
Асемов Мұхамеджан Тұрсынбайұлы
Әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Өмірбаян
1976 жылы 15 тамызда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қайрат ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Кәсіптік білім беру» мамандығы бойынша бітірген.
Жетінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Отбасылы.
Еңбек жолын 2004 жылы Тараз қаласы «Кең-Дала ЛТД» ЖШС менеджер болып бастаған.
2008 жылы Алматы қаласы «Tay-Build» құрылыс компаниясының прорабы.
2010-2016 жылдары «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Ақсай» ӨБ жетекші маманы.
2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Ақсай» ӨБ мекемесі басшысының орынбасары.





