ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕ НЕ ЕСКЕРІЛЕДІ?
Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінде жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 цифрлық жүйедегі мәліметті пайдалана отырып, қажетті ақпаратты автоматты түрде жинақтайды.
Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы отбасының жағдайын екі негізгі бағыт: материалдық әл-ауқаты мен өмірлік жағдайлары бойынша бағалайды.
Материалдық әл-ауқатты бағалау кезінде отбасының активтері, атап айтқанда, тұрғын үй, автокөлік, жер учаскесі және коммерциялық жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы, кәсіпкерлік қызметке қатысуы, сондай-ақ кредиттік жүктемесі ескеріледі. Бұл ретте мүліктің бар-жоғы ғана емес, оның сипаттамалары да маңызды рөл атқарады. Мәселен, пәтер, автокөлік немесе шағын жер учаскесінің болуы отбасының нақты ауқатты екенін білдірмейді.
Сонымен қатар жүйе отбасы мүшелерінің жасын, балалары, мүгедектігі бар және созылмалы аурулары бар адамдардың болуын, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайына әсер етуі мүмкін өзге де өмірлік мән-жайларды ескереді.
Мысалы, екі отбасының табысы бірдей болғанымен, олардың тұрмыс жағдайы әртүрлі болуы мүмкін. Бір отбасында ата-ананың екеуі де жұмыс істесе, екіншісінде барлық отбасы мүшесін асырайтын тек бір адам. Оның үстіне отбасында кішкентай балалар немесе қосымша күтім мен шығынды қажет ететін мүгедектігі бар адамдардың болуы да қарастырылады.
Сондықтан Отбасының цифрлық картасы отбасылардың әл-ауқатын бағалау кезінде тек табысын ғана емес, сонымен бірге мүлкін, отбасы құрамын және өмірлік жағдайларын да назарға алады.
Жинақталған деректер негізінде отбасының әл-ауқат деңгейі санаттардың бірі бойынша айқындалады: жоғары, ауқатты, қанағаттанарлық, экономикалық осал немесе экономикалық және әлеуметтік осал.
Бұл ретте бағалау цифрлық жүйелерден түсетін жаңартылған мәліметтер негізінде тұрақты түрде жүргізіледі.
Отбасының цифрлық картасының басты мақсаты – әр отбасының нақты жағдайын барынша дәл бағалап, оның өмірлік мән-жайларын ескере отырып, қажетті әлеуметтік қолдауды ұсыну.
ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕ НЕ ЕСКЕРІЛЕДІ?
- Кезең
- Алматы уақыты (UTC+5)
- Мәртебе
- Аяқталды
- Формат
- Тікелей
Ұқсас материалдар
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы кохлеарлық импланты бар балаларға арналған қашықтан есту және сөйлеу қабілетін оңалту бағдарламасын ұйымдастырды. Онлайн сабақтар дәстүрлі форматтағы оңалту курстарын толықтырып, балалардың тұрғылықты жеріне қ...
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ Еңбек министрлігі 2026 жылғы қазанда іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту» цифрлық сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланғанын хабарлайды. Осылайша, 729 адам өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемдерден ерікті т...
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 258-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы мемлекеттік бақыла...
ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ
🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТҮСІНДІРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА: EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДАН ЕРІКТІ ТҮРДЕ БАС ТАРТУ МҮМКІНДІГІ ҚОЛЖЕТІМДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы қазан айынан бастап «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан...
EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДАҒЫ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДАҒЫ ӘЛ-АУҚАТТЫ БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисінің жұмысына қатысты түсініктеме береді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасының әлеуметтік жағдайына алд...
Жаңақорған және Шиелі аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 5-6 қарашада Жаңақорған және Шиелі аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрі...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ЖАЛАҒАШ, СЫРДАРИЯ АУДАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ЖАЛАҒАШ, СЫРДАРИЯ АУДАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ.Жалағаш, Сырдария аудандарында Руханият орталығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті. Кездесуге ҚР Еңбек...
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 5 қарашада Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айқындалған басым бағыттарды кеңінен түсіндіру мақсатында респуб...