
Өмірбаян
18.02.1972 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген.
1989 – жылы №1 Орджоникидзе атындағы орта мектепті бітіріп, Жамбыл педагогикалық институттың орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығына түсіп. Аталған оқу орнын 1994 жылы бітірген. 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне түсіп, 2015 жылы педагогикалық магистр дәрежесін алған. "AMANAT" партиясының мүшесі.
Отбасылы. 1ұл, 1қызды өсіріп тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 1994 жылдан №1 Орджоникидзе атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 1996 жылдан бастап аталған мекемеде орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2002 жылы Швецияға сайлауды бақылаушы ретінде Қазақстандық делегация құрамында барған.
2009 жылы №6 А. Пушкин атындағы орта мектепте мектеп директоры және орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.
2012 жылы №2 Мыңбұлақ орта мектепте мектеп директоры және орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.
2017 жылдан бастап №1 мектеп-гимназиясының директоры және орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда.





