Алматы қаласы әкімдігініңРегламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 22 «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қоса беріліп отырған Алматы қаласы әкімдігінің Регламенті бекітілсін.
2) «Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/516 қаулысының күші жойылсын.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты:
1) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Алматы қаласының әкіміД. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «___»_________
№ ____ қаулысымен бекітілген
Алматықаласы әкімдігінің регламенті
1тарау. Жалпы ережелер
- Алматықаласыәкімдігініңрегламенті ҚазақстанРеспубликасының «Қазақстан Республикасындағы жергіліктімемлекеттікбасқаружәнеөзін - өзі басқару туралы» Заңының(бұдан әрі-Заң)26-бабынасәйкесәзірленді және Алматықаласыәкімдігінің(бұдан әрі -әкімдік)отырыстарындайындаужәнеөткізу, Алматықаласыәкімдігіменәкімі(бұдан әрі -әкім)актілерініңжобаларындайындаужәнересімдеу,сондай-ақ заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президентінің,Үкіметінің,Премьер-Министрінің,әкімдіктіңжәнеәкімніңактілеріментапсырмаларыныңорындалуынұйымдастырутәртібін белгілейді.
- ӘкімдікҚазақстанРеспубликасыатқарушыоргандарыныңбіртұтасжүйесінекіреді, атқарушы биліктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгімен үйлестіре жүргiзудi қамтамасыз етедi.
- Әкiм әкімдік құрамын әкiмнің бірінші орынбасарынан, орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
Әкімдіктің дербес құрамын әкiм айқындайды және Алматы қаласы мәслихаты сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
- Әкімдіктіңқызметі Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясымен,Заңымен,ҚазақстанРеспубликасыныңөзге де нормативтікқұқықтықактілеріменжәнеосыРегламентпенреттеледі.
- Әкімдіктің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi Алматы қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі – аппарат) жүзеге асырады.
- Әкiмдіктің іс қағаздарын жүргiзу және әкімдікке келіп түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, нормативтiк құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әзiрленетiн және әкімнің өкімімен бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады.
Сот актілеріне (шешімдер мен ұйғарымдар) ілеспе хаттар, сондай-ақ аппаратқа келіп түсетін сот хабарламалары белгіленген тәртіпте тіркеледі және аппараттың заң бөліміне беріледі, оның басшысы оларды құзыреті бойынша аппараттың басқа бөлімдеріне және/немесе әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне қажетті шаралар қабылдау үшін жібереді
- Көтеріліп отырған мәселе бойынша әкімнің тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұрау салуына ескертулер мен ұсыныстар болмаған жағдайда ескертулердің немесе ұсыныстардың жоқ екені туралы ақпарат ресми электронды пошта арқылы ғана немесе заңнамаға қайшы келмейтін өзге тәсілмен, оның ішінде ресми хат жібермей, электрондық құжат айналымы жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жіберіледі.
- Әкімнің бірінші орынбасары,орынбасарларыменаппаратбасшысыәкімдікқаулыларының, әкімніңшешімдеріменөкімдерініңқарауғаенгізілетінжобаларыныңосыРегламенттебелгіленгенөту тәртібінің сақталуынқамтамасыз етеді.
2 тарау. Жұмысты жоспарлау
- Әкімдіктің отырыстарында қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін әкімнің жетекшілік ететін орынбасарымен немесе аппарат басшысымен келісу бойынша әкімдік мүшелерінің ұсынысымен аппарат жасайды.
Әкімдіктің отырыстарында қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесін аппарат басшысы әкіммен келісу бойынша жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 20 (жиырма) күнінен кешіктірмей бекітеді.
Бекітілген тізбе әкімдіктің мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда қалалардың, аудандардың әкімдеріне және басқа да лауазымды адамдарға жіберіледі.
Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді аппарат басшысы әкіммен келісу бойынша дәлелді себептері көрсетіле отырып, отырыс өткізілетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізілген әкімдіктің тиісті мүшесінің жазбасы негізінде қабылдайды.
Аталған шешім туралы өз құзыретіне байланысты мүдделі атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен өзге де лауазымды адамдар хабардар етіледі.
