Нургазин Серик Багдаевич

    Жетінші шақырылымның депутаты

    Нургазин Серик Багдаевич
    Депутат маслихата

    Нургазин Серик Багдаевич

    Жетінші шақырылымның депутаты

    Өмірбаян

    Нұрғазин Серік Бағдаұлы 1965 жылы 18 желтоқсанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген. 1972 жылы Жангелдин орта мектебінің бірінші сыныбына барып, осы аталған мектепті 1982 жылы бітірген. 1982-1983 жылдары Торғай селосындағы №157 Жангелдин аудандық кәсіптік техникалық білім беру училищесінен ауыл шаруашылығының механизаторы мамандығын алып шыққан. 1983 жылы Арқалық педагогикалық институтына түсіп, осы аталған институтты 1990 жылы бітіріп, физик-математик мамандығын алып шықты. Институт қабырғасында жүргенде 1987-1989 жылдары Кеңес Армиясының қатарында жауынгерлік борышын атқарған.

    Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін алғашқы еңбек жолын Жангелдин ауданының Қызыл-Әскер кеңшарында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы қызметінен бастаған. 1991-1995 жылдары Жангелдин орта мектебінде мұғалім, ал 1996-1997 жылдары Ш.Уәлиханов орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.

    1997 – 2008 оқу жылдары Торғай селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім-психолог, 2008-2012 жылдар аралығында осы аталған мектептің директоры қызметін атқарған. 2012 жылдың 25 қаңтарынан бастап Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келеді.

    С.Б.Нұрғазин «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» (2014ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015г.), «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» (2020ж.),мерекелік медалдарымен марапатталған.

    2020 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Д.Н.Назарбаеваның «Құрмет грамотасы» мен марапатталды.

    2019 жылы «Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» құрметті атағымен марапатталды.

    Облыстық білім беру департаментінің және аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.

    Жанұялы, үш баласы бар.

    Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін алғашқы еңбек жолын Жангелдин ауданының Қызыл-Әскер кеңшарында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы қызметінен бастаған. 1991-1995 жылдары Жангелдин орта мектебінде мұғалім, ал 1996-1997 жылдары Ш.Уәлиханов орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.

    1997 – 2008 оқу жылдары Торғай селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім-психолог, 2008-2012 жылдар аралығында осы аталған мектептің директоры қызметін атқарған. 2012 жылдың 25 қаңтарынан бастап Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері