
Кожахметов Амангелды Бегалинович
Сегізінші шақырылымның депутаты Қожахметов Амангелды Бегалыновичтің Жангелдин аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жазған өтінішіне сәйкес аумақтық сайлау комиссиясының аудандық мәслихатқа енгізген ұсынуы негізінде 2026 жылғы 13 сәуірдегі №199 мәслихат шешімімен депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Өмірбаян
Қожахметов Амангелді Бегалыұлы 1986 жылы 28 мамырда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Саға ауылында дүниеге келген.
Амангелді Қожахметов 2005 – 2009 жылдары академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша білім алған.
2008 жылы Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының жетекші маманы болып еңбек жолын бастаған. 2009-2010 жылдары Сандықтау ауданы әкімінің аппараты ММ де ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін атқарған. 2011-2012 жылдары Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі болып жұмыс атқарған. 2012-2014 жылдары Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты кеңсесінің аға сот приставының міндетін атқарған. 2015 жылы Жангелдин ауданының Саға ауылында «Ұлпа» ауылшаруашылық кооперативін құрып, қазіргі таңда осы салада жұмыс атқарып жатыр.
2015 жылы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін Жангелдин ауданы әкімінің грамотасымен марапатталған.
2017 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған.
2018 жылы «Жангелдин ауданына 90 жыл» төсбелгісімен марапатталған.
Отбасылы, 4 баланың әкесі.
2008 жылы Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының жетекші маманы болып еңбек жолын бастаған. 2009-2010 жылдары Сандықтау ауданы әкімінің аппараты ММ де ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін атқарған. 2011-2012 жылдары Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі болып жұмыс атқарған. 2012-2014 жылдары Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты кеңсесінің аға сот приставының міндетін атқарған. 2015 жылы Жангелдин ауданының Саға ауылында «Ұлпа» ауылшаруашылық кооперативін құрып, қазіргі таңда осы салада жұмыс атқарып жатырмын.





