Доспаева Бакыткуль Сериковна
Жетінші шақырылымның депутаты
Өмірбаян
Мен Доспаева Бакыткул Сериковна 1988 жылы 4-желтоқсанда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай селосында дүниеге келдім.1995 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 1-сыныбына қабылдандым. Мектепті жақсы бітіріп, 2006 жылы Қостанай Педагогикалық колледжінің «Бастауыш жалпы білім беру » факультетіне оқуға түсіп, 2009 жылы қолыма диплом алдым. Сол жылы күзде Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебіне өз мамандығым бойынша жұмысқа қабылдандым.
2011 жылы тұрмысқа шығуыма байланысты, сол жылдың қыркүйек айынан бастап, Қ.Қайдосов атындағы орта мектебіне жұмысқа қабылдандым.
2012 жылы Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік –техникалық университетінің 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (бакалавр) мамандығын тәмамдадым. Мұғалімдік еңбегім еленіп, 2009-2011 жылдары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталдым.
2017 жылы өз еркіммен жұмыстан босатылып, жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін.
Отбасылық жағдайым: жұбайым және екі балам бар.
2009 жылы қолыма диплом алдым. Сол жылы күзде Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебіне өз мамандығым бойынша жұмысқа қабылдандым.