Бейсекин Аян Уахитұлы

    Екібастұз қаласының әкімі

    Бейсекин Аян Уахитұлы
    Аким

    Бейсекин Аян Уахитұлы

    Екібастұз қаласының әкімі

    Өмірбаян

    Аян Уахитұлы 1987 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар: 2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры мамандығы бойынша, 2013 жылы «Болашақ» бағдарламасымен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, «Мемлекеттік басқару магистрі» біліктілігі берілген.

    Еңбек жолын 2008 жылы Нұр-Сұлтан қаласы мен Мәскеу қаласының мемлекеттік емес құрылымдарында бастады.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша Персоналды басқару бөлімінің консультанты болып жұмыс істеді, Железин ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі индустриялық-инновациялық даму секторының меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, Павлодар қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, Ертіс ауданының әкімі болып еңбек етті.

    2022 жылғы 16 тамыздан бастап Екібастұз қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері