Елекбаев Айбек Орынбасарұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    Елекбаев Айбек Орынбасарұлы
    Депутат маслихата

    Елекбаев Айбек Орынбасарұлы

    Жуалы ауданы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1969 жылы Жуалы ауданы Қызыларық ауылында дүниеге келген. 1986 жылы М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, әскери борышын өтеген. Тараз мемлекеттік Университетін инженер-экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын «Бурненский» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1996-2000 жылдары «Бекберді» шаруа қожалығының бөлімше меңгерушісі, 2000-2003 жылдары Тараз қаласында «Датқа» ЖШС-нің директоры,

    2002 жылдан бастап «Боранды» шаруа қожалығының төрағасы, Жамбыл облысы аумақтық балық шаруашылығы басқармасының Жуалы ауданындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасындағы өкілі.

    2011 жылдан бүгінгі күнге дейін «Компрессор-Тараз» ЖШС директоры.

    Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.

    IV-V-VI шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Отбасылы, екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері