Қызметкерлер — "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" ММ

    "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" ММ басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Ержигитова Анар Муратовна
    Мәслихатының төрағасы

    Ержигитова Анар Муратовна

    Жангелдин аудандық мәслихатының төрағасы

    Мен, Ержігітова Анар Мұратқызы 1968 жылы 04 ақпанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келдім. 1976 жылы Торғай селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы Торғай қазақ мектебіне 1 сыныпқа оқуға, 1985 жылы 10 жылдықты аяқтадым. 1985 жылы Целиноград финанс-экономикалық техникумына оқуға түсіп,1987 жылы қаржыгер мамандығы бойынша бітірдім. 1987 жылдың маусым айы мен 1988 жылдың шілде айы аралығында аудандық қаржы бөлімінде штат жөніндегі ревизор-инспектор болып қызмет атқардым, маусым айы 1988 жылдан шілде айы 1998 жыл аралығында осы аталған мекеменің бюджет бөлімінің бастығы- аудандық қаржы бөлімінің басшысының орынбасары болып қызмет атқардым. 1998 жылдың шілде айынан 2004 жылдың желтоқсан айына дейін- аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқардым. 2005 қаңтар айынан бастап осы кезеңге дейін «Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы болып қызмет атқарамын. Тұрмыстамын, жанұяда З балам бар. Жолдасым Қарабалин Еркеш Жәлелұлы- жеке кәсіпкер, ұлым Қарабалин Асқат Еркешұлы, 1992 жылы туған, жанұялы-екі баласы бар, Астана қаласында тұрады, мемлекеттік қызметкер. Ұлым Жәлел Асылбек Еркешұлы,1994 жылы туған, жанұялы-екі баласы бар, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте мұғалім. Қызым Қарабалина Гүлбаһар Еркешқызы, 2010 жылы туған- 7 сынып оқушысы. Отбасымда қылмыстық жауапқа тартылғандар жоқ.

    Депутаттар

    Басқа қызметкерлер

    31
    Нургазин Серик Багдаевич
    Мәслихат депутат

    Нургазин Серик Багдаевич

    Жетінші шақырылымның депутаты

    Нұрғазин Серік Бағдаұлы 1965 жылы 18 желтоқсанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген. 1972 жылы Жангелдин орта мектебінің бірінші сыныбына барып, осы аталған мектепті 1982 жылы бітірген. 1982-1983 жылдары Торғай селосындағы №157 Жангелдин аудандық кәсіптік техникалық білім беру училищесінен ауыл шаруашылығының механизаторы мамандығын алып шыққан. 1983 жылы Арқалық педагогикалық институтына түсіп, осы аталған институтты 1990 жылы бітіріп, физик-математик мамандығын алып шықты. Институт қабырғасында жүргенде 1987-1989 жылдары Кеңес Армиясының қатарында жауынгерлік борышын атқарған. Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін алғашқы еңбек жолын Жангелдин ауданының Қызыл-Әскер кеңшарында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы қызметінен бастаған. 1991-1995 жылдары Жангелдин орта мектебінде мұғалім, ал 1996-1997 жылдары Ш.Уәлиханов орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1997 – 2008 оқу жылдары Торғай селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім-психолог, 2008-2012 жылдар аралығында осы аталған мектептің директоры қызметін атқарған. 2012 жылдың 25 қаңтарынан бастап Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келеді. С.Б.Нұрғазин «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» (2014ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015г.), «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» (2020ж.),мерекелік медалдарымен марапатталған. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Д.Н.Назарбаеваның «Құрмет грамотасы» мен марапатталды. 2019 жылы «Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» құрметті атағымен марапатталды. Облыстық білім беру департаментінің және аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталған. Жанұялы, үш баласы бар.

    Кулжанов Жаскыран Сактаганович
    Бөлім басшысы

    Кулжанов Жаскыран Сактаганович

    Ұйымдастыру бөлімінің басшысы

    Мен Кулжанов Жаскыран Сактаганович 1978 жылы 19 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында дүниеге келдім. 1985 жылы Ш.Уәлиханов атындағы негізгі мектепке бірінші сыныпқа барып, 1993 жылы аталған мектептің тоғызыншы сыныбын тәмамдадым. 1993 – 1996 жылдар аралығында Торғай ауылындағы Селолық кәсіптік-техникалық училищесінде тракторист-машинист мамандығы бойынша білім алдым. 2001 жылы Арқалық экономика және құқық колледжіне оқуға түсіп, 2004 жылы құқықтану мамандығы бойынша білім алып шықтым. 2012 жылы Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінен құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алдым.2005 жылы 5 қаңтарда «Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жетекші маман болып жұмысқа тұрдым. 2008 жылғы 28 қазанда «Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып ауыстым.2019 жылы 15 шілдеде «Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру бөлімінің басшысы ретінде жұмысқа қабылданып, осы уақытқа дейін қызмет істеп келемін. Жанұялымын. Әйелім: Касымханова Жанат Нурхановна 15.11.1979 жылы туған, 2005 жылдан бастап некеде тұрамыз. 4 балам бар. Анам: Картабаева Куляш Жетписбаевна, 01.01.1941 жылы туған, Қызым: Сақтаған Эльмира Жасқыранқызы, 24.11.2005 жылы туған, Ұлым: Сақтаған Аманжол Жасқыранұлы, 16.06.2007 жылы туған, Қызым: Сақтаған Айым Жасқыранқызы, 07.11.2008 жылы туған, Ұлым: Сақтаған Ершат Жасқыранұлы, 09.09.2015 жылы туған.Өзім және әйелім, өзімнің жақын туыстарым және әйелімнің жақын туыстары қылмыстық жауапқа тартылмаған. Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылы Ақмырза көшесі №10 үйде тұрамын.

    Бартай Думан Серикович
    Бас маман

    Бартай Думан Серикович

    Бас маман

    Мен Бартай Думан Серікұлы 05.08.1999 жылы Жангелдин ауданы Торғай ауылында өмірге келдім. 2007-2015 жылы Ш.Уалиханов атындағы қазақ орта мектебін бітірдім. 2015-2019жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық колледжін тәмәмдадым. 2019-2020 жылы әскерге шақырту алдым,Қарағанды қаласында 31775 әскери бөлімінде барлау ротасында аға пулеметші болып қызмет атқардым. 2021-2023 жылы Қостанай қаласына Ішкі істер басқармасына уақытша ұстау изоляторына жұмысқа орналастым. 2023-2025 жылы Қостанай каласына ТОО Сарыарқа автопром көлік құрастыру заводына сынақ жүргізуші болып жұмысқа орналастым. 2021-2025 жылдары(Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағыҚостанай әлеуметтік-техникалық университетінің)Құқық мамандығын тәмәмдадым. 04.11.2025 жылдан бастап « Жангелдин аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс атқармын. Отбасылық жағдайым:Бұрын сонды үйленбегенмін

    Агитаева Бакыткуль Бактыбаевна
    Бас маман

    Агитаева Бакыткуль Бактыбаевна

    Бас маман

    Мен Агитаева Бахыткул Бактыбаевна 21.08.1965 жылы Жангелдин ауданы Торғай ауылында өмірге келдім. 1982-1983жылдары Алматы қаласында Жинақтау орталық кассасында есепші болып жұмыс атқардым. 1983-1984 жылдары Жангелдин ауданы Торгай ауылында авиометеостанцияда техник болып жұмыс жасадым. 1984-1986 жылдары Целиноград қаржы-экономикалық колледжін бітірдім. 1986-2008жылдары Жангелдин аудандық қаржы бөлімінде бас есепші болып жұмыс атқардым. 2001-2004 жылдары М Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін сырттай бөлімін тәмәмдадым. 2008-2009 жылдары Қызбел ауылдық округінде жетекші маман болып қызмет атқардым. 2009 жылдан бастап Жангелдин аудандық мәслихат аппаратында бас маман болып қызмет атқарып келемін Отбасымда 4 балам бар Кызым. Игисинова Айдана 1991 жылғы. Арқалық қаласында медициналық колледжде мұғалім. Қызым. Абенова Гулдана 1993 жылғы. Жангелдин ауданы білім бөлімінде әдістемеші. Қызым. Акмалова Талшын 2004 жылғы Қостанай қаласында Педагогический колледжі студенті Ұлым. Акмал Олжас 2006 жылғы. оқушы Отбасымда қылмыстық жауапқа тартылғандар жоқ.

    Сарсенгельдина Самал Койшиевна
    Бас маман

    Сарсенгельдина Самал Койшиевна

    Бас маман

    Сарсенгельдина Самал Қойшиевна, 1982 жылы Жангелдин ауданында дүниеге келді. 1989 жылы Алтынсарин атындағы мектепке барып, 2000 жылы бітірдім. Жоғары білімді Астана қаласының Аграрлық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірдім. Төрт баланың анасы. 04.09.2003 – 01.02.2004 жж. Астана қаласы Политехникалық колледжінің мұғалімі болып жұмыс атқардым. 01.03.2007 – 06.06.2007 жж. Жангелдин ауданының әкімі аппарат ММ-нің техникалық қызметкері. 05.06.2007 – 16.08.2007 жж. Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ маманының уақытша қызметін атқардым. 16.08.2007 – 05.10.2007 жж. «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ маманы қызметін атқардым. 05.10.2007 – 01.12.2008 жж. «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманы қызметін атқардым. 01.12.2008 – 04.03.2009 жж. «Шилі селосы әкімі аппараты» ММ-нің маманы қызметін атқардым. 04.03.2009 – 10.02.2026 жж. осы күнге дейін «Жангелдин ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бас маманы болып қызмет атқардым. 07.08.2026- қазіргі уақытқа дейін «Жангелдин аудандық мәслихаты» ММ нің бас маманы. Отбасымда қылмыстық жауапқа тартылғандар жоқ.

    Ержигитова Анар Муратовна
    Мәслихат депутат

    Ержигитова Анар Муратовна

    Жангелдин аудандық мәслихатының төрайымы, сегізінші шақырылымның депутаты

    Анар Мұратқызы 1968 жылы 4 ақпанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Торғай селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы Торғай қазақ мектебіне 1 сыныпқа оқуға, 1985 жылы 10 жылдықты аяқтадым. 1985 жылы Целиноград финанс-экономикалық техникумына оқуға түсіп,1987 жылы қаржыгер мамандығы бойынша бітірдім. 1987 жылдың маусым айы мен 1988 жылдың шілде айы аралығында аудандық қаржы бөлімінде штат жөніндегі ревизор-инспектор болып қызмет атқардым, маусым айы 1988 жылдан шілде айы1998 жыл аралығында осы аталған мекеменің бюджет бөлімінің бастығы- аудандық қаржы бөлімінің басшысының орынбасары болып қызмет атқардым. 1998 жылдың шілде айынан 2004 жылдың желтоқсан айына дейін- аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқардым. 2005 қаңтар айынан бастап осы кезеңге дейін Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы болып қызмет атқарамын. Тұрмыстамын, жанұяда З балам бар. Жолдасым Қарабалин Еркеш Жәлелұлы- жеке кәсіпкер, үлкен ұлым Қарабалин Асқат Еркешұлы, 1992 жылы туған, жанұялы-екі баласы бар, Астана қаласында тұрады, мемлекеттік қызметкер. Екінші ұлым Жәлел Асылбек Еркешұлы,1994 жылы туған, жанұялы-екі баласы бар, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте мұғалім. Қызым Қарабалина Гүлбаһар Еркешқызы, 2010 жылы туған- 7 сынып оқушысы. Сіңілім Ержігітова Ақмарал Мұратқызы, 1970 жылы туған, мұғалім; Інім Ержігітов Қайрат Мұратұлы, 1974 жылы туған, жұмыссыз; Сіңілім Ержігітова Самал Мұратқызы, 1976 жылы туған, есепші; Сіңілім Ержігітова Жанар Мұратқызы, 1977 жылы туған, медбике; Сіңілім Ержігітова Данагүл Мұратқызы, 1981 жылы туған, мал дәрігері. Шетелдерде болған жоқпын. Отбасымда қылмыстық жауапқа тартылғандар жоқ. «AMANAT» партиясының мүшесімін. Марапаттары: «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытың және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай ақ еліміздің қоғамдық-саясы өміріне белсенді ат салысқан үшін «Құрмет грамотасы» Қазақстан Ресупбликасының мәслихаттарына 20 жыл Мерекелік медалі, 2014 жыл. Қазақстан Ресупбликасының мәслихаттарына 25 жыл «Құрмет грамотасы», 2019 жыл. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығы мерекесіне орай Қостанай облысы әкімі А.Мухамбетовтын «Құрмет грамотасы».

    Сундетбаев Габит Кодебаевич
    Мәслихат депутат

    Сундетбаев Габит Кодебаевич

    Сегізінші шақырылымның депутаты

    Сүндетбаев Ғабит Құдебайұлы 1962 жылы 27 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Тауш ауылында дүниеге келген. Білімі: жоғары ауыл шаруашылығы және экономикалық, 1985 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын "Экономика және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша, 2008 жылы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Ахмет Байтұрсыновтың "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Торғай облысы Жангелдин ауданының "Қызыләскер" совхозында еңбек жөніндегі аға экономист болып бастады, содан кейін 1986 жылы бас экономист лауазымына ауысу тәртібімен Торғай облысы Жангелдин ауданының "Аққұм" совхозына ауыстырылды, ал 1989 жылы Торғай облысы Жангелдин ауданының "Еңбек" совхозына ауыстырылды. 1991 жылдан 1999 жылға дейін Қостанай облысы Жангелдин ауданы салық инспекциясының бастығы, Салық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2007 жылға дейін Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімінің әлеуметтік және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2013 жылға дейін Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2013-2017 жылдары Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылының әкімі. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Жангелдин ауданының "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді. Сүндетбаев Ғабит Құдебайұлы жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау үшін жоғары кәсіби білімі және ерекше практикалық тәжірибесі бар. "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл" медальдарымен марапатталған. Өзгелермен сыпайы және дұрыс. Жоғары мәдени деңгейге ие, білімді, ақылды адам. Халық арасында үлкен және лайықты беделге ие.

    Елеутов Талап Нагашыбаевич
    Мәслихат депутат

    Елеутов Талап Нагашыбаевич

    Сегізінші шақырылымның депутаты, Жангелді аудандық мәслихатының бюджет, экономика, заңдылықпен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Мен Елеутов Талап Нагашыбаевич 1969 жылы 12 шілдеде Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында дүниеге келдім. 1976-1986 жылдары аралығында Торғай ауылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде білім алдым. 1990-1999 жылдары Арқалық облыстық газ мекемесінің Торғай газ тарату бөлімшесінде слесарь-профилактик болып жұмыс істедім. 2000 жылдары жеке кәсіпкерлікпен яғни сауда саласында еңбек еттім. 2014 жылдан бастап шаруа қожалығын құрып мал шаруашылығымен айналысудамын. Жанұялымын үш балам бар.

    Тұрақты комиссияДепутаттар
    Кабенова Айман Апешовна
    Мәслихат депутат

    Кабенова Айман Апешовна

    Жетінші шақырылымның депутаты

    Кабенова Айман Апешқызы 1977 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Аралбай ауылындағы Жангелдин орта мектебінің табалдырығын аттап, аталмыш мектепті 1994 жылы бітірдім. 1995 жылы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, 1998 жылы бастауыш сынып мұғалімі біліктілігі бойынша мамандық алдым. 2003 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында білімімді жалғастырып, 2005 жылы бітірдім. Білімі жоғары. Алғаш еңбек жолын 2000 жылы Жангелдин орта мектебінен бастадым. 2000-2008 жылдары Жангелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқардым. 2008-2014 жылдар аралығында Жангелдин орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасадым. 2014 жылдың қазан айынан бастап, Жангелдин орта мектебінің директоры қызметін атқарып келемін. Осы жылдары атқарған жұмысындағы жақсы нәтижелері үшін: 2002 жылы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесі күні құрметіне жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жемісті еңбегі үшін, Аудандық білім бөлімінің Мақтау Грамотасы. 2008 жылы: Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін, Аудандық білім беру бөлімінің Құрмет Грамотасы 2010 жылы: Қостанай облысының білім беру жүйесіндегі қалтқысыз қызметі мен жемісті еңбегі үшін, Облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасы 2011 жылы: Егеменді еліміздің ұлттық руханиятының биік өлшемі тәрбие мен білім жолындағы ерен еңбегіңіз бен шығармашылық табыстарыңыз үшін, Аудандық білім беру бөлімінің Грамотасы. 2017 жылы: «Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері мен білім беру саласына сіңірген ерекеше еңбегі үшін» Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым. 2020 жылы: Адал еңбегі үшін Қостанай облысының Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.

    Ысмағұл Гүлім Мылтықбайқызы
    Мәслихат депутат

    Ысмағұл Гүлім Мылтықбайқызы

    Жетінші шақырылымның депутаты

    Мен, Ысмағұл Гүлім Мылтықбайқызы 1989 жылы 29 – шы қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Білімім жоғары. Алғашқы мамандығым “Филолог”, екіншісі “Журналистика” мамандығы бойынша Әлеуметтік ғылымдардың магистрімін. 2012 жылдан бері “Нұр Отан” партиясының мүшесімін.2017 жылдан Жангелдин аудандық мәслихатының депутатымын.Жангелдин ауданының Көшбасшы әйелдер клубы мен аналар Кеңесінің мүшесімін. Отбасылымын. Жолдасым мемлекеттік қызметкер. Жанұямда екі бала тәрбиелеп отырған анамын. Еңбек жолымды 2011 жылы Алматы қаласындағы №144 мектеп - гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастадым. 20.02.2012 - 16.10.2012 жыл аралығында Жангелдин ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 07.09.2012 - 01.02.2017 жылдары Жангелдин аудандық “Біздің Торғай” газетінің директоры - Бас редакторы. 01.02.2017 -02.11.2020 жылддарыЖангелдин аудандық“Біздің Торғай” газетінің Бас редакторы. 02.11.2020 жылдан – осы уақытқа дейін Жангелдин ауданы әкімдігінің “Аудандық тілдерді оқыту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Еңбек еткен жылдары алған марапаттарым 2012 жылы мемлекеттік жастар саясатына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүндетбаевтың Алғыс хаты 2013 жылы “Менің тағдырым – елімнің тағдыры” атты оңтүстік өңір жастары форумының жеңімпазы 2014 жылы ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай Қостанай облыстық мәслихат хатшысы С.Ещановтың арнайы дипломы 2015 жылыақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орайЖангелдин ауданының әкімі А.Кенжеғариннің Алғыс хаты 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетовтың Алғыс хаты 2018 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысы С.Мүксімовтің Алғыс хаты 2018 жылы Жангелдин ауданының 90 жылдығының құрметіне арналған естелік төсбелгі 2019 жылы “Қазақстанмәслихаттарына 25 жыл” мерекелік медалімен марапатталдым. 2020 жылы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін, Жангелдин аудандық мәслихаты хатшысы С.Нұрғазиннің Алғыс хатымен марапатталдым.

    Мәслихат депутат

    Дуйсенбаев Асет Бултирикович

    Жетінші шакырылымның депутаты

    Дүйсенбаев Әсет Бөлтірікұлы 1979 жылы 5 тамызда Жаркөл ауылдық округінің Сарысу ауылында дүниеге келген. Қаратүбек орта мектебінің 11-сыныбын 1995 жылы тәмәмдады. 2001 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының денешынықтыру факультетіне түсіп, 2005 жылы диплом алды. 2009-2016 жылдар аралығында Телевишкада күзетшілік жұмысын атқарды. 2007 жылдан бастап Сарысу ауылында электрик қызметін атқарып келеді. Отбасылы, 3 баланың әкесі. Мінезі ашық, кішіпейіл. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік жұмысын да қолға алып келеді.

    Кожахметов Амангелды Бегалинович
    Мәслихат депутат

    Кожахметов Амангелды Бегалинович

    Сегізінші шақырылымның депутаты Қожахметов Амангелды Бегалыновичтің Жангелдин аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жазған өтінішіне сәйкес аумақтық сайлау комиссиясының аудандық мәслихатқа енгізген ұсынуы негізінде 2026 жылғы 13 сәуірдегі №199 мәслихат шешімімен депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

    Қожахметов Амангелді Бегалыұлы 1986 жылы 28 мамырда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Саға ауылында дүниеге келген. Амангелді Қожахметов 2005 – 2009 жылдары академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша білім алған. 2008 жылы Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының жетекші маманы болып еңбек жолын бастаған. 2009-2010 жылдары Сандықтау ауданы әкімінің аппараты ММ де ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін атқарған. 2011-2012 жылдары Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі болып жұмыс атқарған. 2012-2014 жылдары Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты кеңсесінің аға сот приставының міндетін атқарған. 2015 жылы Жангелдин ауданының Саға ауылында «Ұлпа» ауылшаруашылық кооперативін құрып, қазіргі таңда осы салада жұмыс атқарып жатыр. 2015 жылы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін Жангелдин ауданы әкімінің грамотасымен марапатталған. 2017 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған. 2018 жылы «Жангелдин ауданына 90 жыл» төсбелгісімен марапатталған. Отбасылы, 4 баланың әкесі.

    Құспек Аян Сәлімжанұлы
    Мәслихат депутат

    Құспек Аян Сәлімжанұлы

    Жетінші шақырылымның депутаты

    Мен, Құспек Аян Сәлімжанұлы 1992 жылдың 25ақпанда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары. Педагогикалық еңбек өтілім - 9 жыл. Бірінші санатты мұғаліммін. 2012 жылы Қостанай қаласы Қостанай педагогикалық колледжін, 2015 жылы Қостанай әлеуметтік тезникалық университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдағанмын. Алғашқы еңбек жолымды 2012 жылы Сарысу негізгі мектебінде тәлімгер болып бастадым.2013-2015 жылдар аралғында мектеп директорының тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Мұғалім ізденімпаз, өз білімін үнемі көтере отырып, шәкірттеріне оқытудың қыры мен сырын түсіндіруде, әдет-ғұрыпын үйретуде қажымай еңбек етуде, тәжірибе жинақтаған білікті ұстаз. 2015жылдың желтоқсан айынан бастап 2020 жылдың тамыз айына дейін Жангелдин ауданының білім бөлімінің әдіскері болып қызмет атқардым. 2020 жылдың тамыз айынан бастап Жангелдин ауданының білім бөлімінің Қанапия Қайдосов атындағы орта мектебінің директоры қызметіндемін. Мінезі ашық, ізденімпаз, өз білімін үнемі көтере отырып шәкірттерін білім нәрімен сусындату жолында қажымай еңбек етуде, мол тәжірибе жинақтаған білікті басшы. Жас мамандарға жанашыр – басшы, ортада сыйлы, аудандағы ұйымдастырылған түрлі деңгейдегі қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі бола білді. Ұстаздың осындай жақсы еңбектерімен, жетістіктері мол, алдағы уақыттада шығармашылық жұмыстарымның жемісін көрсетемін деп сенемін. Осы аралықта, педагогикалық еңбек жолында шәкірттеріне жақсы тәрбие мен білім беруде қосқан зор үлесім үшін, 2012 жылы «Үздік Тәлімгер» номинациясын жеңіп аудан әкімінің алғыс хатына, 2015 және 2017 жылы Жангелдин ауданының білім бөлімінің мадақтамасымен, 2017 жылы Аудан әкімінің алғыс хатымен,2018 жылы Қостанай облысы әкімінің алғыс хатымен және Жангелдин ауданының 90 жылдығына орай Мерекелік төсбелгімен марапатталдым. Облыстық, аудандық «НұрОтан» партиясының алғыс хаттарымен марапатталдым.

    Доспаева Бакыткуль Сериковна
    Мәслихат депутат

    Доспаева Бакыткуль Сериковна

    Жетінші шақырылымның депутаты

    Мен Доспаева Бакыткул Сериковна 1988 жылы 4-желтоқсанда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай селосында дүниеге келдім.1995 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 1-сыныбына қабылдандым. Мектепті жақсы бітіріп, 2006 жылы Қостанай Педагогикалық колледжінің «Бастауыш жалпы білім беру » факультетіне оқуға түсіп, 2009 жылы қолыма диплом алдым. Сол жылы күзде Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебіне өз мамандығым бойынша жұмысқа қабылдандым. 2011 жылы тұрмысқа шығуыма байланысты, сол жылдың қыркүйек айынан бастап, Қ.Қайдосов атындағы орта мектебіне жұмысқа қабылдандым. 2012 жылы Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік –техникалық университетінің 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (бакалавр) мамандығын тәмамдадым. Мұғалімдік еңбегім еленіп, 2009-2011 жылдары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. 2017 жылы өз еркіммен жұмыстан босатылып, жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Отбасылық жағдайым: жұбайым және екі балам бар.

    Нургазин Серик Багдаевич
    Мәслихат депутат

    Нургазин Серик Багдаевич

    Аппарат басшысы

    Мен Нұрғазин Серік Бағдаұлы 1965 жылы 18 желтоқсанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген. 1972 жылы Жангелдин орта мектебінің бірінші сыныбына барып, осы аталған мектепті 1982 жылы бітірген. 1982-1983 жылдары Торғай селосындағы №157 Жангелдин аудандық кәсіптік техникалық білім беру училищесінен ауыл шаруашылығының механизаторы мамандығын алып шыққан. 1983 жылы Арқалық педагогикалық институтына түсіп, осы аталған институтты 1990 жылы бітіріп, физик-математик мамандығын алып шықты. Институт қабырғасында жүргенде 1987-1989 жылдары Кеңес Армиясының қатарында жауынгерлік борышын атқарған. Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін алғашқы еңбек жолын Жангелдин ауданының Қызыл-Әскер кеңшарында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы қызметінен бастаған. 1991-1995 жылдары Жангелдин орта мектебінде мұғалім, ал 1996-1997 жылдары Ш.Уәлиханов орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1997 – 2008 оқу жылдары Торғай селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім-психолог, 2008-2012 жылдар аралығында осы аталған мектептің директоры қызметін атқарған. 2012 жылдың 25 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 20 қаңтарға дейін Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған. 2024 жылдың 03 қаңтар айынан бастап Жангелдин аудандық мәслихатының аппарат басшысы қызметін атқарып келемін. «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» (2014ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015г.), «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» (2020ж.), мерекелік медалдарымен марапатталдым. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Д.Н.Назарбаеваның «Құрмет грамотасы» мен марапатталдым. 2019 жылы «Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» құрметті атағымен марапатталдым. Облыстық білім беру департаментінің және аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталдым. Жанұялы, үш балам бар.

    Сарсекей Гулбану Кулетқызы
    Мәслихат депутат

    Сарсекей Гулбану Кулетқызы

    Сегізінші шақырылымның депутаты, Жангелді аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Гүлбану Құлетқызы 1967 жылы 24 наурызда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Мамандығы заңгер. Алматы технология және бизнес университетінің юриспруденция факультетін бітірді. Еңбек жолын алғаш рет 1984 жылы шілде айынан бастап Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің волейболдан жаттықтырушы қызметінен бастады. Гүлбану Құлетқызы музей саласында 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Музейдегі жұмысын ол Әліби Жангелдин атындағы тарихи-мемориалдық музейде экскурсия жетекшісі лауазымынан бастады. Кейін Ш. Жәнібек атындағы тарихи музейде кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарды. 2008 жылдан бастап Торғайдың музейлер кешенінің аға ғылыми қызметкері лауазымында жұмыс істеді. 2011 жылы Торғайдың Жангелдин музейлер кешенінің директоры болып тағайындалды. Жұмыс барысында ол өзін шығармашылық, жаңа идеяларға ашық адам, ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру қызметінің талантты ұйымдастырушысы ретінде көрсетті. Сәрсекей Г.Қ. 13 ауылды зерттеген, аймақтың қоныстану тарихын, өлке халықтарының дәстүрлі мәдениеттерінің сақталу және өзара әсер ету дәрежесін зерттеген кешенді тарихи музей экспедицияларының ғылыми жетекшісі және тұрақты қатысушысы болды. 2004 жылдың 12 мамырында Екібастұз қаласындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мәдени мұра бағдарламасы аясында өткен «Академик Ә.Х.Марғұланның мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Қазақ халқының маңдайына бақ боп туған ғұлама ғалым» атты баяндама жасады. Шымкент қаласында 2006 жылдың 3-ші желтоқсанында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым» атты республикалық конференциясына ғылыми қонақ болған. 2007 жылдың 14 маусымында Қарағанды облысы Жезқазған жезді жеріндегі өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция «Мәкен Төрегелдиннің мәдени мұрасы» Гүлбану Сәрсекей баяндама жасады. Түркістан қаласында 2008 жылы 30 қыркүйек «Қожа Ахмет Яссауи мұрасы мен ілімінің зерттеу мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, «Қожа Ахмет Яссауи және түркі әдебиеті» тақырыбында баяндама жасады. 2008 жылдың қазан айында Қарағанды қаласында мәдени мұра бағдарламасы аясында халықаралық «Ашық Азия – Ашық музей» ІІ фестиваліне қатысты. Музейде көп жылдар бойы жұмыс істеген Гүлбану Сәрсекей аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға елеулі үлес қосты: «Ұлы даланың ұлы есімдері» ғылыми-практикалық конференциясының (2019 ж., Семей қаласы), «Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені» халықаралық конференциясының баяндамашысы, әрі қатысушысы. «Қазақстан-Қостанай» облыстық телерадиоарнасының «Мәдени мұра» бағдарламасында ол музей экспонаттарын ұсынды, және бірнеше рет жергілікті теледидардан көрсетілді. «Қазақфильм» киностудиясына ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы «Ұлы педагог» деректі фильмін, сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы алғашқы мектебінің ашылғанына 150 жыл толуына орай «Қараңғылыққа шуақ төккен» деректі фильмін жасау жұмысына және басқа көмек көрсетілді. 2020 жылдың сәуір айынан бастап Жангелдин ауданының көшбасшы әйелдер клубы төрайымы. Тұрмыс құрмаған. Баласы жоқ. Марапаттары : 1998 жыл мұражайдың үздік қызметкері атағына ие болды. 2002 ж.- аудан экономикасы мен әлеуметі және мәдениетіне өзіндік үлесін қосқаны үшін «Жыл адамы » . 2004ж- Облыстық мәдениет департаментінің Құрмет грамотасы. 2010ж.- Қостанай қаласындағы КИНЭУ-де өткен «Дулатов оқулығы – 2010» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында « Ең үздік баяндама» дипломымен марапатталды. 2011 ж.- облыстың мәдениеті мен өнерін дамытуда қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімінің грамотасы. 2012ж -Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қостанай облысының мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Білім бұлағы» номинациясын иеленді. 2013ж.- Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Республикалық «Жылдың үздік экскурсия жүргізушісі» байқауының ІІІ орын иегері . 2013ж - Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 130 жыл толуына орай өткізілген «Жылдың үздік экскурсия жүргізушісі» Республикалық байқауына қатысқаны үшін алғыс . 2014ж - Қостанай облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімінің грамотасы. 2015ж - «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерекелік медалі. ҚР Тәуелсіздік күні құрметіне облыс әкімі грамотасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты. 2016 ж. - Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына «Ы.Алтынсаринге 175 жыл» төс белгісі, ҚР Мәдениет және спорт министрі грамотасы. 2017 ж. - Жангелдин ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосқан үшін, сондай ақ 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінде облыстық мәслихатының хатшысы құрмет грамотасы Мәдениет пен өнер саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін және мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне ҚР Мәдениет және спорт Министрі алғыс хаты.. 2018 ж. - ҚР Мәдениет және спорт министрі грамотасы «Рухани қазына -2018» мәдениет қызметкерлері мен ұйымдарының облыстық байқауқауында « Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпаз. ҚР Мәдениет және спорт министрі сертификат (2018ж), «Астананың 20-жылдығы» медалі. Жангелдин ауданының 90 жылдығы, Торғай қаласының 150 жылдығы, Шақшақ Жәнібек бабамыздың 325 жылдығына арналған «Торғай елі-тұлғалар мекені» республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясында мерекелік медалі. Түркістан қаласы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи- мәдени қорық музейінің 40 жылдық мерекелік медалі. Жангелдин ауданының 90 жылдығына орай шығарылған «Торғай энциклопедиясы» редакторы 2019 ж - Туған өлкенің тарихын зерттеуде сіңірген еңбегі үшін «Үздік өлкетанушы» төс белгісі». 2020 ж- Короновирус індетіне қарсы күресте сіңірген еңбегі, қайырымдылық және волонтерлік жұмысы үшін облыс әкімі құрмет грамотасы 2021 ж – «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі 2022 ж - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мәдениет қызметкерлері арасындағы «РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2022» байқауында «Үздік балаларға арналған жоба авторы» номинациясы бойынша жеңімпаз 2022 ж - Қостанай қаласында өткен Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай "Мәдениет саласының үздігі" төс белгісі. 2022 ж -"Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" ММ "Мирас" мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдық мерейтойына арналған "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбында өткен Форумға қатысып «Жыл патриоты» дипломымен марапатталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2022 ж), «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2022 ж)

    Тұрақты комиссияДепутаттар
    Нугманов Акшиганак Каирбекович
    Мәслихат депутат

    Нугманов Акшиганак Каирбекович

    Сегізінші шақырылымның депутаты

    Акшиганак Каирбекович 1961 жылы 3-інші желтоқсанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің түлегі. 1979 жылы Алматы қаласында Жылу электрстанциясында (ТЭЦ-1) жұмыс істедім. 1981 жылы Алматы қаласында Мал дәрігерлік институтында (АЗВИ) оқуға түстім. 1983 – 1985 жылдары қиыр Шығыс округінде әскери борышымды өтедім. Әскерде жүріп 1983-1984 жылдары самбо, дзюдо күрестерінен сол окпугтің жеңімпазы болдым. 1985 жылы келіп оқуымды жалғастырдым. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны болып оқудан шығарылдым. ҚР-ның 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жапппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының 2 бабы негізінде ақталдым. 1987 жылы «Жангелдин ауданы Балалар жас-өспірім спорт мектебіне» Самбо күресінен жаттықтырушы болып орналастым. Сол уақыт аралығында оқушылар арасында Республикалық жарыстардан Самбо күресінен бірнеше оқушыларым жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды. 1987 жылы Масква қаласында өткен «Самбо-70» жарысының жүлдегері Байдалин Жандос. 1989 жылы Қайрат спорт қоғамның басшысы болып тағайындалдым. Сол уақыттарда 4 савхоз орталықтарына (ХХІ партсъезд, Ақкөл, Сужарған, Торғай савхозы) стадион салынуына атсалыстым. 1995 2001 жылдары аралығында жеке кәсіпкерліпен айналыстым. 2001-ден 2009 жылға дейін Ауданда әртүрлі салаларда жұмыс атқардым. 2006 жылы Самбо күресінен спорт шеберлер арасында жеңімпаз болдым. (Өскемен қаласында) 2006 жылы Ташкент қаласында әлем чемпионатында қатыстым. 2009 жылдан бастап осы кезге дейін Спорт мектебіне Дзюдо күресінен жаттықтырушы болып жұмыс жасаймын. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасау жөнінде аудан әкімінің кеңесшісімін. Отбасылы. 4 баласы бар. 10 немерем бар. «AMANAT» партиясының мүшесі. Марапаттары: 2016 жылы «Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік медалімен марапатталды. Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жүрегімнің дүрсілі-Торғай 2019» жобасы аясында өткізілген іс-шараларды ұйымдастыруға белсене ат салысқаны үшін аудан әкімінен «Алғыс хат»; 2021 жылы 3 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысынан Облыс спортын дамытуға зор ұлесін қосқаны үшін «Мадақтама»; 2021 жылы Облыс әкімі А.Мұхамбетовтен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығыфна атап өтуге және ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты «Құрмет грамотасы»; 2021 жылы 2 желтоқсанда «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімеен наградталды; 2022 жылы 11 айдың 28-і күні Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толуына орай «Желтоқсан-Алматы» Қоғамдық бірлестік кеңесінің шешімімен «Тәуелсіздік ардагері» Медалімен марапатталды.

    Ахметбеков Байбатыр Ниязбекович
    Мәслихат депутат

    Ахметбеков Байбатыр Ниязбекович

    Сегізінші шақырылымның депутаты

    Байбатыр Ниязбекұлы 1979 жылы 1 маусымда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сужарған ауылында дүниеге келген. Қ.Қайдосов атындағы орта мектебінің түлегі. 2004 жылы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып қабылданған. Ауысу тәртібімен 2008 – 2009 жылдар аралығында Сужарған ауылында клуб меңгерушісі болып қызмет жасады. 2010 жылы Қостанай гуманитарлық колледжін қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша аяқтаған. Кейін білімін жетілдіру мақсатында Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мемелкеттік педогикалық инстутына сырттай оқуға түсіп, филология факультетін тәмамдады. 2011 жылы Жангелдин аудандық «Біздің Торғай» газетінде тілші болып жұмысқа орналасты. 2019 жылы аталған газеттің бас редакторы қызметіне тағайындалды. 2014 – 2017 жылдар аралығында облыстық «Қостанай таңы» газетінің Жангелдин ауданындағы меншікті тілшісі болды. бүгінгі таңда облыстық газеттің меншікті тілшісі болып, қайта қызметін жалғастыруда. Отбасылы. 4 баласы бар. «AQJOL» партиясының мүшесі. Сонымен қатар, халықаралық жыршы термешілер және айтыс ақындары одағаның мүшесі. Аймақтық, облыстық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. Республикалық айтыстың дипломанты. Марапаттары: аудан және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жангелдин ауданының 90 жылдығына, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған төсбелгімен нагаратталған. Журналистика саласындағы жетістіктері: Қостанай облысы, «Ішкі саясат басқарамасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Журналистер» күні мерекесіне арналған байқауда «Ауыл жанашыры», «Ауылым – алтын тамырым» номинациясын екі мәрте иеленіп, жеңімпаз атанды.

    Нұржан Гүлсайран Кәрімқызы
    Мәслихат депутат

    Нұржан Гүлсайран Кәрімқызы

    Сегізінші шақырылымның депутаты

    Мен, Нұржан Гүлсайран Кәрімқызы 1967 жылы 1 желтоқсанда Ақшығанақ ауылында дүниеге келдім. 1975-85 жылдарда С.М.Киров орта мектебінде білім алдым. 1985-86 жылдары комсомол жастар бригадасында шопан болып жұмыс атқардым. 1987-90 жылдары Арқалық медицина училищесінде оқыдым. 1990-92 жылдарда Арқалық қаласында туб.диспансорда медсестра болып жұмыс атқардым. Отбасылымын. 2006 жылдан бері жеке кәсіпкермін және 2021 жылдан бастап шаруа қожалық басшысымын.

    Депутаттар
    Ахметжанов Асылбек Косылбекович
    Мәслихат депутат

    Ахметжанов Асылбек Косылбекович

    Сегізінші шақырылымның депутаты

    Ахметжанов Асылбек Қосылбекұлы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында 08.02.1979 жылы дүниеге келген. 1986 жылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепке қабылданып, мектеп қабырғасын 1996 жылы Қаратүбек орта мектебінен аяқтады. 1996-2000 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынов атындағы ауылшаруашылық университетін тәмәмдаған. 2001-2002 жылдар аралығында әскери борышын өтеп келді. 2003-2005 жылдар аралығында Жангелдин ауданының Сужарған ауылында статистика бөлімінде жетекші маман ретінде қызмет атқарды. 2006-2020 жылдар аралығында Жангелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет атқарды, 2018-2020 жылдар аралығында осы аталған мекемеде басшылық қызметте болды. 2021жылдан бері уақытта «Мұзаффар» жеке шаруашылық қожалығының басшысы сенімгерлікпен басқару негізінде. Отбасылы 5 баланың әкесі Қостанай облысы бойынша кірістер департаментінің басшылығынан бес мәрте марапат алған, Қаржы министрлігі кірістер комитетінің басшылығынан екі мәрте марапатталған.

    Жусупбаев Мухтар Куанышбаевич
    Мәслихат депутат

    Жусупбаев Мухтар Куанышбаевич

    Сегізінші шақырылымның депутаты

    Мен, Жусупбаев Мұхтар Қуанышбайұлы, 1988 жылдың 20-шы сәуірінде Арқалық қаласында дүниеге келдім. Отбасында 4 ағайындымыз. 1995 жылы Жангелдин ауданы, Аралбай селосының Жангелдин орта мектебіне бардым. 2006 жылы мектеп бітіріп, Арқалық медициналық колледжіне «Емдеу ісі» мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы аяқтадым. Осы жылдың тамызынан бастап Жангелдин аудандық ауруханасында, қазіргі уақытқа дейін «жоғары санатағы» медицина қызметкері, рентген-зертханашы болып жұмыс атқарамын. 1989 жылы 25 қарашада дүниеге келген Жусупбаева Айсулу Серікқызымен некелескенмін. Торғай селосында туған. Мамандығы техник – программист, Жангелдин аудандық ауруханасында жұмыс атқарған. Мерей, Ержан, Ералы, Бегім есімді 2 қызы, 2 ұл тәрбиелеп отырмыз. Әкем: Жусупбаев Қуанышбай Өмірзақұлы 1963 жылы 24 сәуірде Жангелдин ауданы, Аралбай селосында дүниеге келген. Мамандығы құрылысшы-шебер, қазір Арқалалық қаласында тұрады. Анам: Жусупбаева Нарбану Тұрғынқызы, 1964 жылы 14 қарашада Торғай селосында дүниеге келген. Мамандығы медбике. Інім: Қуанышбай Шоқан 1993 жылы 17 желтақсанында Торғай селосында дүниеге келген, Арқалық қаласында тұрады, мемлекететтік қызметкер. Інім: Қуанышбай Әли 2004жылы 1 қазанда Торғай селосында дүниеге келген. Астана қаласында Аграрлық университетінде «өсімдік шаруашылығы» мамандығында оқып жатыр. Қарындасым: Жусупбаева Жанар Қуанышбайқызы 1989 жылы 24 тамызда Арқалық қаласында дүниеге келген. Астана қаласында тұрады, «Ана мен бала» орталығы мен Республикалық диагностикалық орталығында неонатолог-педиатр болып жұмыс жасайды. Тұрмыста, 2 баласы бар. Марапаттар: - Денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы қажырлы еңбегі үшін және де халықаралық медицина қызметкерлері күні мадақтамасы, Қостанай облысының орта буындағы медицина қызметкерлерінің «Шарапат» қоғамдық бірлестігі 2014 жыл. - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай және ауданның денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетуде қосқан зор үлесі үшін Жангелдин ауданы әкімінің мадақтамасы, 2017 жыл. - Облыс тұрғындарына емдеу-сауықтыру ісіне көмек көрсеткендігі адал еңбегі үшін және «Медицина қызметкері күні» кәсіби мерекесіне байланысты Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы марапаты, 2019 жыл. - «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасының президенті, 2021 жыл.