
Абдиваитов Ермек Сайтбайұлы
Жуалы ауданы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1989 жылы 17 қарашада Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2013 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «География пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Жамбыл облысы, Тараз қалалық № 4 халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған.
2014-2016 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қалалық №4 Халыққа қызмет көрсету орталығының реттеу залы басшысының орынбасары.
2016-2017 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының - Тараз қалалық №4 халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы.
2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының - Тараз қалалық №2 халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысының орынбасары.
2019 жылдың 4 сәуір айынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша «HR және СМЖ» дамыту басқармасының басшысы.
2019 жылдың 16 қазаннан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының - Жуалы аудандық халыққа қызмет бөлімінің басшысы.





