
Өмірбаян
Акшиганак Каирбекович 1961 жылы 3-інші желтоқсанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген.
Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің түлегі. 1979 жылы Алматы қаласында Жылу электрстанциясында (ТЭЦ-1) жұмыс істедім. 1981 жылы Алматы қаласында Мал дәрігерлік институтында (АЗВИ) оқуға түстім. 1983 – 1985 жылдары қиыр Шығыс округінде әскери борышымды өтедім. Әскерде жүріп 1983-1984 жылдары самбо, дзюдо күрестерінен сол окпугтің жеңімпазы болдым. 1985 жылы келіп оқуымды жалғастырдым. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны болып оқудан шығарылдым. ҚР-ның 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жапппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының 2 бабы негізінде ақталдым. 1987 жылы «Жангелдин ауданы Балалар жас-өспірім спорт мектебіне» Самбо күресінен жаттықтырушы болып орналастым. Сол уақыт аралығында оқушылар арасында Республикалық жарыстардан Самбо күресінен бірнеше оқушыларым жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды. 1987 жылы Масква қаласында өткен «Самбо-70» жарысының жүлдегері Байдалин Жандос. 1989 жылы Қайрат спорт қоғамның басшысы болып тағайындалдым. Сол уақыттарда 4 савхоз орталықтарына (ХХІ партсъезд, Ақкөл, Сужарған, Торғай савхозы) стадион салынуына атсалыстым. 1995 2001 жылдары аралығында жеке кәсіпкерліпен айналыстым. 2001-ден 2009 жылға дейін Ауданда әртүрлі салаларда жұмыс атқардым. 2006 жылы Самбо күресінен спорт шеберлер арасында жеңімпаз болдым. (Өскемен қаласында) 2006 жылы Ташкент қаласында әлем чемпионатында қатыстым. 2009 жылдан бастап осы кезге дейін Спорт мектебіне Дзюдо күресінен жаттықтырушы болып жұмыс жасаймын. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасау жөнінде аудан әкімінің кеңесшісімін. Отбасылы. 4 баласы бар. 10 немерем бар. «AMANAT» партиясының мүшесі.
Марапаттары: 2016 жылы «Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік медалімен марапатталды. Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жүрегімнің дүрсілі-Торғай 2019» жобасы аясында өткізілген іс-шараларды ұйымдастыруға белсене ат салысқаны үшін аудан әкімінен «Алғыс хат»; 2021 жылы 3 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысынан Облыс спортын дамытуға зор ұлесін қосқаны үшін «Мадақтама»;
2021 жылы Облыс әкімі А.Мұхамбетовтен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығыфна атап өтуге және ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты «Құрмет грамотасы»;
2021 жылы 2 желтоқсанда «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімеен наградталды;
2022 жылы 11 айдың 28-і күні Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толуына орай «Желтоқсан-Алматы» Қоғамдық бірлестік кеңесінің шешімімен «Тәуелсіздік ардагері» Медалімен марапатталды.
1987 жылы «Жангелдин ауданы Балалар жас-өспірім спорт мектебіне» Самбо күресінен жаттықтырушы болып орналастым. Сол уақыт аралығында оқушылар арасында Республикалық жарыстардан Самбо күресінен бірнеше оқушыларым жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды. 1987 жылы Масква қаласында өткен «Самбо-70» жарысының жүлдегері Байдалин Жандос. 1989 жылы Қайрат спорт қоғамның басшысы болып тағайындалдым. Сол уақыттарда 4 савхоз орталықтарына (ХХІ партсъезд, Ақкөл, Сужарған, Торғай савхозы) стадион салынуына атсалыстым. 1995 2001 жылдары аралығында жеке кәсіпкерліпен айналыстым. 2001-ден 2009 жылға дейін Ауданда әртүрлі салаларда жұмыс атқардым. 2006 жылы Самбо күресінен спорт шеберлер арасында жеңімпаз болдым. (Өскемен қаласында) 2006 жылы Ташкент қаласында әлем чемпионатында қатыстым. 2009 жылдан бастап осы кезге дейін Спорт мектебіне Дзюдо күресінен жаттықтырушы болып жұмыс жасаймын. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасау жөнінде аудан әкімінің кеңесшісімін.





