Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 258-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы мемлекеттік бақылау заңнама талаптарының бұзылуын анықтауға, алдын алуға және жоюға бағытталған.
Жоспардан тыс тексеру жүргізудің негіздері
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына сәйкес жоспардан тыс тексеру мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
- Жеке және заңды тұлғалардың заңнама талаптарының бұзылуы туралы нақты фактілер мен дәлелдемелер келтірілген өтініштері негізінде;
-Бұрын берілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау мақсатында;
- Заңнамада көзделген өзге де негіздер болған жағдайда.
Анонимді өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылмайды.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы жоспардан тыс тексеру:
1. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2. Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету;
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуын тексеру.
Тексеруді жүргізу рәсімі
-Өтініш немесе заңнамада көзделген өзге негіз тіркеледі.
-Келіп түскен мәліметтер мен дәлелдемелер зерделенеді.
-Заңды негіздер болған жағдайда тексеруді тағайындау туралы акт шығарылады.
-Заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру тіркеледі және тексерілетін субъект хабардар етіледі.
-Тексеру актіде көрсетілген мәселелер шегінде жүргізіледі.
-Нәтижелері бойынша тексеру актісі жасалады.
-Бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою туралы нұсқама беріліп, қажет болған жағдайда әкімшілік жауаптылық шаралары қолданылады.