Базаров Бекарыс Ералханович

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Базаров Бекарыс Ералханович
    Депутат маслихата

    Базаров Бекарыс Ералханович

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Өмір дерек: Базаров Бекарыс Ерелханұлы, 1988 жылы сәуір айының 9 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.

    Алматы қаласындағы «Каспий қоғамдық университетіне» оқуға түсіп, «экономист-қаржыгер» мамандығын алған.

    Алғашқы еңбек жолымды 2011 – 2014 жылдары Шардара ауданы «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің Шардара аудандық юрисконсульті, заңгер-кеңесші қызметінен бастадым. 2018 жылы осы мекемеде бөлімше басшысы болдым, 2018 жылдан бүгінгі таңға дейін «Энергопоток» ЖШС-нің Шардара аудандық өтім учаскесінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Жеткен жетістіктері:

    • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен,
    • Қазақстан электор энергетика салалық Қауымдастығының Құрмет грамотасы, .
    • Түркістан облысы әкімінің Алғыс хаты,
    • Шардара ауданының 55 жылдығы мерекелік төсбелгісі.
    • Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл төсбелгісі.

    Депутаттық жолында: Базаров Бекарыс Ерелханұлы — Шардара ауданың VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты.

    Шардара ауданының қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Қай қызметтің тізгінін ұстаса да, қызметтік жауапкершілігімен қоса адамгершілік ар-ожданын биік қоятын іскер азамат әрдайым халықтың бел ортасында жүрді, халықтың үнін тыңдап, халықтың тіршілігімен тыныстады. Көпшіліктің талап-тілегін құзырлы орындарға жеткізіп, оң нәтижеге қол жеткізу үшін көптеген жұмыстар жасады.

    Бекарыс Базаровтың Әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, мемлекеттік саясат пен халықтың мұң-мұқтажын жеткізуде өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, оның қоғамдағы беделі мен тәжірибесі депутаттық қызметте үлкен рөл атқаруда. Шардара аудандық мәслихаты депутаты ретінде 2024 жылы 6 депутаттық сауал жолдап, Шардара қаласындағы кәріз жүйесі, қала көшелерін жарықтандыру, саябақтырды абаттандыру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында қаржы бөлуге ықпал жасады. Бекарыс Ерелханұлының депутаттық қызметі қоғамның маңызды сұрақтарына жауап табуға бағытталған және оның тәжірибесі ауданымызда заң шығару процесіне оң әсерін тигізіп келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері