Иманғалиева Бибігүл Сағынтайқызы

    Қала әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары

    Иманғалиева Бибігүл Сағынтайқызы
    Заместитель акима

    Иманғалиева Бибігүл Сағынтайқызы

    Қала әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары

    Өмірбаян

    1983 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар:

    2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді (Павлодар қ.);

    2019 жылы — «Құқықтану» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қ.).

    Жалпы еңбек өтілі-17 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі-12 жыл.

    Еңбек жолын Қазақстанның банк жүйесінде 2004-2009 жылдары бастаған.

    2010-2016 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, Қазақстандық қамту мониторингі басқармасының сарапшысы.

    2017 жылы-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасының басшысы.

    2018 жылы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджеті департаменті құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары бюджеті басқармасының басшысы.

    2018-2020 жылдары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің ғылым бюджеті және дербес ұйымдарға нысаналы салымдар басқармасының басшысы.

    2020 жылы-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік көмек министрлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары.

    2021-22 жылдары-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қызметтер, әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары, Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі.

    2023 жылдың ақпан айынан бастап Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері