
Галямов Тлекжан Назарович
Заместитель начальника управления
Өмірбаян
Галямов Тлекжан Назарович 1983 жылдың 29 қыркүйегінде Павлодар облысы Ақсу ауданы Қазалы ауылында дүниеге келген.
Білімі– жоғары, 2005 жылы Павлодар университетінің заң факультетін тамамдап заңгер мамандығы бойынша білім алған, 2014 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын әскери іс және қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша білім алған. «Мінсіз қызметі үшін III дәрежелі» медалімен марапатталған, Павлодар облысы ТЖД бастығынан «Алғыс хат» алған, I-ші дәрежелі шебер-тәлімгер.
Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтаушысы лауазымынан бастаған. 2009-2012жылдары Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің аға анықтаушысы лауазымын атқарған. 2012-2015 жылдары №34 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл батығы лауазымына ауыстырылды. 2015-2020жылдары Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау тобының бас маманы лауазымын атқарған№
2020 жылдың 03 шілдесінде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департаменті бастығының бұйрығымен ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департаменті Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығы орынбасары болып тағайындалды.