
Мәлібекова Нұрила Эдиханқызы
Халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, спорт және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
Өмірбаян
1978 жылы 14 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіп секторындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2003 жылы «Әулие-Ата» университетін «Орыс тілі және әдебиет» мамандығы бойынша аяқтаған.
2001-2018 жылдары Жуалы ауданындағы №1 Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясында орыс тілі және әдебиеті мұғалімі.
2013 жылы сауда саласында кәсіпкерлікті бастаған.2018 жылдан «Bilimdi urpaq» білім орталығының директоры.2021 жылдан қысқа мерзімді оқыту және қайта кадрларды дайындау «Nur-Ai» ЖК басқарушысы, «TopJargan» жауапкершілігі жектеулі серіктесігінің орындаушы директоры.Жуалы аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.





