Қарабаев Ержан Қошқарұлы

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Қарабаев Ержан Қошқарұлы
    Мәслихат депутат

    Қарабаев Ержан Қошқарұлы

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Ержан Қошкарұлы еңбек жолын 1996-1999 аралығында Қазақстан кеңшарында күрішші болып бастаған. 2000-2017 жыл аралығында «Қошқар ата» агрофирмасына басшылық қызмет бастаған. 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Сая» фермерлік қожалығының басшысы қызметін атқарып келеді. Ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтың бірі. Мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдетілген жанар-жағар май мен минералды тыңайтқыштарды тасымалдап, шаруа қожалықтарын қамтамасыз етеді. Аудандағы шаруа қожалықтардың көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін төменгі пайызбен несие алу жолдарын ұйымдастырады. Ауыл округінде орналасқан аз қамтылған отбасыларына қаржылай көмек беріп, көпбалалы отбасыларымен мүмкіндігі шектеулі жандарға өз тарапынан әлеуметтік қолдау білдіріп демеушілік жасап тұрады.

    Ауданда беделді, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Өңірдің экономикалы-әлеуметтік дамуына үлес қосып, ауылшаруашылық саласын жақсартуға белсенділік пен кәсібилік танытып, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

    «Аmahat» Партиясының мүшесі. 2016-2021 жылдар аралығында Шардара ауданыдық мәслихатының VI - шақырылымының депутаты болып сайланған. Қазіргі таңда VIIІ - шақырылымдағы Шардара аудандық маслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері