Қызметкерлер — Шардара аудандық мәслихат аппараты

    Шардара аудандық мәслихат аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Муталиев Бултбай Лесбекұлы
    Қызметкерлер

    Муталиев Бултбай Лесбекұлы

    Шардара аудандық мәслихат төрағасы

    Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлы 09.10.1967 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1985-1992 жылдары Алматы Халық-шаруашылық институтында экономист мамандығын алды. 1997-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалын бітіріп, заңгер мамандығын алды. Еңбек жолында 1984-2001 жылдары Шардара астық қабылдау мекемесінде әртүрлі қызметтер атқарды. 2001-2004 жылдары «Ордабасы-Құрылыс» ЖШС-де жұмыс атқарды. 2004-2006 жылдары «Ордабасы-Сарбаз» ЖШС-нің Шардара аймақтық күзетінің бастығы болды. 2006-2007 жылдары Шардара ауданы, Көксу ауылдық округінің әкімі, 2007-2012 жылдары Шардара ауданы, Шардара қаласының әкімі, 2012-2016 жылдары Шардара ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2021 жылдары Шардара аудандық мәслихатының хатшысы қызметтерін атқарды. Ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік өркендеуіне, қоғамдық өмірге белсене араласып айрықша үлесін қосып келеді. 2021-2023 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан. 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін Шардара аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келеді. Марапаттары: Шардара ауданының Құрметті азаматы. ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан «Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, облыстың Құрметті депутаты, Қазақстан полициясына 25 жыл медалі, облыстық мәслихаттың Грамотасы, Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл мерекелік төсбелгісі, Шардара ауданынына 55 жыл мерекелік төсбелгісімен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы, жұбайы екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

    Районный маслихат

    8
    Бектасов Даулет Төлбасыұлы
    Қызметкерлер

    Бектасов Даулет Төлбасыұлы

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы 1974 жылы 1 шілдеде бұрынғы Шымкент облысы, Киров ауданы, Мақталы ауылында дүниеге келген. 1981-1991 жылдары Шардара ауданына қарасты «Шардара» және М.Әуезов атындағы орта мектепте білім алған. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетіне оқуға түсіп, оқу орнының атауы өзгеруіне байланысты Қазақ мемлекеттік Басқару Академиясын 1995 жылы «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1995 жылы «Байбақ» шағын кәсіпорнында есепші болып бастаған. 1995-2000 жылдар аралығында «Орта Азия» қор биржасы Шымкент филиалында маман, бас маман, Шардара аудандық баспаханасында қойма меңгерушісі, есепші қызметтерін атқарған. 2000 жылдан бері құрылыс саласында, қоғамдық тамақтану саласында жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады. «Ер-Ри-Ба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Еселі еңбегінің нәтижесінде бірнеше рет облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Еркінай Момбекова екеуі 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.

    Онғарбаев Қыдырғали Дүйсенбекұлы
    Қызметкерлер

    Онғарбаев Қыдырғали Дүйсенбекұлы

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Тегі, аты, əкесінің аты (жеке куəлігі бойынша): Онғарбаев Қыдырғали Дүйсенбекүлы Туылған күні: 24.10.1994ж. Білімі : 2009-2012 жыл М. Сапарбаев ОҚГИ жандағы «Парасат» колледжі 2013-2016 Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты. «Спорт және туризм» бакалаврі 2016-2018 Мирас университеті «Құқықтану» бакалаврі Ұлты: Қазақ. Жұмыс орны: Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің нұсқаушысы Жалпы еңбек өтілі, саладағы еңбек өтілі, аталған еңбек ұжымындағы еңбек өтілі: Жалпы еңбек өтілі 3 жыл, еңбек ұжымындағы еңбек өтілі 1жыл. 7. Тəртіптік жазаға тартылған ба: жоқ. Қандай наградалармен наградталған: 2016 жылы «Қазақстан тəуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған. Тұрғылықты мекен жайы: Шардара ауданы, Қ. Аманжолов 6. Телефоны: 8 775 665 85 85 Онғарбаев Қыдырғали Дүйсенбекүлы 1994 жылы 24 қазанда Шардара ауданы, Шардара қаласында дүниеге келген. 2009 жылы осы ауылындағы М. Әуезов атындағы №1 жалпы орта мектебін бітірген. 2009 жылы М. Сапарбаев ОҚГИ жандағы «Парасат» колледжіне түсіп, 2012 жылы бітірген. 2013-2016 жж. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты. «Спорт және туризм» бакалаврін бітірген. 2016-2018 жж. Мирас университеті «Құқықтану» бакалаврін бітірген. 2018-2020 ж.ж Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің нұсқаушысы қызметінде 2020 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Шардара аудандық жекпе-жек және күш спорт түрлері бойынша спорт клубы» КММ директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметінде

    Кеншім Бекмағанбет Мұсырманқұлұлы
    Қызметкерлер

    Кеншім Бекмағанбет Мұсырманқұлұлы

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Кеншім Бекмағанбет Мұсырманқұлұлы 1963 жылы 8 қыркүйекте ОҚО, Шардара ауданы, Көксу ауылында дүниеге келген. Білімі: Жоғары. Қазақтың ауылшаруашылық институтын 1985 жылы ғалым агроном мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі : 1979-1980ж. Шардара ауданы, Көксу қаракөл қой кеңшары, егіс бөлімінде сушы. 1980-1985ж.ж. Қазақ ауылшаруашылық институты студенті. 1985-1986ж.ж. Семей облысы, Шар ауданы, Терістаңбалы кеңшарында аға агроном. 1986-1998ж.ж. ОҚО,Шардара ауданы, Көксу қаракөл қой кеңшарында бөлімше ашрономы, комсомол ұйымы хатшысы, бөлімше меңгерішісі, бас агроном. 1999ж. "Қазақстан мақтасы" Корпорациясы ЖШС өндірістік бөлім меңгерушісі. 2000-2003ж.ж. ЖШС "Корпарация НИМЭКС" бас агрономы. 2003-2007ж.ж. ОҚО, Шардара ауданы, Көксу ауыл округі, "Кеншимов Б. " шаруа қожалығы төрағасы. 2008-2009ж.ж. ЖШС " Түркістан ұн комбинаты " қойма меңгерушісі, сату бөлімі маманы. 2009-2011ж.ж. ЖШС " Түлкібас ұн комбинаты " директоры. 2012-2014ж.ж. Шымкент қаласы, ЖШС " Магистрал- НС" өндіріс жөнінде директоры. 2014-2015ж.ж. ОҚО, Шардара ауданы, Жаушықұм ауыл округі, СТК "Тұрар "төрағасы. 2016 жылдан осы уақытқа дейін Түркістан облысы, Шардара ауданы, Көксу ауылы округі, " Кеншимов Б. " шаруа қожалығы төрағасы. Марапттары: 2019 жылы Түркістан облысы бойынша "Жылдың үздік агрономы" номинациясы . 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірі қол қойған "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісі. Жетінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының депутаты. Жанұялы жұбайы Қарсақбай Бибімәриям Сансызбайқызы екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр.

    Тлешова Құралай Құралбекқызы
    Қызметкерлер

    Тлешова Құралай Құралбекқызы

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Тлешова Құралай Құралбекқызы 1963 жылы 11 қыркуйекте ОҚО, Шардара ауданында дүниеге келген. 1970-1980 жылдары Шардара ауданы Шардара атындағы орта мектепті бітірген. 1980-1983 жылдары Алматы Политехникумын бітірген. 2001-2003 жылдар аралығында Шымкент университетін, тарих және география мамандығы бойынша толық курсты бітірген. 2005-2007 жылдар аралығында Алматы қаласының әлеуметтік қорғау және еңбек академиясын бітірген. 2010-2012ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығын бітірді.

    Басқа қызметкерлер

    7
    Серіков Мағжан Беркінбайұлы
    Қызметкерлер

    Серіков Мағжан Беркінбайұлы

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Серіков Мағжан Беркінбайұлы Өмір дерек : 1994 жылы 10-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Еңбек жолын 2015 жылы Шардара қаласы әкімінің аппаратында инспектор болып бастаған. 2017-2022 жылдар аралығында Шардара ауданы әкімі аппараты мен дербес бөлімдерінде әдіскер, баспасөз хатшысы, іс жүргізуші, инспектор қызметтерін атқарды. 2022 жылы «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» Шардара аудандық бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2023 жылдан бастап қазіргі таңда «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы қызметін атқарып келеді. Ж еткен жетістіктері: 2022 жылы Шардара ауданы Әкімінің алғыс хаты. 2023 жылы Шардара аудандық мәслихатының алғыс хаты 2024 – Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 30 жыл төсбелгісі. 2024 – Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатыңың Грамотасымен марапатталған. Депутаттық жолында: Серіков Мағжан Шардара ауданының VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты. Ол ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне белсенді араласып, сайлаушылардың мұң-мұқтажын жеткізуде өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, оның қоғамдағы беделі мен тәжірибесі депутаттық қызметте үлкен рөл атқаруда. Шардара аудандық мәслихаты депутаты ретінде 2024 жылы 8 депутаттық сауал жолдап, Қызылқұм ауылдық округінде егістік алқаптарда орналасқан ағын су нысандарын (каналдар, қашыртқылар, гидротехникалық құрылғылар және т.б ) қайта құрылымдаудан өткізу бойынша қаржы бөлдіруге ықпал жасады. Сонымен қатар Қызылқұм ауылдық мәдениет уйін күрделі жөндеуге қаржы бөлінуіне ықпал жасады. Осы ауылдың елді мекендерін, әлеуметтік нысандарын газбен қамтамасыз етуге, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарына каржы бөлінуіне ықпал жасады. Қызылқұм ауылының ауыз су беру торабының құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге атсалысты.Осы ауылдың жобадағы №1,2,3 1,8 шақырым көшелеріне тас төсеу жұмыстарына қаржы бөлуге атсалысты. М.Серіковтың депутаттық қызметі қоғамның маңызды сұрақтарына жауап табуға бағытталған және оң әсерін тигізіп келеді.

    Базаров Бекарыс Ералханович
    Қызметкерлер

    Базаров Бекарыс Ералханович

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Өмір дерек: Базаров Бекарыс Ерелханұлы, 1988 жылы сәуір айының 9 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Алматы қаласындағы «Каспий қоғамдық университетіне» оқуға түсіп, «экономист-қаржыгер» мамандығын алған. Алғашқы еңбек жолымды 2011 – 2014 жылдары Шардара ауданы «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің Шардара аудандық юрисконсульті, заңгер-кеңесші қызметінен бастадым. 2018 жылы осы мекемеде бөлімше басшысы болдым, 2018 жылдан бүгінгі таңға дейін «Энергопоток» ЖШС-нің Шардара аудандық өтім учаскесінің басшысы қызметін атқарып келеді. Жеткен жетістіктері: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен, Қазақстан электор энергетика салалық Қауымдастығының Құрмет грамотасы, . Түркістан облысы әкімінің Алғыс хаты, Шардара ауданының 55 жылдығы мерекелік төсбелгісі. Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл төсбелгісі. Депутаттық жолында: Базаров Бекарыс Ерелханұлы — Шардара ауданың VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты. Шардара ауданының қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Қай қызметтің тізгінін ұстаса да, қызметтік жауапкершілігімен қоса адамгершілік ар-ожданын биік қоятын іскер азамат әрдайым халықтың бел ортасында жүрді, халықтың үнін тыңдап, халықтың тіршілігімен тыныстады. Көпшіліктің талап-тілегін құзырлы орындарға жеткізіп, оң нәтижеге қол жеткізу үшін көптеген жұмыстар жасады. Бекарыс Базаровтың Әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, мемлекеттік саясат пен халықтың мұң-мұқтажын жеткізуде өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, оның қоғамдағы беделі мен тәжірибесі депутаттық қызметте үлкен рөл атқаруда. Шардара аудандық мәслихаты депутаты ретінде 2024 жылы 6 депутаттық сауал жолдап, Шардара қаласындағы кәріз жүйесі, қала көшелерін жарықтандыру, саябақтырды абаттандыру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында қаржы бөлуге ықпал жасады. Бекарыс Ерелханұлының депутаттық қызметі қоғамның маңызды сұрақтарына жауап табуға бағытталған және оның тәжірибесі ауданымызда заң шығару процесіне оң әсерін тигізіп келеді.

    Жамбаев Алмасхан Бекежанович
    Қызметкерлер

    Жамбаев Алмасхан Бекежанович

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Өмір дерек: Жамбаев Алмасхан Бегежанұлы 1991 жылы 16 шілдеде Оңтұстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Шардара ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2009-2013 жылдары Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өңдеу» мамандығы бойынша бітірген. 2019-2021 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне «Экономика» мамандығы бойынша магистратура бөлімін бітіріп, «Экономика магистрі» академиялық дәрежесіне ие болған. Еңбек жолын 2013-2017 жылдарда «ЮЖБЭСТПРОЕКТ» ЖШС-де геодезист-инженер болып бастаған. Аталған мекемеде топограф-инженер лауазымынан бастап, 2017 жылдың қыркүйек айынан қазіргі таңда «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді. Жеткен жетістіктері: Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл медалімен-2024 жыл. Түркістан облыстық мәслихаттының құрмет громатасымен. Сайрам ауданы әкімінің «Үздік сәулетші» номинациясы – 2023 жыл. Шардара ауданының «Құрметті азаматы» 2024 жыл. Депутаттық жолында: Жамбаев Алмасхан Бегежанұлы — Шардара ауданың VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты. Алмасхан Жамбаевтың қоғамдық және саяси қызметі ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Ол қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелеріне белсенді араласып, мемлекеттік саясат пен халықтың мұң-мұқтажын жеткізуде өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, оның қоғамдағы беделі мен тәжірибесі депутаттық қызметте үлкен рөл атқаруда. Шардара аудандық мәслихаты депутаты ретінде 2025 жылы 8 депутаттық сауал жолдап, нәтижесінде Аудандық маңызы бар жолдар мен Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі көшелерін асфальт төсеу және жол белгілерін орнатуға, жарықтандыру мақсатында қаржы бөлуге ықпал жасады. Қуанқұдық елді мекеніне тас төсеуге және «ОМЕГА» таза су қондырғысын орнатуға ықпал жасады. Шардара ауылында орналасқан "Кәусәр" балабақшасына балаларға ойнау алаңшасын өз қаражаты есебінен салып берді. Сонымен қатар ауыл орталығындағы А.Әлімбетов, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептерінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарын өз қаржысы есебінен жасалған. Алмасхан Жамбаев жастар мәселесі, білім беру және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша белсенді азамат.

    Дуйсенов Дархан Нурадилович
    Қызметкерлер

    Дуйсенов Дархан Нурадилович

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Дүйсенов Дархан Нұрәділұлы Өмір дерек: Дүйсенов Дархан Нұрәділұлы 1973 жылдың 01-қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Оның ұстаздық жолында жастарға рухани патриоттық тәрбие беріп, көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Білім сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияны ендіруге әдістемелік көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып өз үлесін қосуда. Шығармашылық жұмыспен айналысады. Еңбек жолын 1989 жылы Шардара аудандық байланыс торабының электригі болып жұмыс жолын бастаған. 1992 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шардара аудандық білім бөлміне қарасты «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің маматематика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Ұстаздың жеткен жетістіктері: 2015 жылы «Үздік кәсіподақ жетекшісі-2015» байқауына қатысып Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталған, 2016 жылы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық байқауға қатысып «ҮЗДІК ҰЙЫМ, КӘСІПОРЫН» номинациясы бойынша жеңімпазы болып Кәсіподақ Федерациясының марапатын алған. 2018 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызыметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталған, 2019 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерінің кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. 2019 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Ы.АЛТЫНСАРИН» төс белгісімен марапатталған. 2024 жылы Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл мерекелік медалімен марапатталған. 2024 жылы Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасымен марапатталған. Депутаттық жолында: Дүйсенов Дархан — Шардара аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты. Дүйсенов Дархан өзі сайланған округіндегі сайлаушылардың мұң-мұқтажын тыңдап, қажет жағдайда өзінің тарапынан көмек-қолдауын көрсетіп тұрады. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып білім саласының дамуына өз үлесін қосуда. Шардара аудандық мәслихатының депутаты ретінде 2024 жылы 7 депутаттық сауал жолдап, Ұзын-ата ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратын салуға, Шардара-Арыс тас жол және Байларбеков көшесінің жарықтандырудың электроэнергия ақысына, Шардара-Арыс тас жолы бойын жарықтандыру жұмыстарына, М.Ауезов көшесіне балалардың спорт алаңшасын орнатуға және ауылдың санитарлық тазалау жұмыстарыана өз тарапынан қаржы бөлдіруге ықпал жасады. Дүйсенов әсіресе жастар мәселесі, білім беру және спорт мәселелері бойынша өте белсенді азамат.

    Искаков Тимур Калиевич
    Қызметкерлер

    Искаков Тимур Калиевич

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Искаков Тимур Қалиұлы 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Оның жеке жұмыс жолында «Шымкент қаласы жастар қайырымдылық қорының» қоғамдық негізінде төраға қызметін атқарып жүріп, жол құрылысы саласының қарқындап дамуына және жол сапасын жақсартуға өз үлесін қосып келеді. Еңбек жолын 1993-1997 жылдары аралығында «Восход» совхозының орталық бау-бақшасында бригадирі, 2005-2007 жылдары аралығында қаржы саласында қызмет атқарды. 2007-2008 жылдары «ГеоАрхПроект» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің инженер болып жұмыс істеді. 2012 жылдан қазіргі күнге дейін «Шымкент Жол Құрылысы» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің қауіпсіздік жөніндегі бас маманы қызметін атқаруда. Ж еткен жетістіктері: 2022 жылы Шымкент қаласы мәслихат хатшысының Алғыс хатымен марапатталған. 2022 жылы Дәстүрлі өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін «Әлшекей Бектібайұлы» медалімен марапатталған. 2023 жылы Республикалық «Чернобыл ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестіктері төрағасының «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТЫ» төсбелгісмен марапатталған. 2024 жылы Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл мерекелік медалімен марапатталған. 2024 жылы Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасымен марапатталған. Депутаттық жолында: Искаков Тимур — Шардара аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты. Искаков Тимур ауданда беделді, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Өңірдің экономикалы-әлеуметтік дамуына үлес қосып, жол құрылысы саласын жақсартуға белсенділік пен кәсібилік танытып, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Өзі сайланған ауыл округінде орналасқан аз қамтылған отбасыларына қаржылай көмек беріп, көпбалалы отбасыларымен мүмкіндігі шектеулі жандарға өз тарапынан әлеуметтік қолдау білдіріп демеушілік жасап тұрады. Шардара аудандық мәслихатының депутаты ретінде 2024 жылы 7 депутаттық сауал жолдап, Қоссейіт елді мекеніде ИДЖЖЖ-2 бағдарламасы аясында ирригациялық және коллекторлы - дренаждық жүйелерін қалпына келтіру, жетілдіру жұмыстарына, Қоссейіт ауылдық округіндегі Асық ата, Д.Қонаев көшелерінің жарықтандыру жүйесін қамтамасыз ету қызметтеріне, Восход көшесіне жарықтандыру жүйесін орнатуға, Қоссейт ауылы Асық-ата көшесіндегі каналдың арғы беткейіндегі жарықтандыруын ағымдағы жөндеуге, Панфилов көшесіндегі спорт алаңшасын орнатуға және санитарлық тазалау жұмыстарына қаржы бөлдіруге ықпал жасады. Искаков әсіресе ауылшарушылығы мәселесі, жастарды тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша белсенді азамат.