Аринов Свамбай Несіпханұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    Аринов Свамбай Несіпханұлы
    Депутат маслихата

    Аринов Свамбай Несіпханұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1967 жылы 23 маусымда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылында дүниеге келген.

    Білімі жоғары.

    1995 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Хирургия» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1984 жылы Жуалы ауданы, Көлтоған ауылындағы «Путь коммунизма» колхозында слесарь болып бастаған.

    1988 жылдың қаңтар-маусым айлары Жуалы ауданы, Көлтоған ауылы «Путь коммунизма» колхозы құрылыс бригадасында құрылысшы.

    1988 жылдың маусымынан 1989 жылдың маусымына дейін Жуалы ауданы Көлтоған ауылы «Путь коммунизма» колхозында кадр бөлімінің аға инспекторы.

    1995-1996 жылдары Тараз қалалық №1 ауруханада хирург мамандығы бойынша интернатурадан өткен.

    1996-2010 жылдары Тараз қалалық №2 ауруханада уролог-дәрігер.

    2010-2012 жылдары Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында әкімшілік қызметкер.

    2012-2021 жылдары Астана қаласындағы «Салауатты өмір салты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бөлім бастығы, Тараз қаласындағы «Олимп» клиникалық диагностика зертхана бөлімінің бас директоры, «Сенім-А» медициналық орталығының директоры, Ақмола облысының Шортанды аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, «Medilab Immun» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «БАСТАУ АГРОМАРТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

    2021 жылдан «Бурное сүт компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері