
Райымкулов Берик Абдрасилович
Шардара аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Райымкұлов Берік Абдрасілұлы
Өмір дерек: 1986 жылы 15 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Достық ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.
2004 жылы Достық ауылындағы «Достық» орта мектебін бітіріп, 2005 жылға дейін ауыл шаруашылығында жұмыс істеген.
2005 жылы Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетің «Сәулет және құрылыс» факультетіне түсіп, 2009 жылы университетті бітірген соң 2009-2010 жж аралығында «Базис-А» ЖШС-да, 2010-2017 жж «Корпорация «Береке А» ЖШС-да прораб қызметін атқарған.
2017-2022 жж СК РАОЛ «ИНВЕСТ» ЖШС директоры қызметін атқарған. 2022 жылдан бері «СК РАОЛ «ИНВЕСТ» ЖШС-да жобаның бас инженері қызметін атқарып келеді.
Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Жер Қазына» шаруа қожалығының үлескері ретінде қызмет атқарып келеді. Аудан, ауылдардың таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде және өзінің туған жері Достық ауылының абаттандыру, көркейуіне үлкен үлес қосуда. Жол құрылыс саласының қарқындап дамуына және жол сапасын жақсартуға өз үлесін қосуда. Ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына және қоғамдық өміріне белсене араласып өз үлесін қосып келеді.
Депутаттың жеткен жетістіктері:
- 2019 жылы Түркістан қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Бірнеше рет Шардара ауданы әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған.
- «Сүткент ауылына 80 жыл» мерекелік төсбелгісмен марапатталған.
- Қазақстан мәслихаттарының 30 жыл төсбелгісі.
Депутаттық жолында: Аудандық «Аmanat» партиясының мүшесі. Қазіргі таңда Шардара аудандық маслихатының VIIІ – шақырылымдағы депутаты. 2024 жылы 7 депутаттық сауал жолдап, нәтижесінде Достық, Сүткент ауылдық округтерінің егістік алқаптарда орналасқан ағын су нысандарын (каналдар, қашыртқыларды тазалау, гидротехникалық құрылыстар) қайта құрымдаудан өткізу бойынша, Сүткент ауылдық округіндегі Оспанов және Жанболатов көшелерінің, жастар аллеясын жарықтандырудың электроэнергия ақысына, С.Смайлов көшесі бойын жарықтандыру жұмыстарына, Сүткент ауылы ішіндегі көше бойын абаттандыруға, Достық ауылдық округіне кіре берісіне арка орнатуға, Ш.Уәлиханов көшесіне балалардың спорт алаңшасын орнатуға, Сүткент, Достық ауылдық округтерін санитарлық тазалауға қаржы бөлдірді.
Берік Райымқұлов қоғамдық және саяси қызметі ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Ол қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелеріне белсенді араласып, мемлекеттік саясат пен халықтың мұң-мұқтажын жеткізуде өз үлесін қосып келеді.
Сонымен қатар, оның қоғамдағы беделі мен тәжірибесі депутаттық қызметте үлкен рөл атқаруда.





