
Сарсекей Гулбану Кулетқызы
Сегізінші шақырылымның депутаты, Жангелді аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Өмірбаян
Гүлбану Құлетқызы 1967 жылы 24 наурызда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Мамандығы заңгер. Алматы технология және бизнес университетінің юриспруденция факультетін бітірді.
Еңбек жолын алғаш рет 1984 жылы шілде айынан бастап Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің волейболдан жаттықтырушы қызметінен бастады. Гүлбану Құлетқызы музей саласында 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Музейдегі жұмысын ол Әліби Жангелдин атындағы тарихи-мемориалдық музейде экскурсия жетекшісі лауазымынан бастады. Кейін Ш. Жәнібек атындағы тарихи музейде кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарды. 2008 жылдан бастап Торғайдың музейлер кешенінің аға ғылыми қызметкері лауазымында жұмыс істеді. 2011 жылы Торғайдың Жангелдин музейлер кешенінің директоры болып тағайындалды. Жұмыс барысында ол өзін шығармашылық, жаңа идеяларға ашық адам, ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру қызметінің талантты ұйымдастырушысы ретінде көрсетті. Сәрсекей Г.Қ. 13 ауылды зерттеген, аймақтың қоныстану тарихын, өлке халықтарының дәстүрлі мәдениеттерінің сақталу және өзара әсер ету дәрежесін зерттеген кешенді тарихи музей экспедицияларының ғылыми жетекшісі және тұрақты қатысушысы болды. 2004 жылдың 12 мамырында Екібастұз қаласындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мәдени мұра бағдарламасы аясында өткен «Академик Ә.Х.Марғұланның мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Қазақ халқының маңдайына бақ боп туған ғұлама ғалым» атты баяндама жасады. Шымкент қаласында 2006 жылдың 3-ші желтоқсанында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым» атты республикалық конференциясына ғылыми қонақ болған. 2007 жылдың 14 маусымында Қарағанды облысы Жезқазған жезді жеріндегі өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция «Мәкен Төрегелдиннің мәдени мұрасы» Гүлбану Сәрсекей баяндама жасады. Түркістан қаласында 2008 жылы 30 қыркүйек «Қожа Ахмет Яссауи мұрасы мен ілімінің зерттеу мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, «Қожа Ахмет Яссауи және түркі әдебиеті» тақырыбында баяндама жасады. 2008 жылдың қазан айында Қарағанды қаласында мәдени мұра бағдарламасы аясында халықаралық «Ашық Азия – Ашық музей» ІІ фестиваліне қатысты. Музейде көп жылдар бойы жұмыс істеген Гүлбану Сәрсекей аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға елеулі үлес қосты: «Ұлы даланың ұлы есімдері» ғылыми-практикалық конференциясының (2019 ж., Семей қаласы), «Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені» халықаралық конференциясының баяндамашысы, әрі қатысушысы. «Қазақстан-Қостанай» облыстық телерадиоарнасының «Мәдени мұра» бағдарламасында ол музей экспонаттарын ұсынды, және бірнеше рет жергілікті теледидардан көрсетілді. «Қазақфильм» киностудиясына ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы «Ұлы педагог» деректі фильмін, сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы алғашқы мектебінің ашылғанына 150 жыл толуына орай «Қараңғылыққа шуақ төккен» деректі фильмін жасау жұмысына және басқа көмек көрсетілді. 2020 жылдың сәуір айынан бастап Жангелдин ауданының көшбасшы әйелдер клубы төрайымы. Тұрмыс құрмаған. Баласы жоқ.
Марапаттары :
- 1998 жыл мұражайдың үздік қызметкері атағына ие болды.
- 2002 ж.- аудан экономикасы мен әлеуметі және мәдениетіне өзіндік үлесін қосқаны үшін «Жыл адамы » .
- 2004ж- Облыстық мәдениет департаментінің Құрмет грамотасы.
- 2010ж.- Қостанай қаласындағы КИНЭУ-де өткен «Дулатов оқулығы – 2010» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында « Ең үздік баяндама» дипломымен марапатталды.
- 2011 ж.- облыстың мәдениеті мен өнерін дамытуда қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімінің грамотасы.
- 2012ж -Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қостанай облысының мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Білім бұлағы» номинациясын иеленді.
- 2013ж.- Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Республикалық «Жылдың үздік экскурсия жүргізушісі» байқауының ІІІ орын иегері .
- 2013ж - Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 130 жыл толуына орай өткізілген «Жылдың үздік экскурсия жүргізушісі» Республикалық байқауына қатысқаны үшін алғыс .
- 2014ж - Қостанай облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімінің грамотасы.
- 2015ж - «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерекелік медалі.
- ҚР Тәуелсіздік күні құрметіне облыс әкімі грамотасы.
- Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты.
- 2016 ж. - Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына «Ы.Алтынсаринге 175 жыл» төс белгісі, ҚР Мәдениет және спорт министрі грамотасы.
- 2017 ж. - Жангелдин ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлесін қосқан үшін, сондай ақ 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінде облыстық мәслихатының хатшысы құрмет грамотасы
- Мәдениет пен өнер саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін және мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне ҚР Мәдениет және спорт Министрі алғыс хаты..
- 2018 ж. - ҚР Мәдениет және спорт министрі грамотасы
- «Рухани қазына -2018» мәдениет қызметкерлері мен ұйымдарының облыстық байқауқауында « Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпаз.
- ҚР Мәдениет және спорт министрі сертификат (2018ж),
- «Астананың 20-жылдығы» медалі.
- Жангелдин ауданының 90 жылдығы, Торғай қаласының 150 жылдығы, Шақшақ Жәнібек бабамыздың 325 жылдығына арналған «Торғай елі-тұлғалар мекені» республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясында мерекелік медалі.
- Түркістан қаласы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи- мәдени қорық музейінің 40 жылдық мерекелік медалі.
- Жангелдин ауданының 90 жылдығына орай шығарылған «Торғай энциклопедиясы» редакторы
- 2019 ж - Туған өлкенің тарихын зерттеуде сіңірген еңбегі үшін «Үздік өлкетанушы» төс белгісі».
- 2020 ж- Короновирус індетіне қарсы күресте сіңірген еңбегі, қайырымдылық және волонтерлік жұмысы үшін облыс әкімі құрмет грамотасы
- 2021 ж – «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі
- 2022 ж - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мәдениет қызметкерлері арасындағы «РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2022» байқауында «Үздік балаларға арналған жоба авторы» номинациясы бойынша жеңімпаз
- 2022 ж - Қостанай қаласында өткен Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай "Мәдениет саласының үздігі" төс белгісі.
- 2022 ж -"Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" ММ "Мирас" мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдық мерейтойына арналған "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбында өткен Форумға қатысып «Жыл патриоты» дипломымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2022 ж), «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2022 ж)
Еңбек жолын алғаш рет 1984 жылы шілде айынан бастап Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің волейболдан жаттықтырушы қызметінен бастады. Гүлбану Құлетқызы музей саласында 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Музейдегі жұмысын ол Әліби Жангелдин атындағы тарихи-мемориалдық музейде экскурсия жетекшісі лауазымынан бастады. Кейін Ш. Жәнібек атындағы тарихи музейде кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарды. 2008 жылдан бастап Торғайдың музейлер кешенінің аға ғылыми қызметкері лауазымында жұмыс істеді. 2011 жылдаң бастап Торғайдың Жангелдин музейлер кешенінің директоры.