Сол бір мәселені қараудан қайта алып тастау және/немесе қарау мерзімін кейінге қалдыру мониторингін әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы қамтамасыз етеді.
3-тарау. Әкімдіктіңотырыстарын дайындау және өткізу
- Әкімдіктің отырыстары бейнеконференцбайланыс арқылы, сондай-ақ күндізгі немесе аралас форматта айына кемінде бір рет өткізіледі және оларды аппарат басшысы шақыртады.
Кезектен тыс отырыстар әкімнің немесе әкімнің міндетін атқарушы адамның бастамасы бойынша шақыртылады.
- Әкімдіктің отырыстарында әкім, ал ол болмаған жағдайда әкімнің міндетін атқарушы адам төрағалық етеді.
- Әкiмдіктің отырыстары ашық отырыс болып табылады әрі қазақ және (немесе) орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
Қажет болса, жекелеген мәселелер жабық отырыстарда қаралуы мүмкiн.
- Егер әкiмдіктің отырысына әкiмдік мүшелерiнiң кемінде үштен екiсi қатысса, отырыс заңды болып саналады.
Мәселенi әкiмдіктің отырысында қарау нәтижелерi бойынша шешім қабылданады.
Шешім әкiмдіктің қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
- Әкiмдіктің отырыстарына Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттың депутаттары, аудандардың, қалалардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және осындай құқық заңдармен, Президент пен Үкіметтің актілерімен берілген өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
- Отырыста қарауға дайындалған қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар отырысқа дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын аппаратқа енгізіледі және:
1) көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, ақпараттық мәліметтер мен материалдарды;
2) қаулылар мен хаттамалық шешімдердің жобаларын;
3) салыстырма кестелерді, таныстырылымдарды (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 20-дан кем болмайтын, көрнекі ақпаратты көрсетудің 16:9 форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар);
4) ақпараттық (талдамалық) баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын);
5) қатысушылардың тізімін;
6) әкімдіктің отырысында қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтиды.
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпиялылық режимінің және отырыстарға жіберуді шектеудің талаптары сақтала отырып енгізілетін таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, материалдар отырысқа электрондық түрде енгізіледі.
Шақырылғандардың отырысқа қатысуын аппарат қамтамасыз етеді.
Шақырылған адам аппарат ұйымдастырған отырыстарды (кеңестерді) растауды және (немесе) оған қатысуды қамтамасыз етеді.
Ерекше жағдайларда әкімнің немесе әкімнің міндетін атқарушы адамның тапсырмасы бойынша жоспарланған мәселеге өзгеріс енгізілгенде және отырыс кезектен тыс тәртіппен өткізілгенде материалдар аппаратқа отырыс өтетін күні енгізілуі және отырысқа қатысушыларға тікелей отырыста жеткізілуі мүмкін.
Материалдардың мазмұны мен оларды дайындау сапасын құзыретіне қаралатын мәселе жататын әкімдіктің мүшесі қамтамасыз етеді.
- Аппарат отырыстың күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейін оны және тиісті материалдарды әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға, ал қажет болған жағдайда басқа да лауазымды адамдарға аппарат басшысы бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес отырысқа дейін 3 (үш) жұмыс күн бұрын электрондық түрде жібереді.
Материалдар отырысқа уақтылы ұсынылмаған, сондай-ақ сапасыз ұсынылған жағдайда әкімнің жетекшілік ететін орынбасары немесе аппарат басшысы жоспарланған мәселені қараудан алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды және бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды.
Материалдарды уақтылы және сапалы ұсынуды тиісті органдардың бірінші басшылары және әкімнің жетекшілік ететін орынбасарлары және (немесе) аппарат басшысы қамтамасыз етеді.
Әкімдіктің отырысы әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар отырыс өткізілетін күні аппаратқа енгізілуі мүмкін.
- Әкім немесе оның міндетін атқарушы қол қойған және аппарат тіркеген отырыс хаттамасы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттамада тиісті тапсырмалар берілген атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен ұйымдарға орындау үшін электрондық түрде жіберіледі.
