Нургазин Серик Багдаевич

    Аппарат басшысы

    Нургазин Серик Багдаевич
    Депутат маслихата

    Нургазин Серик Багдаевич

    Аппарат басшысы

    Өмірбаян

    Мен Нұрғазин Серік Бағдаұлы 1965 жылы 18 желтоқсанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген. 1972 жылы Жангелдин орта мектебінің бірінші сыныбына барып, осы аталған мектепті 1982 жылы бітірген. 1982-1983 жылдары Торғай селосындағы №157 Жангелдин аудандық кәсіптік техникалық білім беру училищесінен ауыл шаруашылығының механизаторы мамандығын алып шыққан. 1983 жылы Арқалық педагогикалық институтына түсіп, осы аталған институтты 1990 жылы бітіріп, физик-математик мамандығын алып шықты. Институт қабырғасында жүргенде 1987-1989 жылдары Кеңес Армиясының қатарында жауынгерлік борышын атқарған.

    Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін алғашқы еңбек жолын Жангелдин ауданының Қызыл-Әскер кеңшарында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы қызметінен бастаған. 1991-1995 жылдары Жангелдин орта мектебінде мұғалім, ал 1996-1997 жылдары Ш.Уәлиханов орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.

    1997 – 2008 оқу жылдары Торғай селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім-психолог, 2008-2012 жылдар аралығында осы аталған мектептің директоры қызметін атқарған.

    2012 жылдың 25 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 20 қаңтарға дейін Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.

    2024 жылдың 03 қаңтар айынан бастап Жангелдин аудандық мәслихатының аппарат басшысы қызметін атқарып келемін.

    «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» (2014ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015г.), «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» (2020ж.), мерекелік медалдарымен марапатталдым.

    2020 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Д.Н.Назарбаеваның «Құрмет грамотасы» мен марапатталдым.

    2019 жылы «Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» құрметті атағымен марапатталдым.

    Облыстық білім беру департаментінің және аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталдым.

    Жанұялы, үш балам бар.

    Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін алғашқы еңбек жолын Жангелдин ауданының Қызыл-Әскер кеңшарында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы қызметінен бастаған. 1991-1995 жылдары Жангелдин орта мектебінде мұғалім, ал 1996-1997 жылдары Ш.Уәлиханов орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.

    1997 – 2008 оқу жылдары Торғай селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мұғалім-психолог, 2008-2012 жылдар аралығында осы аталған мектептің директоры қызметін атқарған.

    2012 жылдың 25 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 20 қаңтарға дейін Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.

    2024 жылдың 03 қаңтар айынан бастап Жангелдин аудандық мәслихатының аппарат басшысы қызметін атқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері