Қызметкерлер — Екібастұз қаласының әкімдігі

    Екібастұз қаласының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Бейсекин Аян Уахитұлы
    Әкім

    Бейсекин Аян Уахитұлы

    Екібастұз қаласының әкімі

    Аян Уахитұлы 1987 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар: 2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры мамандығы бойынша, 2013 жылы «Болашақ» бағдарламасымен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, «Мемлекеттік басқару магистрі» біліктілігі берілген.

    Адильжанов Каныш Акылбекович
    Әкімінің орынбасары

    Адильжанов Каныш Акылбекович

    Қала әкімінің жедел шаруашылық мәселелері және коммуналдық сала жөніндегі орынбасары

    Каныш Акылбекович 1980 жылы туған. Білімі - жоғары, 2001 жылы Екібастұз инженерлік техникалық институтын кәсіпорындағы экономика және менеджмент мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақстан-Ресей университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.

    Зарлыкова Гүлжан Шаяхметқызы
    Әкімінің орынбасары

    Зарлыкова Гүлжан Шаяхметқызы

    Қала әкімінің экономика, кәсіпкерлік және сауда мәселелері жөніндегі орынбасары

    1977 жылы 9 шілдеде Павлодар облысы Қашыр ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін математика және информатика мұғалімі мамандығы бойынша, Инновациялық Еуразия университетін Есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтады.

    Экономика және қаржы
    Иманғалиева Бибігүл Сағынтайқызы
    Әкімінің орынбасары

    Иманғалиева Бибігүл Сағынтайқызы

    Қала әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары

    1983 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар: 2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді (Павлодар қ.); 2019 жылы — «Құқықтану» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қ.).

    Төребеков Жандарбек Ботабекұлы
    Аппарат басшысы

    Төребеков Жандарбек Ботабекұлы

    Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы

    1994 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар: 2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша бітірген. «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.

    Мемлекеттік қызметтер

    3
    Қызметкерлер

    Омарова Гуля Мухамедризаевна

    АҚ «БЖЗҚ» Павлодар облыстық филиалының Операциялық бөлімінің Екібастұз қаласындағы қызмет көрсету орталығының бастығы

    Жоғары-падагогикалық, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты. Жоғары-экономикалық. «Туран-Астана» Университеті, Астана қ., Мамандығы: Экономика.

    Қызметкерлер

    Куконев Даулет Сарсембекович

    Начальник управления

    1985 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген. Туған жері - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Білімі - жоғары. 2006 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін бітірген.

    Галямов Тлекжан Назарович
    Қызметкерлер

    Галямов Тлекжан Назарович

    Заместитель начальника управления

    Галямов Тлекжан Назарович 1983 жылдың 29 қыркүйегінде Павлодар облысы Ақсу ауданы Қазалы ауылында дүниеге келген. Білімі– жоғары, 2005 жылы Павлодар университетінің заң факультетін тамамдап заңгер мамандығы бойынша білім алған, 2014 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын әскери іс және қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша білім алған. «Мінсіз қызметі үшін III дәрежелі» медалімен марапатталған, Павлодар облысы ТЖД бастығынан «Алғыс хат» алған, I-ші дәрежелі шебер-тәлімгер.

    Басқа қызметкерлер

    11
    Еңсебаева Гүлнар Төлебайқызы
    Қызметкерлер

    Еңсебаева Гүлнар Төлебайқызы

    Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының әкімі

    Еңсебаева Гүлнар Төлебайқызы 1967 жылы 18 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Комсомольский» совхозында дүниеге келген. 2012 жылы Павлодар Инновациялық Еуразия Университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді.

    Кенжетайұлы Бауыржан Бозтаев
    Қызметкерлер

    Кенжетайұлы Бауыржан Бозтаев

    Екібастұз қаласы Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі

    1976 жылғы 16 қаңтарда Қарағанды облысының Молодежное кентінде дүниеге келген. Білімі – орта кәсіптік, 2006 жылы Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық «дене шынықтыру» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Илеубаев Архат Адилханович
    Әкім

    Илеубаев Архат Адилханович

    Екібастұз қаласы Солнечный кентінің әкімі

    1975 жылғы 26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, 2007 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Локомотивтер» мамандығы бойынша, 2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша аяқтаған. 1995 жылы Красноармейка ауылшаруашылық техникумын Ауылшаруашылығы жұмыстарын механикалындыру» мамандығы бойынша бітірді.

    Ибраев Жанат Кабдулуахитович
    Қызметкерлер

    Ибраев Жанат Кабдулуахитович

    Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімі

    1976 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз ауданы Тай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1999 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2014 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Уразалимов Ержан Кабдрашитович
    Қызметкерлер

    Уразалимов Ержан Кабдрашитович

    Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі

    1986 жылғы 26 шілдеде Ресей Федерациясы Новосібір облысы Чулымский ауданы Чикман ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2010 жылы С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін «ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Қасеналин Ерлан Ермұраұлы
    Қызметкерлер

    Қасеналин Ерлан Ермұраұлы

    Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің әкімі

    Қасеналин Ерлан Ермұратұлы 1961 жылы 12 желтоқсанда Павлодар облысы Екібастұз ауданы Екібастұз совхозында дүниеге келген. 1981 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

    Амантай Докторхан
    Қызметкерлер

    Амантай Докторхан

    Екібастұз қаласы Байет ауылдық округінің әкімі

    Амантай Докторхан 1963 жылы 19 қазанда Моңғолия Республикасының Ховда қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Білімі жоғары.

    Кабылтаев Ерлан Жанбыртаевич
    Қызметкерлер

    Кабылтаев Ерлан Жанбыртаевич

    Аким Аккольского сельского округа

    1965 жылы 18 шілдеде Павлодар облысында дүниеге келген. 1989 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірді.

    Онгонусов Әлібек Райханұлы
    Қызметкерлер

    Онгонусов Әлібек Райханұлы

    Аким Торт-Кудукского сельского округа города Экибастуза.

    1984 жылы Павлодар облысы, Екібастұз ауданының Екібастұз қеңшарында туған. Білімі - жоғары, Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша аяқтаған.

    Насиков Алмас Марленович
    Қызметкерлер

    Насиков Алмас Марленович

    Екібастұз қаласы Шідерті кентінің әкімі

    1986 жылғы 24 шілдеде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, 2007 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2019 жылы «ТҰРАН» Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.