
Зарлыкова Гүлжан Шаяхметқызы
Қала әкімінің экономика, кәсіпкерлік және сауда мәселелері жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
1977 жылы 9 шілдеде Павлодар облысы Қашыр ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін математика және информатика мұғалімі мамандығы бойынша, Инновациялық Еуразия университетін Есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын Трофимовка орта мектебінде математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып бастаған.
Павлодар қаласының № 2 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Павлодар қаласының ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, Павлодар облысы білім беру департаментінің аттестаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы, Ақсу қаласы Ж.Мұса атындағы колледжінің директоры, ішкі бақылау бөлімінің басшысы, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары, «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып еңбек етті.
Мемлекеттік қызмет өтілі - 14 жыл.
2018 жылдың қыркүйек айынан Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.



