.KZ
    Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы
    NITEC

    Қазақстан Республикасының Конституциясы

    ҚР Президентінің жолдаулары

    ҚР Мемлекеттік рәміздері

    ҚР Президентінің сайты

    ҚР Премьер-Министрінің сайты

    ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

    Өмірлік жағдайлар

    Цифрлық трансформация тұжырымдамасы

    Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

    "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң

    Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары

    Құпиялылық саясаты

    Терминдер мен қысқартулар

    Экран дикторы

    2026 © Барлық құқықтар қорғалған. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен әзірленді

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының және қалалық бөлімінің қызметкерлеріне құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

    2026 жылғақұқықтық оқыту сабақтарын өткізу туралы бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес,Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.Бухарбаевамен 19.11.2026ж.«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының және қалалық бөлімінің қызметкерлеріне құқықтық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ Әлеуметтік қызметтер порталы – мүгедектігі бар адамдарға мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қызметтер мен оңалту құралдарын алуға мүмкіндік беретін электрондық ақпараттық жүйе. Порталдың негізгі мақсаты – әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қызмет алушыларға қ...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Арал, Қармақшы аудандарына және Төретам кентінде көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Департаменттің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен (бұдан әрі – МӘС) 2026 жылғы 16 қарашада Арал, Қармақшы аудандарына және Төретам кентінде көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағасы мен медициналық мекемелер дәрігерлерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ?

    🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ? Жұмысынан айырылған немесе жаңа жұмыс іздеп жүрген азаматтар бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіптік білім алу, біліктілігін растау, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану және өз ісін ашу үшін бірқатар цифрлық сервистерге жүгіне...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ

    🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ Цифрлық жұмыспен қамту қызметі аясында мансап орталықтарының өтінішке негізделген жұмыс тәртібі мен бір реттік кеңес беру тәжір...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ Еңбек министрлігі 2026 жылғы қазанда іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту» цифрлық сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланғанын хабарлайды. Осылайша, 729 адам өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемдерден ерікті т...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 258-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы мемлекеттік бақыла...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ

    🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы қазан айынан бастап «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан...