
Насиков Алмас Марленович
Екібастұз қаласы Шідерті кентінің әкімі
Өмірбаян
1986 жылғы 24 шілдеде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар, 2007 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2019 жылы «ТҰРАН» Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әртүрлі ұйымдарда заңгер, Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде, Қоянды ауылдық округі әкімінің аппаратында, Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман болып еңбек атқарды.
Шідерті кентінің әкімі болып тағайындалғанға дейін Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бас маманының лауазымын атқарды.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімін тіркеу туралы шешімінің негізінде 2024 жылдың 21 ақпанында Екібастұз қаласы Шідерті кентінің әкімі болып тағайындалды.