- Өкілдері отырысқа қатысқан, тапсырма берілген органдар мен ұйымдар қол қойылған отырыс хаттамасының келіп түсуін күтпей, отырыстан кейін тапсырмаларды дереу орындауға кіріседі.
4-тарау. Әкімдік пен әкім актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу
- Әкімдіктің немесе әкімнің тиісті шешім қабылдауы үшін атқарушы органдар:
1) егер мәселені шешу әкімдіктің немесе әкімнің құзыретіне кіретін болса;
2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде;
3) егер мәселені шешу жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді талап етсе, олардың атына ұсыныстар енгізеді.
- Әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - жобалар) дайындауды аппарат және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобаларын әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Жобаларды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бастамасы бойынша немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес әзірлейді.
Жобаларды әкімнің тапсырмасы бойынша аппарат әзірлеуі мүмкін.
- Атқарушы органдар құқықтық актілер жобаларының ашық көздерде жарияланғанға және тиісті сараптамаларды алғанға дейін:
1) құзыретіне қарай Алматы қаласы әкімдігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен;
2) әкім аппаратының заң бөлімімен (баспасөз қызметі);
3) әкімнің жетекшілік ететін орынбасарымен;
4) Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысымен келісілуін қамтамасыз етеді.
Актінің әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органның бірінші басшысы аппарат басшысынан рұқсат алғаннан кейін Регламенттің 21 тармағында көрсетілген жобаларды ашық көздерде жариялауды және оларды тиісті сараптамалар алу/өзге мемлекеттік органдармен келісу үшін жіберуді қамтамасыз етеді.
Қала әкімінің орынбасарлары, әкім аппараты, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері және әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары кеңінен тарату үшін материалдар жарияланатын болжамды күнге дейін кемінде 1 жұмыс күні бұрын Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне мынадай құжаттар топтамасын жіберуді қамтамасыз етеді:
1) ақпараттық-анықтамалық материалдар;
2) Қазақстан Республикасының тиісті актісін қабылдау негіздері;
3) ықтимал сұрақтарға жауаптар;
4) қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз релизінің жобасы.
Жобаны ашық көздерде жариялауға аппарат басшысының мақұлдауын алғаннан кейін жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ашық көздерде келісілген материалдардың жариялануын және оларды тиісті сараптамалар алу/өзге мемлекеттік органдардың келісімін алу үшін жіберуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті өкілді орган шешімдерінің жобалары Алматы қаласының мәслихатымен алдын ала келісуге жіберіледі.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік органның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолдана отырып, электрондық құжаттар нысанындағы жобаны, оған түсіндірме жазбаны және куәландырылған басқа да қажетті құжаттарды орналастырады және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда электрондық құжат айналымын пайдалану және жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес және тәртіпте электрондық құжат айналымы арқылы әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне келісуге жібереді.
Жобаларды уақтылы, сапалы әзірлеуге және белгіленген мерзімде құқықтық актілерді қабылдауға, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалар мәтіндерінің түпнұсқалығына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аппаратқа уақтылы енгізуге және ашық көздерде орналастыруға актіні әзірлеуші болып табылатын мемлекеттік органның бірінші басшысы дербес жауапты болады.
- 22. Әкім өкімдерінің жобаларын қажетті материалдарды қоса бере отырып дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін электрондық форматта жүзеге асырылады.
Өкімдердің жобалары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мүдделі атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және лауазымды адамдармен 3 (үш) жұмыс күні ішінде келісіледі.
Өкімнің жобасын келісуге алған кезде атқарушы органдар мен лауазымды адамдар өкімнің жобасына басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қолын алмай бір мезгілде қарайды, сондай-ақ басқа да формальды белгілер бойынша келісуден бас тартпайды.
Егер өкім жобасы 3 (үш) жұмыс күнінен немесе әкім белгілеген мерзімнен артық келісуде болса, онда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша «келісілген» болып есептеледі.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын өкімдердің жобалары қағаз түрінде келісіледі.
- 23. Жобалар:
1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелермен келісіледі, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлік қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескеріле отырып, белгiленедi;
2) экономика және қаржы саласындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдармен-қаржылық және экономикалық орындылығы, жобаның қаржыландырумен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ елдің және өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігі мәселелері бойынша келісіледі.
3) цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мәселелері бойынша цифрландыру саласындағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органмен келісіледі.
- 24. Жобаны әзірлеуші жобаны мүдделі атқарушы органдарға, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және ұйымдарға келісуге жібереді.
Атқарушы орган, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі және ұйым жобаны келісуге алған кезде жобаны басқа мүдделі атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен және ұйымдармен алдын ала келісуді талап етпеуге, сондай-ақ басқа да формальды белгілер бойынша келісуден бас тартпауға тиіс.
Егер жоба органда немесе ұйымда белгіленген мерзімнен көп уақыт бойы келісуде болса және ол бойынша жауап берілмесе, онда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша «келісілген» болып саналады.
- 25. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімдіктің қаулыларын және/немесе әкімнің шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актіге сәйкес келтіру жөніндегі нормаларды көздейді және/немесе нақты мерзімдерді белгілей отырып, оларды тиісінше сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейді.
- 26. Әкімнің бірінші орынбасары, орынбасарлары мен аппарат басшысының жобаларды келісуі міндеттерді бөлуге сәйкес жүзеге асырылады.
- 27. Әкімдіктің қаулыларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін аппарат басшысы бекіткен таратылымға сәйкес аппарат электрондық түрде жібереді.
Әкімдіктің және әкімнің әділет органдарында тіркелуге жататын актілері адресаттарға тіркелгеннен кейін жіберіледі.
Құжаттарды уақтылы шығаруды және адресаттарға таратуды аппарат қамтамасыз етеді.
- 28. Әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің техникалық қателер кезінде бұрын жіберілген даналарын ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Бұл жағдайда бастапқыда жіберілген құжаттарды аппарат қайтарып алады.
- 29. Әкiмдік және әкiм қабылдаған актілердің бақылау даналарын есепке алуды, жүйеге келтіруді және жүргiзудi, оларға барлық ағымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi аппарат жүзеге асырады.
- 30. Әзірлеуші Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты немесе кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын әкімдіктің қаулысын немесе әкімнің шешімін алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде әкімдік қаулысының немесе әкім шешімінің нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ олардың болжамды тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын баспасөз релизін қазақ және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда өзге де тілдерде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
5-тарау. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Вице-Президентінің, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілерi мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру
- 31. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Вице-Президентінің, Yкiметiнің, Премьер-Министрiнің, әкiмдіктің және әкiмнің актілерінің орындалуын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- 32. Заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің, әкiмнiң актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға қойылады.
- 33. Атқарушы органдардың бірінші басшылары орындау үшін жіберілетін заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- 34. Әкiмнiң және оның бірінші орынбасары, орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзiмдерi белгiленедi. Мерзiмдер белгiленбеген жағдайда құжаттың келіп түскен күнiнен бастап есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал «шұғыл» деген белгі болған жағдайда он күндiк мерзiм белгiленедi.
- 35. Егер тапсырма белгiленген мерзiмде орындалмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) көрсетілген мерзімге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілу кiдiрудiң себептерi туралы хабарлайды және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш береді. Тапсырманы орындау мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi.
- 36. Аппарат әкім айқындайтын тәртіппен заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау бойынша қызметтi қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
- 37. Аппарат заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкiмдi тұрақты түрде хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылау бойынша әкімнің қызметiн қамтамасыз етедi.
Әкiмнiң бірінші орынбасары, орынбасарлары, аппарат басшысы заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Yкiметтiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады.
- 38. Әкім, әкімнің бірінші орынбасары, орынбасарлары, аппарат басшысы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде экономика салаларында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
- 39. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы Төрағасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы орынбасарларының қатысуымен өтетін кеңестерді қоспағанда, әкімдік мүшелері әкіммен немесе әкімнің міндетін атқарушы адаммен келісу бойынша әкімдік атынан орталық мемлекеттік органдардың кеңестеріне өздері қатысады.