
Жамбаев Алмасхан Бекежанович
Шардара аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Өмір дерек: Жамбаев Алмасхан Бегежанұлы 1991 жылы 16 шілдеде Оңтұстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Шардара ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.
2009-2013 жылдары Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өңдеу» мамандығы бойынша бітірген.
2019-2021 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне «Экономика» мамандығы бойынша магистратура бөлімін бітіріп, «Экономика магистрі» академиялық дәрежесіне ие болған.
Еңбек жолын 2013-2017 жылдарда «ЮЖБЭСТПРОЕКТ» ЖШС-де геодезист-инженер болып бастаған. Аталған мекемеде топограф-инженер лауазымынан бастап, 2017 жылдың қыркүйек айынан қазіргі таңда «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.
Жеткен жетістіктері:
- Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл медалімен-2024 жыл.
- Түркістан облыстық мәслихаттының құрмет громатасымен.
- Сайрам ауданы әкімінің «Үздік сәулетші» номинациясы – 2023 жыл.
- Шардара ауданының «Құрметті азаматы» 2024 жыл.
Депутаттық жолында: Жамбаев Алмасхан Бегежанұлы — Шардара ауданың VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты.
Алмасхан Жамбаевтың қоғамдық және саяси қызметі ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Ол қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелеріне белсенді араласып, мемлекеттік саясат пен халықтың мұң-мұқтажын жеткізуде өз үлесін қосып келеді.
Сонымен қатар, оның қоғамдағы беделі мен тәжірибесі депутаттық қызметте үлкен рөл атқаруда.
Шардара аудандық мәслихаты депутаты ретінде 2025 жылы 8 депутаттық сауал жолдап, нәтижесінде Аудандық маңызы бар жолдар мен Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі көшелерін асфальт төсеу және жол белгілерін орнатуға, жарықтандыру мақсатында қаржы бөлуге ықпал жасады.
Қуанқұдық елді мекеніне тас төсеуге және «ОМЕГА» таза су қондырғысын орнатуға ықпал жасады. Шардара ауылында орналасқан "Кәусәр" балабақшасына балаларға ойнау алаңшасын өз қаражаты есебінен салып берді. Сонымен қатар ауыл орталығындағы А.Әлімбетов, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептерінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарын өз қаржысы есебінен жасалған.
Алмасхан Жамбаев жастар мәселесі, білім беру және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша белсенді азамат.





