Қызметкерлер — Жуалы ауданы мәслихатының аппараты

    Жуалы ауданы мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы

    Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы

    Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы 1963 жылы 15 желтоқсанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1971-1981 жылдары Үшарал орта мектебінде оқып білім алған 1981-1986 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер механик мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін мұнай-газ ісі мамандығы бойынша, 2020 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Жуалы аудандық мәслихатының ІV, V, VII шақырылымының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Үйленген, бір ұл мен екі қызы бар.

    Қойбақов Серік Дүйсенбайұлы
    Аппарат басшысы

    Қойбақов Серік Дүйсенбайұлы

    Жуалы аудандық мәслихат аппаратының басшысы

    1982 жылы 13 мамырда Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Алматы экономика және статистика институтын 2003 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Бөлім

    1

    Басқа қызметкерлер

    12
    Асемов Мұхамеджан Тұрсынбайұлы
    Мәслихат депутат

    Асемов Мұхамеджан Тұрсынбайұлы

    Әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    1976 жылы 15 тамызда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қайрат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер гидротехник» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Кәсіптік білім беру» мамандығы бойынша бітірген. Жетінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Отбасылы.

    Мәлібекова Нұрила Эдиханқызы
    Мәслихат депутат

    Мәлібекова Нұрила Эдиханқызы

    Халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, спорт және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    1978 жылы 14 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіп секторындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2003 жылы «Әулие-Ата» университетін «Орыс тілі және әдебиет» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Аринов Свамбай Несіпханұлы
    Мәслихат депутат

    Аринов Свамбай Несіпханұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    1967 жылы 23 маусымда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1995 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Хирургия» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Наушабаев Қанат Қамбарұлы
    Мәслихат депутат

    Наушабаев Қанат Қамбарұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    1965 жылы 25 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қоңыртөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Қаратау каласындағы №110 кәсіптік техникалық училищені «Құрылыс ұстасы» мамандығы бойынша, 1988 жылы Қаратау тау-кен құрылыс техникумын «Өндірістік-азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылысшы» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Әбішева Эльмира Әбілқызы
    Мәслихат депутат

    Әбішева Эльмира Әбілқызы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    18.02.1972 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген. 1989 – жылы №1 Орджоникидзе атындағы орта мектепті бітіріп, Жамбыл педагогикалық институттың орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығына түсіп. Аталған оқу орнын 1994 жылы бітірген. 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне түсіп, 2015 жылы педагогикалық магистр дәрежесін алған. "AMANAT" партиясының мүшесі. Отбасылы. 1ұл, 1қызды өсіріп тәрбиелеуде.

    Абдиваитов Ермек Сайтбайұлы
    Мәслихат депутат

    Абдиваитов Ермек Сайтбайұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    1989 жылы 17 қарашада Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «География пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Байрамов Калдыбай Донешоглы
    Мәслихат депутат

    Байрамов Калдыбай Донешоглы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    27.08.1964 жылы Қазақстан Республикасы, Туркістан облысы, Түлкібас ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 1971-1978 жыл аралығында Алғабас ауылында сегіз жылдық мектебін бітірген. 1979-1981 жыл аралығында Түлкібас ауылында №343 орта мектебін аяқтаған. 1982-1983 жылы Қарағанды мемлекеттік медециналық инстетутына қарасты жұмысшы факультетінде оқыған. 1983-1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медециналық институтына түсіп, емдеу ісі факультеті бойынша бітіріп хирург дәрігері мамандығын алған. Марапаттары: 2015 жылы «Алтын дәрігер» төс белгісімен марапатталған. 2015 жылы Халықаралық ассамблеясының этнос аралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін төс белгісімен марапатталған. 2016 жылы ҚР ДСМ құрмет грамотасымен марапатталған. 2017 жылы ҚР ДСМ құрмет грамотасымен марапатталған. 2018 жылы Жуалы ауданы әкімінің Жуалы ауданына «90 жылдығына» орай төс белгісімен марапатталған. 2018 жылы ҚР Президентінің Қаулысымен «ҚР тәуелсіздік күніне» орай құрмет грамотасымен марапатталған. 2019 жылы Жамбыл облысының «80 жылдығына » орай облысқа сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен марапатталған. 2020 жылы ҚР Конститутциясының 25- жылдық мерекелік күніне орай мерекеллік төс белгісімен марапатталған. 2020 жылы ҚР Президентінің Қаулысымен «ҚР Тәуелсіздік күніне» орай пандемия кезінде адал еңбегі үшін төс белгісімен марапатталған. Облыс және аудан әкімінің, маслихаттың, облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы, 3 қыз, 1 ұл бала тәрбиелеп өсіріп отыр.

    Нарымбеков Марат Аманқалиұлы
    Мәслихат депутат

    Нарымбеков Марат Аманқалиұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    1986 жылы 13 тамызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2015 жылы Тараз Инновациялық университетін «Экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Молдабай Жамбыл Айдосұлы
    Мәслихат депутат

    Молдабай Жамбыл Айдосұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    1996 жылы 6 ақпанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Теріс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы «Тараз Парасат» колледжін «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша, 2021 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Исаев Жәнібек Иманқұлұлы
    Мәслихат депутат

    Исаев Жәнібек Иманқұлұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    17.11.1972 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. Арнайы орта білім, жоғары. 1990-1991 ПТУ-23, «Сатушы» мамандығы, 1991-1993 жж., С.А. қатарында қызмет ету. 1998-2001 жж. Тараз мемлекеттік университеті М.Х.Дулати, «Менеджер-экономист», экономика және бизнес факультеті, 2004-2006 жж. Х.А.Яссауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университеті, «заңгер» мамандығы, «юриспруденция». Қазақстан Халық партиясының мүшесі. Марапаттар; ҚКХП Орталық Комитетінің 2018 жылғы 24 мамырдағы «Комсомолға 100 жыл» мерейтойлық медалі «ҚКХП-ге 15 жыл» мерейтойлық медалі ҚКХП ОК 10.04.2019 ж ҚКХП Орталық Комитетінің «В.И.Ленинге 150 жыл» мерейтойлық медалы 25.10.2019 ж ҚКХП ОК-нің 01.24 ж. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай» мерекелік медалі.

    Елекбаев Айбек Орынбасарұлы
    Мәслихат депутат

    Елекбаев Айбек Орынбасарұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    1969 жылы Жуалы ауданы Қызыларық ауылында дүниеге келген. 1986 жылы М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, әскери борышын өтеген. Тараз мемлекеттік Университетін инженер-экономист мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын «Бурненский» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1996-2000 жылдары «Бекберді» шаруа қожалығының бөлімше меңгерушісі, 2000-2003 жылдары Тараз қаласында «Датқа» ЖШС-нің директоры, 2002 жылдан бастап «Боранды» шаруа қожалығының төрағасы, Жамбыл облысы аумақтық балық шаруашылығы басқармасының Жуалы ауданындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасындағы өкілі. 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін «Компрессор-Тараз» ЖШС директоры. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. IV-V-VI шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Отбасылы, екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.

    Тәжіханов Бауыржан Жарылқасынұлы
    Мәслихат депутат

    Тәжіханов Бауыржан Жарылқасынұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    1985 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Политехникалық колледжді «Қаржылық бақылау және аудит» мамандығы бойынша, 2007 жылы Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.